«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК
өндірістік оқыту шебері және арнайы пәндер оқытушысы
Нұрмұханбетов Саят Амантайұлы
САБАҚ ЖОСПАРЫ №10
Пәні: Дәнекерлеуші сантехник арнайы технологиясы
Сабақ тақырыбы: Пісіру қосылыстары және жіктер
Сабақ түрі: теориялық
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты |
Білімділік: |
Студенттерге пісіру қосылыстарын үйрету білімдерін артыру денгейін көтеру |
|
Дамытушылық: |
|
Студенттердің ой-өрісін кеңейту, қауіпсіздік шаралары жайлы білімдерін дамыту |
|
Тәрбиелік: |
|
Студенттерді еңбек қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу |
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
А. Көрнекті құралдар: Тақырыпқа байланысты пісіру туралы көрнекі плакаттар.
Б. Негізгі әдебиет: Т.Шакирова,А.Маметсупиев «Газ және электрмен пісіруші» оқулық. «Фолиант» баспасы 2011
Қосымша әдебиеттер: А.Талапов «Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту» кітабы
Сабақты жүргізу кезеңдері
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
- Студенттермен сәлемдесу;
- Студенттерді түгендеу;
- Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;
- Студенттердің назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (5 мин)
Пісіру қосылыстары мен жіктер
ІIІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (30мин)
Пісіру автоматтары - флюстер және пісіру сымдарын доға аймағына беру, сонымен бірге доғаның қозғалыстары механикаландырылған қондырғы.
Ал жартылай автоматты қондырғыда доға қолмен жылжытылады. Флюс астындағы доғаның бірқалыпты жануы үшін үлкен ток керек.
Бірақ, флюс астындағы доға көрінбейді, сондықтан кей жағдайда оны ашықдоғамен алмастырады.
Ашық доғамен пісіру процесінде жентектелген және өзін-өзі қорғайтын сымды, сонымен бірге аралас қорғау әдісін қолданады.
1 - электрод; 2 - электрод сымын беретін роликтер; 3 - пісірілетін буйым; 4 – флюсті спораның түтігі;5 - флюс толтырылатын бункер; 6 - флюс соратын құрылғы
Жентектелген сым. Жентектелген сым жұқа болаттан жасалған түтікшенің іші ұнтаққа толтырылған электрод. Жентектелген ұнтақфлюстің, электрод қаптамасы, қорғашыш газдың ролін атқарып тігісті қорғап, оның сапалы болуын қамтамасыз етеді. Жентектелген сым, көбінесе шлангті жартылай автоматтарда қолданылады.
Қорғағыш газдар. Доғаның жану аймағына инертті газдарды ағынмен үрлеп беріп, пісіруді жүзеге асырады. Қорғағыш газ астында пісіруді балқитын және балқымайтын электродпен жүргізеді. Қорғағыш газ есебінде аргон, гелий, азот, көмірқышқыл газы немесе солардың қоспалары пайдаланылады.
Газбен пісіру кезінде, жылу көзі ретінде газ жалынын пайдаланады. Жанғыш газ ретінде ацетилен қолданылады. Газбен көбінесе мыс, жез, қола, алюминий және т.б. түсті ме- талдармен бірге шойын, қалыңдығы 1.5 мм болаттарды да пісіреді. Оттекті ацетилен газ жалынымен балқытып қолмен және машинамен пісіреді.
Электрлі шлакпен пісіру әдісінде электр тогын өткізетін шлак арқылы ток өткенде, әлгі шлак ериді, сөйтіп көп жылу бөледі. Осы бөлінген жылу металл ернектерін балқытуға жұмсалады. Бұл әдіс доғасыз пісіру деп те аталады.
Бұл әдіспен қалыңдығы 50 мм- ден бастап, бірнеше метрге жететін металдарды да пісіре береді. Электрлі шлакпен пісіру әдісін болаттарды қайта балқытуға, бөлшек құймасын алуға да пайдаланады. өндірісте электрлі шлакпен пісіру процесі автоматтандырылған.
1-пісірілетін буйым өрнектері; 2-флюс; 3-толықтырғыш материал (электрод); 4-балқыған шлакты ванна; 5 - пісіру ваннасы; 6 - салқындатқыш қалыптар
Электрондар сәулесімен пісіру үшін арнаулы қондырғының көмегімен алынған электрондар сәулесімен пісірілетін жер атқыланады. Соның салдарынан пісірілетін жердің температурасы бірнеше мың градусқа көтеріледі. Электрондар сәулесінің пісіру сызығының бойымен қозғалысы арнаулы аппараттар көмегімен орындалады. Сәулені 900 мм қашықтықтағы жерге бағыттап, пісіру бірікпесін алуға болады.
8-сурет. Электрондар сәулесімен пісіру.
1 - электрондар сәулесінің ағыны; 2 - катод; 3 - ток көзі; 5 - анод;6 - бағыттаушы магнит линзалары;7 - вакуумдық камера
Лазер сәулесімен пісіру кванттық генераторлар көмегімен жүзеге асырылады. Сәуле шашатын затты атқылап, одан ұшып шыққан әр түрлі ұзындықтағы сәулелерді (фотон) бір нүктеге бағыттау үшін арнаулы аспаптар пайдаланылады. Лазер сәулесімен кесу және пісіру жұмыстарын дәл орындау керек жерлерге қолданады.
9-сурет. Лазер сәулесімен пісіру.
1 - белсенді зат; 2 – сәулемен атқылаушы қондырғы; 3 – оптикалық қондырғылар кешені; 4- пісірілетін металл
Термитпен пісіру әдісі термит - жентекті жаққан кезде пайда болған қызуды пісіру жұмысына қолданады.
Термитжентек ретінде алюминий мен магний ұнтақтары және темір тотығының қоспасы пайдаланылады.
Плазмамен пісіру - сығылған доғаның жылуымен металды балқытып бірікпе алу әдістерінің бірі. Сығылған доға арнаулы плазмотронда вольфрам электроды мен (1) сопло (5) арасында жанған электр доғасы арқылы өткен инертті газдың иондануынан пайда болады. Сығылған доға ағынының температурасы 50-103 градусқа дейін көтеріледі. Плазмамен пісіру жабдықтарында плазма ағынын алу үшін жоғары жиіліктегі электрлі магниттік өріс тудыратын катушкалар қолданылады.
Плазмамен кез келген металл қорытпалары мен металл еместерді пісіруге және кесуге болады.
ІV. Сабақты бекіту: (37мин)
Пісіру қосылыстары және жіктердің айрмашылығы?
Жіктердің айырмашылығы?
V. Сабақты қорытындылау (8 мин)
- Плазмамен пісіру әдісін көрсетіңіз?
- Лазер сәулесімен пісіру сызбасын сызыңыз?
- Пісіру түрлеріне сипаттама беріңіз?
- Лазер сәулесімен пісіру әдісі қалай жүзеге асады?
VI. Бағалау (2 мин)
Студенттер орындаған жұмыстарына байланысты бағаланды. Бағалағанда жұмысты орындау дұрыстығы, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау ескеріледі.
VIІ. Үйге тапсырма (1 мин)
Пісіру қосылыстары және жіктер
Пән оқытушысы: ________________C.А.Нұрмұхамбетов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі