Өлең, жыр, ақындар

Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
тәрбиешісі Аязбаева Мөлдіp 

 

Ерқанат: Армысыздар қадірменді қонақтар!

Мерей: Қайырлы күн  қадірлі жыр сүйер қауым!

Ерқанат: Табиғат – Ананың төсін еміп, кеудесінде жүгіріп ойнаған қаймана қазақ қашан да от ауызды, орақ тілді ақиық ақындарға, жайсаң жазушыларға кенде болған емес! Нар аунаса жүк қалған, тұлпар аунаса түк қалған киелі мынау дарын шаһарында бүгін тағы да бір үлкен кешімізді өткізбекшіміз.

Мерей: Ақын өлеңімен өрнектелген өнегелі өмірі, жүйрік ой, жүрдек қаламынан туған жалынды жырларына арналып өткізгелі отырған кездесуге қош келдіңіздер!

Ерқанат: «Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артыңда» -деп қазақтың кемеңгер акыны Сәбит Дөнентаев айтқандай бүгін біз қонаққа мектеп – интернатымыздың  түлектері,  қазіргі таңда ауданымызда түрлі мамандық бойынша қызмет етіп жүрген мамандарды, талай жыл өз мамандығының игілігін көріп, халқына қызмет еткен тұлғаларды оқушыларымызбен ой бөлісуге шақырып отырмыз.

Мерей: Олай болса, біздің мектебіміздің түлектері айтыскер ақындарымыз Дәулеткерей Кәпұлы және Серік Қалиев бүгін бізде қонақта.

Ерқанат:

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде шәкірттерің кеңдігін
Арман еткен кеше дарын түлегі
Ақын болды, биіктерге самғады!

Ән «Ассалаумағалейкум» орындайтын Егізбай Аймұрат, Жунисқанов Қуат

Мерей:
Көңілде өткен күннің елестері,
Сырласып құрбылармен тең өскені.
Ән шырқап талай тойды бірге өткізген,
Кездері кеше ғана емес пе еді...
Бәрі де қандай еді сол бір шақта,
Уақыт қалай тез өткен қас қағымда.
Кездері кеше еді ғой жарқыраған
Жұлдыз боп әр ауылдың аспанында.

Ерқанат: Ақын - өз заманының ар-ожданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде ақынның досыда, сенерде  мұңдасыда, берері де, дәрі-дауасы да – поэзия. Біздің де ақындарымыз  мұндай күйден алшақ емес, әр ақынның жан дүниесі бір өлең, ешкімге ұқсамайтын, ешкім түсіне бермейтін сырлары бар. Олай болса ақындар  жырларына кезек берейік.

Ақындар өлеңдерімен: Мағжан, Сымбат, Жанерке, Жазерке.

Айтыс:  ӨЗДЕРІҢ ҚОСАСЫҢДАР 

Мерей:

Үлкендер жолы – ұлылық , демекші біздің де болашақ ақындарымыздың , мектеп – интернатымыздың оқушыларының сіздерге қояр сауалдары бар шығар, соларға кезек берейік...

Оқушылардың сұрақтары:

1. Ақындық жолды таңдауларыңыздың себебі неде?
2. Балалық арманыңыз қандай еді? Және ол орындалды ма?
3. Балаларыңыздың ішінде сіздің жолыңызды қуған балаңыз бар ма?
4. Ең алғашқы өлеңіңізді қашан шығардыңыз? Және қандай тақырыпта?
5. Интернатта басыңыздан өткен бір қызық оқиғаңызды айтып беріңіздер.

Ерқанат:

Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
Сахна төріне мың бұралған биші қыздарымызды шақырамыз «Қазақ биі»

Мерей:

Атыңнан айналайын ҚАЗАҚ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де көресіні  азаппенен...
Осынау байтақ – дарқан  даланының бізге қандай құнмен келгенін біз білеміз, себебі, бұл жер ата-бабамыздан  бізге қалған аманат.( Қуаттың әні ақырын қосыла бастайды.)

Ән: «Аманат» Жунисқанов Қуат

Ерқанат: Айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы мен Серік Қалиев ағаларымызға арналған кешіміз мәресіне де жетті.

Мерей: Құрметті, ақын ағалар біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп,сұрақтарымызға жауап бергендеріңізге  мың алғыс!

Ерқанат: Бүгін сіздермен болған мектептің өнер тарландарына ақылдарыңызды айтып баталарыңызды беріп кетсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз