Маңғыстау обылысы, Мұнайлы ауданы
Маңғыстау-5 елді мекені
№9 «Бәйтерек» балабақшасы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Пирниязова Жұлдыз Базарбаевна
Ана тілі - ең басты байлығымыз. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білуі керек. «Ана тілі - халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» -деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі-оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әл танитын ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз қажет.
Ата-бабаларымыздың тарихы мен шежіресі, түрлі әдеби мұралары бүгінгі ұрпаққа өзіміздің ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
Біздің еліміздің әрбір азаматы қарым-қатынас жасайтын тілін өзі таңдай алады. Себебі Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Елімізде тұратын өзге ұлттың азаматтарыда мемлекеттік тілімізге деген сый құрметі орасан зор болуы керек деп ойлаймын
Мұнайлы ауданында, Маңғыстау-5 елді мекенінде 280 орындық «Бәйтерек» балабақшасында балалардың қазақ тілінде және ағылшын тілінде тілдік дамуларына көп көңіл бөлінеді. Балабақшаның барлық оқу-ұйымдастыру жұмысы, құжаттарды безендіруі мемлекеттік тілде жүреді. 22-қыркүйек тіл мерекесіне орай біздің балабақшада мемлекеттік тілімізге деген құрметпен мектепалды даярлық топтар арасында «Ана тілім - айбыным» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шарамызда балалар ана тіліне арналған өлең шумақтарын оқыды, мақал-мәтелдерін айтты. Мерекелік шара қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде өткізілді. 25-қыркүйек күні тәрбиешілер және пән мұғалімдер арасында «Білгенге маржан» атты сайыс болып өтті. Қазіргі кезде тілдерді үйрену бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, балалармен тілдер әлеміне саяхат жасауға талпынамыз. Балалар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасай алады. Әрқашан Ана тіліміздің мәртебесі биіктеп абыройы арта берсін. Біздің ендігі мақсатымыз бүлдіршіндеріміз қазақи тәрбиелі азамат және азаматшалар болатынына сенемін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі