Мақсаты: отбасындағы қарым - қатынас жүйесін білу, өзгерту, түзету, жеке тұлғаны қоғаммен байланыстыра тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Топтарға бөлу
2. Ассоциация құру
3. " Артық сөзді тап" жаттығуы
4. Сергіту сәті
5. Сұрақ жауап
6." Айнала бір - бірімізге массаж" тренингі
7. Мақал - мәтел
8.Жаттығу " Кемпірқосаққа шығу"
9. Үйге тапсырма
Барысы:
" Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді" - дейді халқымыз. Жерге отырғызғн жа көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтуді, үзбей қарауды керек етеді. Сол сияқты баланы да өзінің кішігірім мемлекетінде,яғни отбасында жан жақты , үйлесімді тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік ортаға араластыру және т.б қарастырылады.
1.Оқушылар топтарының атын таныстырады.
2. Ассоциация құру. ( "мен" , " отбасы" ) 5-минут
3. Артық сөзді тап . Мұнда оқушыларға сөздер сериясы беріледі. Әрбір серия 4 сөзден тұрады, оның 3 сөзі біртектес және оларға тән ортақ қасиет бойынша біріктіріледі де 1 сөзі алып тасталынады.(3 минут)
Сөздер сериясы
1. әке, ана, дәрігер, апа
2. оқушы, радио, парта, дәптер
3. нан, сүт, ірімшік, қаймақ
4. секунд, қол, сағат, минут
4. - Оқушылар, әрбір ата -ана өз баласын жан жақты қалыптастыру кезінде педагогтарға арқа сүйейді. Осыдан келе бірінші балабақшаға, сосын мектепке мұғалім арқылы баласын өзін - өзі тәрбиелеуге , оқуға белсендіреді.
Әрбір бала әр үйдің еркесі, өзіндік ерекшелігі бар. Сендерде бір үйдің еркесі, бірнеше қасиетке иесіңдер. Үйдегі еркелікті, қырсықтықты, бір сөзбен айтқанда жаман қасиеттерді тастап , жақсы болуға тырысу керексіңдер!
Оқушыларға таза ақ парақ үлестіріледі. Ол парақты екіге бөліп сызады. Оң жағына - жақсы, сол жағына жаман қасиеттерін, кемшілігін жазады. (3-минут).
соңына парақты екіге бөліп қияды да , сол жағын умаждап қоқысқа лақтырады.
5. Сұрақтар: Жауаптар:
1- Шаңырақ иесі кім? аға
2- Кімнің алақаны ыстық? әке
3- ....бардың жағасы бар ана
4-...... бардың тынысы бар қыз
5-.....өссе елдің көркі іні
6-Әке, ана, аға, апа.....олар? отбасы
6. " Айнала бір- бірімізге массаж " тренингі
Мұнда оқушылар арқамен келесі оқушыға қарайды. Бір - бірінң арқасына массаж жасалынады.
7. Мақал-мәтел
4 командаға 4 ұяшық берілген.Ұяшықты таңдап, әрбір ұяшықтағы сөздерге сәйкес мақал - мәтел айтады.(5-минут)
Ұяшықтағы сөздер:
1- Оқу, білім
2- Кітап, мектеп
3- Ұстаз, мұғалім
4- Ата-ана, бала
8. Жаттығу "Кемпірқосаққа шығу".
Нұсқау: Орнымыздан тұрып, көзді жұмады және терең дем ала отырып, асықпай кемпірқосаққа шығып бара жатқандай елестетеміз......ал енді демдеріңді шығарған кезде кемпірқосақтан сырғанап түскендей болады.(3 рет қайталанады)
9 Үйге тапсырма
" Мен және менің отбасым" тақырыбына эссе жазу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі