Өлең, жыр, ақындар

Ұлт-азаттық көтерілістердің даму кезеңдері, ерекшеліктері, тарихи маңызы

ОҚО, Созақ ауданы, Таукент кенті
"№24 колледж" МКҚК-ның
мұғалімі: Оразбаева Индира Ерболовна

Сабақтың тақырыбы: Ұлт – азаттық көтерілістердің даму кезеңдері, ерекшеліктері, тарихи маңызы
Сабақтың мақсаты: Ұлт – азаттық көтерілістің маңыздылығы туралы студенттерге жалпы түсінік беру

Білімділік: 1916 жылғы көтерілістің шығу себебін, маңыздылығын, орталықтарын, басшыларын және жеңілу себептерін студенттерге түсіндіру.
Дамытушылық: ХХ ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске талдау жасап, топтамалар арқылы ой-өрісін дамытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге, оқушылардың бойына ұлтжандылық, отаншылдық тәрбие бере отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, тірек сызба, жылдар сөйлейді, венн диаграммасы, Insert әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, интерактивті тақта.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Дүние жүзі тарихы, математика, ағылшын, орыс тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Студенттер зейінін сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау (7 мин). Интерактивті тақта арқылы мағынаны ажырату кезеңі
«Кім жылдам?» ойыны бойынша өткен материалдарды сұрап шығу:
1. Реформа дегеніміз не? (Қоғамдық өмірдің қандай да бір жағын қайта құру, өзгерту, жаңарту.)
2. Реформаның ең басты және негізгі міндеті («қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте - бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру.)
3. ІІ Александр патшаның әмірі бойынша қазақ жерін зерттеп білу сұрақтары қашан дайындалды? (1865 жылдың 5 маусымында)
4. Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ереже қай жылы бекітілді? (1867жылы 11 – шілдеде)
5. Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ережені қай жылы бекітті? (1868 жылы қазанның 21 – інде)
ІII. Жаңа тақырыпты түсіндіру (15 мин).
1. Қозғалыстың себептері.
2. Қозғалыстың мақсаты, сипаты мен қозғаушы күштері.
3. Қозғалыстың басталуы мен басшылары. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі көзқарастар.
4. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы.
5.. Қозғалыстың жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы.
а) Көтеріліске шолу

ә) Көтеріліс болған жерлерді картадан көрсету

Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі.
Көтеріліс басшылары – Т.Рысқұлов, Т.Бокин т.б.
Торғай қақпасы батысы – оңтүстік Оралмен, солтүстігі – Батыс Сібір жазығымен, шығысы – Сарыарқамен, оңтүстігі – Тұран ойпатымен ұштасып жатыр.
Көтеріліс басшылары – Ә.Жангелдин, А.Иманов
IV. Сергіту сәті: (2 мин) «Полиглот ойыны»
1. Ғалымның ................................. өлмейді (хат – письмо – letter)
2. Жазу жазып жалықпаған, жаза – жаза арықтаған (қалам – ручка – реn)
3. Жаман аттан аяғым артық, Жаман ...................... таяғым артық (дос – друг – friend)
4. ...................... пейілді болса, шәкірті зейінді болады (ұстаз – учитель – teacher)
5. Адамды адам еткен (еңбек – труд – work)
Математикалық ойындар
600*3+116= Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс.
4000/ 2-86= Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған жыл.
600*3+118= Петроградтың аудандарында ереуіл болды.
480*3+476= Жарлықтың шыққан жылы.
V. Жаңа сабақты қорытындылау (5мин). 1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілістің барсысын кестеде көрсетілген даталар мен мәліметтерді пайдалану арқылы өзара сәйкестендіру

№ Жылдар Жауабы Болған оқиғалар
1. 1916 ж. 25 маусым Патша үкіметінің жергілікті орындары болыстармен бірлесіп, тізім жасап, қазақ кедейлерін майданға аттандырып жатты
2. 1916 ж. шілде Майданға 19 бен 43 жастың аралығыдағы қазақтар, өзбектер, қырғыздар және Сібірдің басқа да халықтарынан әскерге адам алынсын деген жарлық шықты
3. 1916 ж. шілде Ереуілтөбе деген жерде 14 албан болысының жігіттері өліспей-беріспеуге ант берді
4. 1916 ж. 11 шілде Түркістан қаласының тұрғындары көтеріліске шықты
5. 1916 ж. 1 шілде Жаркент уезіндегі Құрман болысының наразлық манифестациясын өткізді
6. 1916 ж. 8 тамыз Орынбордағы наразылық
7. 1916 ж. 16 тамыз Ақсу жайлауындағы наразылық
8. 1916 ж. 16 тамыз Верныйдағы наразылық
9. 1916 ж. 8 тамыз Әулиеатадағы наразылық

VІ. Жаңа сабақты бекіту (10 мин)

а) Венн диаграммасы

б) Insert әдісі.
Бұрыннан білетінім Мен үшін жаңалық Тереңірек білгім келеді

VІІ. Үйге тапсырма беру және бағалау (4 мин). 1916 жылғы көтеріліс туралы ізденіс жұмыстарымен айналысу. Білімдеріне қарай және сабаққа қатысымына қарай бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз