Өлең, жыр, ақындар

Таулы жерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар

ШҚО Семей қаласы
№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Молдашева Бахытгул Тлепалдыновна 

Пәннің аты:

Дүниетану

Уақыты:

24 .02. 2017ж

Кабинет:  08

Мұғалім: Молдашева Б.Т

Сабақтың атауы

Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары 

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

   1) Таулы жердің ауа райы, ондағы өсетін өсімдіктермен жануарлар туралы мағлұмат беру;

   2) Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу;

   3) Танымдық қабілеттерге дамыту.

   Көрнекілігі: Суреттер, карта, жазбабет, контур, фостер құрастыру

   Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Психологиялық ахуал

Кең дала, көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен

Әне, сол анам еді мені тапқан,-деп Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай, Қазақстан-кең,байтақ өлке. 

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі

   - Балалар, картаға назар аударсақ, қызыл түспен боялған қандай жерлер?

   - Қызыл түспен боялған таулы жерлер.

   - Дұрыс, олай болса біз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат аламыз. Әр оқушының алдында карта тұрады, олар талған тауларды түсіріп отырады.

   1. Алтай тауы.-Солтүстік батыста орналасқан. Алтай тауы түркі тілінен аударғанда  «Алтай» -алтын деген сөзді білдіреді. Ол Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай, кенді Алтай болып бөлінеді.

   2. Сауыр-Тарбағатай тауы. Бұл тауды Шоқан Уәлиханов пен досы Потанин зерттеген.

   3. Жоңғар Алатауы- Оңтүстік шығыста Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Ең биік шыңы –Бесбақан шыңы. Пайдалы қазбаларға өте бай. (жанғыш, тақтатас,қоңыр көмір, вольфрам т.б)  Мұнда «Достық» темір жолы салынған.

   4. Тянь-Шань.  Азия материгіндегі ең ірі таудың бірі. Қытай тілінен аударғанда  «Тәңір шыңы», «аспан тауы»  дегенді білдіреді. Полиметалға бай. Емдік қасиеті бар минералды бұлақтар кездеседі. Бұл тау орыс географы П.П.Семенов –Тянь-Шаньскийдің атымен аталған.

   Таулы жер өсімдіктері: (Тақтадаь таулы жер өсімдіктерінің суреті тұрады.) Көктерек, қайың, тал, терек, қарағай, ұшқат, ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат, жабайы алма, т.б. өседі.

   Таулы жер жануарлары: (тақтаға ілінеді)

   - Балалар, Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанды ненің символы ретінде алды?

   - «Қазақстан-2030» жылдары Орта Азия барысына айналады,яғни біздің мемлекетіміз ең ірі ,алпауыт мемлекеттермен терезесі теңеледі деген.

   - Осындайғы барыс қандай аң және қандай аймақта өмір сүреді деп ойлайсыңдар?

   - Барыс өте епті, жылдам, жыртқыш аң. Ол биік тау құздарын мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен, қазір қорғауға алынды. Барыстың  шапшаңдығы мен ептілігі туралы аңыз, әңгімелер өте көп.

   Арқар - өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп түнейді де, ертеңгісін жайылымға қайта түседі. Сондай-ақ таутеке, марал, ақбөкендер т.б мекендейді. (әр жануарға жеке-жеке сипаттама беру).

   Таулы жер құстары.

   - Таулы жер құстары өте көп. Биік тасты құздарда ұлар тіршілік етеді.

   Ұлар - ірі, түсі тас реңдес сұрғұлт құс. Ол 5-10-нан топтасып жүреді. Олар Қыста тау қуысына топтасып қонақтайды. Олар бірін-бірі жылытып, суықтан қорғайды.

Қозықұмай - ол тік құздарды мекендейтін құс.Қозықұмай еліктің лағы,суыр,арқардың қозықасы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты жануарларға да шабуыл жасайды. Екпіндеп ұшып, оларды қанатымен қағып,құздан құлатады. Бұлардан басқа тау ормандарында бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ  т.б құстар тіршілік етеді.

   Шаруашылықтары. Бұғы шаруашылығы. Омарта шаруашылығы дамыған.

   1.  Мәтінді тізбектей оқыту.

   2. Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру.-Сонымен, біз, балалар бүгін таулы жерде өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлар туралы мағлұмат алдық.

Ширату кезеңі

 Картадан таулардың аттарын тез тауып алу.

Ой толғаныс

    Контурмен  жұмыс жасау.

   1-топқа: Тірек-схема  құрастыру

   2-топқа: Өсімдіктер аттарын түсіру, жаңа сөздер бойынша Қазақстан табиғатына әңгіме құрау.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, мазмұнын айту, таудың суретін салу.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер