Эссе және өлең-жыр байқауы

Билер сөзі – нақылдың көзі

«№121 жалпы орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Турмаханбетова Ғалия

Білімділік мақсат: шешендік өнердің алуан сипаттарын,шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу;халқымыздың даналығының-шешендік асыл қазынасының тәлім-тәрбиелік сипаттарын, ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құнды мұра екендігін таныту; Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би өмірлері жайлы мәлімет беру: сөз астарының мән-мағынасын ашқызу, мазмұнын меңгерту, құрылысын таныту.

Дамытушылық мақсат: оқылған жайға көзқарасын анық жеткізу дағдыларын, мәнерлеп оқу шеберлігін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсат: кемеңгер шешендердің – үлгі-насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, әділдікті ту етіп жоғары көтерген, ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген билер келбетін үлгі тұту, істерін өнеге ету;

Сабақтың түрі: ұжымдық, топтық оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, мәнерлеп оқу, ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,тірек сызбалар, қанатты сөздер, билер суреттері, үш биге байланысты бүктеме,рефераттар.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Амандасу, түгелдеу. Сабаққа психологиялық дайындық жасау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

– Қайырлы таң, балалар! Бүгінгі сабағымызда сендерге жақсы көңіл-күй тілеймін.

«Түрлі байлық бар, солардың біреуін таңдап алуды талап етсе мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тілі байлығы – бәрінен  де сенімді байлық» деп Ғ. Мүсірепов айтқандай, біздің ана тіліміз- байлығымыз, қазынамыз.Сол байлығымызды сақтау, кейінгі ұрпаққа қалдыру – біздің борышымыз. Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар. Ендеше, оқушыларымыздың тілге деген құрметін жүрекке ұялаған өлеңдеріне естіп көрелік.

(Оқушылар қазақ тілі туралы өлең шумақтарын оқиды).

Сыныпты математикалық фигуралар (куб, квадрат, шеңбер) арқылы 3 топқа бөліп алайық.

1-топ «Төле би » ауылы

2-топ «Әйтеке би» ауылы

3-топ «Қазыбек би» ауылы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ұжымдық жұмыс  /сұрақ – жауап әдісі бойынша тексеру/

«Сиқырлы балықтар» ойыны.

1. Шешендік өнер дегеніміз не?
2. Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты?
3. Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде қалай атайды?
4. Риторика ғылымының негізі тарихта қай елден басталған

Топтық жұмыс түрін орындату  /конверттегі карточка столдарына қойылады/  

1-топ. Шешен Шешендік өнердің тарихы.

2-топ. Шешендік сөздердің өзіндік ерекшелігі.

3-топ. «Билер» деп кімдерді айтамыз?

Өткен сабақта біз халқымыз ерекше қадірлеген шешендік сөздермен танысып, сырлы сөз шеберлерінің бірі – Жиренше шешенмен кездескен едік.

Бүгінгі сабағымызға қандай олжамен келгенімізді танытып, ортаға салайық.

(Жиренше шешеннің өмірі мен «Дүниеде не өлмейді?» әңгімесін айту).

Жаңа тақырыпқа шолу жасау. Тақтаға назар аударайық

(саяхатшы, зерттеуші А.Янушкеевичтің сөзін жатқа оқып беру)

Мен қазақ ақынының суырып салма өнерін, асқақтата салған әнін  тыңдап, ерекше әсерге бөліндім, бұдан бірнеше күн бұрын екі ел егесінде шаршы топтың алдында сөз сөйлеген шешендерді көрген едім,сонда мен тумысында Демосфен, Цицерондарды естіп, білмеген жандардың жезтаңдай ділмарлығына таң-тамаша болған едім. Ал бүгін менің алдымда не оқи, не жаза білмейтін ақындар бұлбұлдай сайрап отыр. Жаратқан иесі мұндай өнер берген халық мәдениет әлеміне өгей болуға тиіс емес…

Атақты орыс зерттеушісін таң еткен шешендер мен ақындар сияқты Жиренше шешен айтып кеткен «жақсылар» қатарында бір-бірінен бөле-жара қарауға келмейтін әйгілі Төле,Қазыбек, Әйтеке билерге арналған бүгінгі сабағымызды бастайық.

Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп,
Кім оның жарлығынан мойын бұрған.
Тапқыштық, шешендікпен кім алса, атақ,
Халық соны кетіпті "би" деп атап.

Алдымен "Би" ұғымын қалай түсінесіңдер? Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар?  Би деген кім, қандай болуы керек, биде қандай қасиеттер болуы керек, соны біліп алайық.«Би» деген атаққа әр қатар жан-жақты сипаттама беріп көрейік.

                        қоғам қайреткері                                         сөзге шешен

          БИ          мәмілегер                                         БИ        ақынжанды

                         хан кеңесшісі                                                  кемеңгер

                         заңды жетік меңгерген                                 от ауызды, орақ тілді

Би дегеніміз- халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жаршысы екенін танимыз.

"Ұлы билер өміріне саяхат"топтық жұмыс .

Постер қорғау. Сонымен бірге оқушылар билердің өмірінен мағлұмат береді.

Төле би Әлібекұлы                                                                                                       

-Қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзені бойында Әулиеата маңындағы «Жайсаң жайлау» деген жерде дүниеге келген.
- 1663-1756 (XVII-XVIII)
- Жасынан араб, парсы тілдерін жақсы меңгерген.
- Шығыстың аңыз әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған.
- Әке тәрбиесімен билікке ерте араласқан; Алғыр, тапқыр, әділ болған.
- Әнет бабадан бата алған. Көреген. Толғаулар шығарған.
- «Қарлығаш әулие»,«Бала би» атанған.

Қазыбек Келдібекұлы

- От ауызды, орақ тілді шешен.Ел намысын қорғаушы. Даңқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары қазақ даласына жайылды.
- 1667-1764 (1763) жылдары өмір сүрген.
- Жастайынан ел ісіне араласқан. Кемеңгер би, батыл елші, парасатты мәмілегер.
- «Қаз дауысты» атанған. Ұшқыр қиялды, ұрымтал ойлы, жалынды сөзді азамат.
- Қайсар, батыл, өжет, өткір, жаратылысынан дарынды, хас талант.
- Кіші жүдің биі. Әлім тайпасының руынан шыққан.

Әйтеке би Байбекұлы

- Тәуке хан тұсында (1689-1766 жылдар аралығында) өмір сүрген.
- Қазақ халқының іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан айбарлы би болған.
- Тапқыр,тілмар шешен,кең ой-өрісті,алғыр ойлы,өжет,әділдікті ту еткен
- жүйелі сөзге көп мағына сыйғызған дана.
- шешендігімен, әділдігімен жоңғарлармен ұрыста қол бастаған батыр.

Шешеннен асыл сөз қалар.  Дәптермен жұмыс.

Төле бидің айтқандары:
Қазыбек бидің айтқандары:
Әйтеке бидің айтқандары:

Венн диаграммасы. Бұрынғы және  қазіргі  шешендік   сөздерді салыстыру.

 

Бұрынғы ш.с

Ортақ ш.с

Қазіргі ш.с

Ауызша айтқан

Халықтың қамы

Жоғары лауазымды адамдар айтады

Ақсақал шешен билер

Өсиет сөздер

Лекция, баяндама

Ақыл- нақыл

Көркем тілмен баяндалады

Алдын  ала дайындалады

Сол уақытта шығарылады

Жақсылыққа баулиды

Сот төрағасы шешеді

Дау, таласты билер шешкен

Өмір шындығы

 

 "Кім жылдам?"ойыны

1. Төле би неше жасында дүниеден озды?           (93 жасында)

2. Болмас іске қарыспа,

    Біреуге ор қазыспа

   Жауыздық іске барыспа.  Кімнің нақыл сөзі?        (Төле би)

3. Қазыбек би өзінің мәмілегерлік қызметін неше жасынан бастады? (18 жасынан)

4. Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң болсаң жауға найзаң тисін-деген нақыл сөз кімдікі? (Әйтеке би Орманбет биге арнап айтқан)

5. Үш би қай ғасырда өмір сүрді?                  (ХVIII- ғасыр)

6. Сен - темір де, мен- көмір

Еріткелі келгенмін,- деген кімнің сөзі ?    (Қазыбек би)

7. Қалмақ ханы Қоңтажымен кездескен би. (Қазыбек би)

8. Қазыбекке неге  «қаз дауысты » деген атақ берілді? (Қалмақтың ханы Қоңтажы оның даусының қаздың  дауысындай қаңқылдап щығады екен деп солай атады).

Жаңа тақырыпты бекіту. ( Бұлтшаларға маркермен жазу).

Бүгінгі білгенімізді ортаға салып, «Үш пайғамбар» атанған үш би туралы әңгімелер мен олардың нәрлі сөздерінен алған білімімізге сараптама жасайық.Ел мұңын мұңдаған,халқына қызмет еткен билер бойындағы қасиеттерден оларды тағы кімдер ретінде таныдық?                                                      

* елші, мәмілегер                   * тәрбиеші                               * саясаткер, қоғам қайраткері

* заңгер                                  * ақын                                     * ойшыл, ғалым.

* психолог                             * шешен

Олай болса,«шынайы шешен-жарқын тұлға» демекші,билеріміздің қазақ елі төріндегі жарық жұлдыздардың бірегейлері екендігін де таныдық деп ойлаймын. Жиренше шешен айтқан «жақсылар» біздің рухы күшті аталған шешендеріміз екені даусыз. Ұрпағы – сендер ұмытпай, ұлағатты сөздерін жаттап, айтып жүрсеңдер,олардың аттарының көгімізде мәңгі шырқап тұрғаны емес пе? Мына өздеріңе жақсы таныс ескерткіш-мүсіндегі қияға көз тіккен бабалардың отырысы ел іргесінің мығым екенін аңғартатындай. Осындай төл тілімізде сөз кестесін төгілтіп, әділдікке жүгінген азаматтар арман еткен ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ баянды болғай.

«Жүректен жүрекке»

Бір-бірімізге мына гүл шоғын ұсына отырып, жылы тілектерімізді білдірейік.

Үйге тапсырма беру                                                                                                 

«Шынайы шешен - жарқын тұлға» шағын шығарма – ойтолғау жазу.


Қарап көріңіз

Жүктелуде...

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз