Өлең, жыр, ақындар

Салауатты өмір салтын сақтап жүрміз бе?

Сапаров Қадыржан Асхатұлы

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 8-9 сыныптар арасында өткелі отырған «Салауатты өмір салтын сақтап жүрміз бе?» тақырыбындағы пікір-сайысқа қош келдіңіздер!

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?
Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Шопенгаузердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.
Дені саудың – жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.
Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы. Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай  биік көтер!
Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!
Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!

Олай болса бүгінгі пікір-сайысымызды ашық деп жариялаймын!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңы білімді өрендерге

Ендеше бүгінгі пікір-сайысқа төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырайық.

1........................................

2.........................................

3.........................................

Пікір-сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1)  Таныстыру
2)  Екі топ өз пікірлерін ортаға салып,дәлелдеп шығады,әр топқа 3 мин
3)  Сұрақ-жауап кезеңі
4)  Қорытынды бөлім

-- Ендеше 1 ші бөлім «Таныстыру». Сөз кезегін «Жақтаушылар тобына» береміз (өз топтарын таныстырып шығады)

Сұрақтар:

- Неліктен қазіргі таңда жасөспірімдер зиянды әдеттерге бейім деп ойлайсыз?2
- Қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау барысында қандай шаралар жүргізілуде?1
- Дұрыс тамақтанбаудың салауаттылыққа тигізіп жатырған үлесі қандай?2
- Қоғамымызда салауаттылық сөзінің алар орны қандай?1
- Елімізде ауру-душарға шалдығып, күн көре алмай,түрлі құрылғылармен қозғалып оны емдеуге қаражаты жетпей жатыр.Халықтан көмек сұрап,түрлі шет елдерге барып емделуде.Неліктен деп ойлайсыз?1
- Қоғамдағы жастардың 50 пайызының спортпен шұғылданбауына не себеп?2
- Қоғамда бір адамдар болады, зиянды әдеттермен айналысып қана қоймай,түрлі спортпен де айналысады?1
- Есірткі, темекі,алкаголь,наша сынды қоғамға тигізер зиянды заттардан аулақ болуға қандай қағидаларұсынар едің?1

Баршаңызға рахмет! Сөз кезегін әділ-қазылар мүшелеріне береміз!

Қорытынды

Егемен еліміздің болашағы- жастар. Қоғамда болып жатқан жат, жаман әдеттерден бойын аулақтап, төзімділік, табандылық танытқан, адамгершілік құндылықтарды бағалай білген жанның келешегі кемел, өмірі  мәнді болмақ. Дүниенің қызығы мен тамашасы мол.

Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі жарқын болсын десек, ел болып ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін күресейік. Нашақорлық, ішімдік, темекіден бойларың аулақ ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу жолында салауатты өмір салтын үнемі насихаттай білейік, ағайын.Салауатты болсаң сау боларсың, рахмет!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз