Өлең, жыр, ақындар

Елін сүйген - Елбасы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№18 «Мереке» балабақшасының
тәрбиешісі Қамаш Дузбаева

                                       

№6 «Балауса» тобында ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту.

Тәрбиеші: К. М. Дузбаева

Тақырыбы: «Елін сүйген -  Елбасы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру.

Білімділік мәні: Президент күні туралы ұғымдарын қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық мәні: Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымы мен өмір жолын үлгі етіп, балалардың ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Ту, елтаңба, әнұран.

Жеке жұмыс: Перизатқа рәміздер туралы түсінік беру.

Керекті құралдар: Суреттер, елтаңба, ту, слайд-шоу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мотивациялық  қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену - ұйымдастырушы

 

Шаттық шеңбері:

- Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?  

- Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

- Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?              

- Алақай! деп қолымызды шапалақтап қуанамыз.

- Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз?

- Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты.

- Төменнен жерді, шөптерді, гүлдерді, суды көреміз.

- Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге және сабағымызға келген қонақтарға сәлем берейік.

Шеңберге тұрады:

- Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Елін бастаған – Елбасы» 

- Балалар, барлығымыз бірге әнұранды орындаймыз.

- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз. Дүние жүзінде 9-шы орында. 

- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

- Біздің елбасымыз кім?

- Ия, балалар, біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.  

Ал Нұрсұлтан атамыз қандай болған?

Оны білу үшін теледидарға назар аударайық. (Теледидардан Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзі қойылады).

Саяхат. Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу үшін балалар, жұмыс жасаған қалаларға саяхат жасайық. Қане барлығымыз ұшаққа отырамыз.

- Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз Қарағанды қаласында бастаған.

Осы Қарағандыда не бар?

Кенші атаның ескерткіші орналасқан бұл қала көмірге бай.

- Қазір балалар Елбасымыз қай қалада тұрады?

- Бұл қала біздің елордамыз.

- Ал Астанада не бар? 

- Ия, байтерек, ақорда, т.б. бар.

- Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов. ҚР Мемлекеттік әнұраны сөзін жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. – Жарайсыңдар балалар, шаршап қалған болармыз. Сергіту сәтімен бірге сергіп алайық. 

Сергіту сәті: 

Балалар слайдтағы балалармен біге «Қазақ жігіттері» әніне билейді.

– Балалар елбасымыз, Отан туралы кім тақпақ айтып береді?

Сабира: 

Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз  
Шешімдері болмайды.                                                     

Балсара:   

Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.                                                            

Айназ:

Мұндай шаттық сыйлаған,
Ұлттың бәрін жинаған.       
Құтты болсын мерекең
Елбасымыз Нұр ата.

 – Жарайсыңдар балалар.

Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Бәріміз бір үлкен жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.

 

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып, бір–біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әнұранды орындайды.

 

- Қазақстан Республикасында

 

- Елтаңба, Көк ту, Әнұран. 

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол президент.

 

 

 

 

 

- Көмір

 

 

- Астанада

 

- Бәйтерек

Күтілетін  нәтиже:

Білуі  керек: ҚР Мемлекеттік рәміздерін, президентін, оларға сипаттама беруді  біледі.

Игерді: Еліміздің рәміздерін құрметтеуді, сұрақтарға жауап беруді біледі.

Меңгерді: Патриоттық сезім болуы керек.


Пікірлер (2)

Гулсезим

Рахмет.енбектериниз жана берсин

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз