Өлең, жыр, ақындар

Аппаттық жағдайдың түрлері және оның сипаттамасы

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Еңбекті қорғау пән оқытушы
Хоханова Гульмира Джумабаевна

Сабақтың тақырыбы: Аппаттық жағдайдың түрлері және оның сипаттамасы

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік: Аппаттық жағдайдың түрлері туралы мағлұмат беру

б) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, топпен бірлесе жұмыс істеуге талапты, өз ойын тұжырымдауға, топтың ой-пікірілерін тындауға, еңбекшіл болуға тәрбиелеу.

в ) дамытушылық: Әрбір оқушының ой-өрісінің терең дамуына ықпал ету, өз бетімен ойлануға, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Көрнекілік:  Интерактивті тақта, слайд, оқулық стенд.

Пәнаралық байланыс: Еңбекті қорғау және экология негіздері, құқық

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақ барысы

I  Ұйымдастыру бөлімі

1. Оқушыларды тексеру.
2. Оқу-құралдарын түгендеу

II  Үй тапсырмасын тексеру.

1. Қауіпті фактор дегеніміз не?
2. Зиянды фактор дегеніміз не?
3. Қайғылы жағдайға әкелетін факторлар?
4. Жазатайым оқиғаға әкелеп соғатын негізгі себептер?
5. Қайғылы оқиға болғанда қандай құжат толтырады?

III Үй тапсырмасын қорытындылау.

IV  Жана сабақ түсіндіру

Жоспар: 

1. Аппаттық жағдайдың түрлері
2. Қолданылатын заңдар.
3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
4. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары

1. Аппаттық жағдайдың түрлері

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше  жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – үлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ – өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.

Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

2. Заңдар:

- «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР Заңы 03.04.2002ж. №314

- «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»  ҚР Заңы 05.07.1996ж. №19-1

3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары.

ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.

ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

4. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары

Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:- «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.

Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.

ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.

V. Жана сабақты бекіту.

І. Студенттердің пікіріне қосыла отырып, сабақты тірек сызба арқылы қорытындылау

ІІ. Сұрақтар:
1. Төтенше жағдай дегеніміз не?
2. Зілзала дегеніміз не?
3. Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына не жатады?
4. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР Заңы қай жылы қабылданды?

VI Үйге тапсырма   
1. «КазМұнайГаз» БӨ АҚ Мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік. Астана:»КазМұнайГаз» БӨ АҚ, 2008 9-16 беттер
2. Куцын П.В. « Охрана труда в нефтяной и газовой промышленности» М. «Недра» 1987
3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т  «Экология»  Алматы Экономика 2002 284-302 беттер


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз