Өлең, жыр, ақындар

Ана аса қымбат жан

ГККП "№ 4 Ветерок балабақшасы"
Тәрбиеші: Досова Мадина Сапаралиевна

Залға музыкамен,әндетіп көктем кіреді:

1-көктем : -Сәлеметсіздер ме құрметті көрермендер! Ата-аналар және әріптестер!

2-көктем: -Қайырлы күн бүгінгі кешті тамашалауға келген көпшілік!

Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Айдын көлді арала!

1-көктем: - Біз бүгін өзімізбен бірге өзіміздің сүйікті гүлдеріміз бен күндерімізді ала келдік!

2-көктем: - Қарсы алыңыздар!

(Залға балалар кіреді)

2-көктем: - Құрметті ата-аналар! Көктеммен бірге келген алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар мерекесі құтты болсын дейміз!

- Ал гүлдер мен күндер бізге қандай сый дайындап қойдыңдар!

Ән: «Көктем келді» хормен.

Қоңырау дыбысы естіледі.

- Балалар бізге кім келе жатыр екен?

- Білмейміз, ешкім көрінбейді.

Перденің арғы жағында үсті лас,көңілсіз «үйдің елесі» (Кузя) келеді.

- Балалар, сендер қандай бақыттысыңдар! Сендердің аналарың бар, сондықтан үстілерің тап-таза. Менде ана жоқ, ботқа пісіріп беретін де ешкім жоқ. Маған өздеріңнің аналарыңдай ана тауып беруге қалай қарайсыңдар?

Балалар: - Иә, тауып береміз.

Тақпақтар

Көркемай: Құтты болсын аналар күн мейрамы,
Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.

Анель: Ана біздің күнімі1з,
Ана біздің гүліміз,
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Талант: Өмірдің иесі сен ғазиз ана
Келтірген дүниеге нелер дана,
Анасыз батырда жоқ,ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сендер ғана.

Зулхая: Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең,
Ананың махаббаты  қаусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Тахирмирза: О Анашым таянышым ,тірегім,
Бар бақытты бір басыңа тіледім,
Мен жақсы болса екен деп қашан да,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Ән:  «Анаға сыйлаймыз»
«Көктемді сипаттау»

Алдияр:  Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз

Эмиль: Әлпештеген баласын,
Ана бақыт,ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
 

Айшат:  Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен,
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті жан барма екен.

Дамир: Наурыз ана күні,әлем күні
Әлемді тебірентер ана үні,
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Би: «Гүлдер»

Орындайтындар: Көркемай, Арайлым, Тамила, Айшат, Анель, Көркем, Айару.

Қоңырау дыбысы естіледі, залға музыкамен әжей кіреді.

- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қоңырау үшін естіп осында келдім. Бұл қандай мереке?

Балалар: - Көктем мерекесі

- Аналар мейрамы.

- А-а-а, солай екен, ғой, олай болса маған әндерің мен тақпақтарың болса айтып беріңдер, тыңдайын.

Омар: Менің әжем - гүл әжем
Алтын әжем күн әжем,
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі - Әжем.

Тамила: Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Диас: Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам ай мамам
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің әрқашан.

Әмина: Анам мені сүйіктім,
Тек өзіңе табынам,
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасам сағынам.

Арайлым: Сенен өскен балалар,
Батырлар да даналар,
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.

Жансая: Мен анамды жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем,
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап-күлем.

- Балалар қандй жақсы баласыңдар. Менің құрақ көркем бар еді, соны құрау үшін көмектерің қажет болып тұр.

Ойын: «Құрақ көрпе»

Көркем  сөз оқу: «Анаға арнау», Оқитын: Айгерім, Каусар.

Ән: «Анама», Орындайтын:Арай

Көкем: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған,
Үлкен-кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Әли: Келді көктей күнім
Күлімдейі гүлің
Алтын ойлы анам,
Мерекеңіз бүгін.

Айшуақ: Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге,
Шашырайды шуағы,
Үйімізге кіргенде.

Ержан: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай,
Құлпыра өсіп келем мен,
Құшағыңда қысылмай.

Вильдан: Аялаған, саялаған,
Бар бақытым берекем,
Анатайым құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.

Айбек: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым,
Тақпақ айтып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Би: «Өзбек биі»,Орындайтындар:  Талант, Айшуақ, Дамир, Али, Кәусар, Арай, Айгерім, Аймир, Жансая, Амина, Зулхая, Вильдана.

Жібек:  Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам,
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.

Нұржас: Ана деген асыл сөз,
Ана деген ғаламат,
Жер бетінде анаға,
Табынар барлық адамзат.

Әмина: Әр сөзіңді жаттағанмын
Жүрегімде  сақтағам
Анашым де мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Айару: Дүниеде ең кемеңгер ананы,
Ана тауып аялайды бағады,
Сол үшін дке құдіетіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.

Аймир: Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз,
Биік болсын жұлдызыңыз,
Бақыт қонсын басыңызға,
Қолдап жүрсін тәңіріңіз.

Арай: Бесік жырын өмірімді күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырғам,
Асыл ана құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

Кузя мен әжейді шығарып салу.
Ойын: «Биге шақыру»
Ата-аналарымен ойын «Сөйлем құра»
Жылы лебіздерін айтып аналарына сыйлық беру!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз