Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
№4 жалпы білім беру орта мектебінің жанынан ашылған
"Құлыншақ" шағын орталығының
тәрбиешісі Досанова Дамила Карабаевна
1. Амирхан: Абылай - сен білесінбе, бүгін аналар мерекесі.
2. Абылай: Ия, білемін, бүгін 8 наурыз.
3. Екеуі бірге: Аналарымызға не сыйласақ екен? а
4. Дінислам жүгіріп келіп: Мен ойлап таптым. Аналарымыз үшін концерт ұйымдастырайық!
5. Барлығы: Ақыл,табылған ақыл! Кеттік достарымызды шақырайық! Аналарымыз үшін той тойлайық.
Әуен: Топ балалары оң қолдарына гүл ұстап, кіреді.
Жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
Ұйтқысы жанұяның берекесі,
Аналар, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан аналар аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Ұлданай:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Амирхан:
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар!
Айзере:
Әлпаштеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймын.
Б.Айару:
Аналар өмір жүрегі,
Балалар оның тірегі.
Өмір бойы аймалар,
Анамызды сүйеміз!
Жанарсын:
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Фариза:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз
Ән: "Ақ мамам"
Жүргізуші: Қазір біз ата- аналар сіздерге «Қызыл телпек» ертегісін ұсынамыз.
Жүргізуші Ақниет: Ерте–ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Оны Қызыл телпекті қыз деп атапты. Анасы оған бір күні:
Анасы Айзере: Қызым, әжеңе барып, денсаулығын біліп, мына бәліш пен майды апарып бер. Тек орманда абайла, еш жерде кідірме және ешкіммен әңгімелеспе.
Ақниет: Қызыл телпекті қыз әжесінің үйіне кетеді. Ол анасының айтқанын ұмытып, орманға қарай бұрылады. Келе жатып орманда айнала ұшып жүрген көбелектерді көреді. Көбелектермен ойнағысы келіп олармен би билейді.
Жүргізуші. Би"Көбелектер"
Ақниет: Қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр Әмір: Қызыл телпек, қайда барасың?
Қызыл телпек Қарақат: Мен әжеме барамын. Оған бәліш пен май апарып беремін.
Қасқыр Әмір: Әжең қайда тұрады?
Қызыл телпек Қарақат: Әжем орманның ар жағында тұрады.
Қасқыр Әмір: Жарайды. Онда мен де сенін әжеңнің ауылына барып қайтайын. Қал жағдайын білейін. Ондай болса екеуіміз жарысайық. Сен болсаң ана жолмен бар, ал мен мына жолмен барамын.
Ақниет: Қызыл телпек ұзақ жолға түседі. Ол жолда гүл теріп жүреді, ал Қасқыр ауылға барады.
Әжесі Айару:Бүгін Қызыл телпек келуші еді. Әлі жоқ. Неге кешігіп жатыр екен? Есік қағылады.
Әже Айару : Бұл кім?
Қасқыр: Мен Қызыл телпекпін.
Әжесі Айару: Жіпті тартсаң есік ашылады.
Қасқыр кіріп отырады.
Әжесі Айару: Құлыным сен келдің бе? Қалың қалай? Құлыншағым сенің көзің неге үлкейіп кеткен?
Қасқыр Әмір: Сені жақсы көру үшін.
Әжесі Айару: Ал құлағың неге үлкейіп кеткен?
Қасқыр: Сені жақсы есту үшін әжетай.
Әжесі Айару: Ал тістерің неге үлкейіп кеткен?
Қасқыр: Сені жеу үшін.
Әжесі Айару: Болмайды, болмайды!
Қасқыр: Неге олай?
Әжесі Айару: Өтйкені мен жалғыз емеспін. Менің достарым, балалар бар. Олар, мықты, ештеңеден қорықпайды. Ызаланба, ашуланба, бүгін мереке ғой.
Қасқыр: Қандай мереке?
Жүргізуші: Бүгін 8 наурызмерекесі. Біз бүгін аналарды құттықтау керекпіз.
Қасқыр: Ал мен болса, құттықтай алмаймын,ештене де істей алмаймын.
Жүргізуші: Уайымдама Қасқыр мырза! Біз саған көмектесеміз. Қәзір сенің достарың келеді.
Айнұр:
Көжек шығып жан – жағына қарайды.
Сен қайдасың мама, қайда кеттің,
Сені таба алмай тұрмын.
Сенен озып секіріп,
Жолымды таба алмай қалдым.
Белгісіз қайда қалғаным,
Сені жоғалтып алдым. (жылайды)
Ұлданай:
Музыкамен түлкішек шығады.
Мен қасқырдан да, аюдан да қорықпаймын,
Шығыңдар бәріңмен де күресемін.
Мен енді ешкімненде тығылмаймын
Өйткені мені қорғайтын анашым бар.
- Көжектің қасына келеді.
- Көжек – ау, көжек сен неге жылайсың?
Көжек Айнұр: Мен анамды жоғалтып алдым
Түлкішек Ұлданай: Сенің анаң қандай еді?
Көжек Айнұр: Ол ма, ол, ол сондай әдемі, сұлу.
Түлкішек Ұлданай: Сен өтірік айтасың, ең сұлу ол менің анам, нанбасаң қара әне! (қолымен артын көрсетеді) Көңілсіз дауыспен:
Ой менің анам, қайда. Қалай мен оны жоғалтып алдым, енді не істеймін, енді не істеймін. (жылайды)
Аюдың жүрісіне арналған музыка ойнайды:
Көжек Айнұр: Тыныш, тыныш, есітіп тұрсың ба? Осында біреу келе жатыр. Мүмкін қасқыр шығар, мен онан қорқамын, тез, тез тығылайықшы.(екеуі шыршаның артына тығылып қалады)
Музыкамен қонжық Абылай келеді.
Қайда менің мейірімді анам
Менімен бірге неге ол жоқ
Мына орман қап-қараңғы , тып –тыныш
Құлпынай теріп жүріп, анамнан адасып қалдым,
Енді не істеймін, енді неістеймін.
(қонжық жан- жағына қарайды, шыршаның қасына келеді)
Қонжық Абылай: Әй кім бар бұл жерде! Біреулер тығылып отырма өзі.
(көжек пен түлкішек сығалап қарайды)
Ау, ау бұл сендер ме, көжек пен түлкішек.
Бұл жерде не істеп отырсыңдар?
Көжек пен түлкішек бірге: Біз анамызды жоғалтып алдық.
Көжек Айнұр: Біз анамызды іздеп жүрміз.
Түлкішек Ұлданай: Ал сен өзің не істеп жүрсің?
Қонжық Абылай: Мен де анамды жоғалтып алдым, менде іздеп жүрмін. Ал, сендердің аналарың қандай өзі?
Көжек Айнұр: Менің анам сондай сұлу, әдемі.
Түлкішек Ұлданай: Ал, менің анам бәрінен де сұлу.
КөжекАйнұр: (аяғымен тепкілеп) Жоқ, жоқ менің анам әдемі, менің.
Түлкішек Ұлданай: (аяғымен тепкілеп) қайдағы сенің анаң, менің анам әдемі, сұлу.
- Менің анам
- Менің анам……………….
Қонжық Абылай екеуін айналып жүгіріп жүреді, қойыңдар, қойындар не болды сендерге, (аяғымен жерді бір теуіп) тоқтаңдар, дүниеде ең сұлу, ең ақылды ол аналар емес пе, онанда оларды тауып алайық.
Көжек Айнұр: Жоқ менің анам сұлу дедім ғой менің анам.
Түлкішек Ұлданай: Менің анам дедім ғой менің анам.
Музыкамен бәрі бірге жерді тепкілеп шуласады.
Ішке жүгіріп тиін келеді.
Ой мен сендерді қайда жүр десем, көжек, түлкішек, қонжық та осында екен ғой.
Тиін Айару:
Сендерді аналарың іздеуде,
Таба алмай безілдеуде.
Асығыңдар, асығыңдар,
Тез арада табысыңдар.
Аңдар бірге: Алақай, алақай анамызды таптық, рақмет саған тиін.
Түлкішек Ұлданай: Демек біздің аналарымыз бізді бірге іздеп жүрген екен ғой. Жақсы болды, енді бірге қуантамыз.
Көжек Айнұр: Әрине анаң қасыңда болса көңілдісің, бақыттысың. Тезірек анамды көргім келіп тұр.
Қонжық Абылай: Өзім бірінші алға түсіп анамнан кешірім сұраймын, Ол да мені кешіреді деп ойлаймын.
Бәрі бірге:
Біз әр кез анамызды ренжіттік,
Анасыз күн жоқ екенін енді білдік.
Енді ешқашан анамызды ренжітпеуге уәде бердік.
Тиін Айару:
Еркелесек, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Жылытқан бізді жүрегімен,
Мейірімді жан тек сен деймін.
Көжек Айнұр:
Анашым, ақ таным
Ақ сүтін ақтаймын
Жүректе атыңды
Тұмардай сақтаймын
Қонжық Абылай:
Анашым жүрегім,
Өмірлік тірегім
Аман боп жүрші тек,
Алладан тіледім.
Түлкішік Ұлданай:
Өмірде мынау ең жақын,
Аяулы сенсің анашым.
Болмаса да мейлі зор даңқың,
Мен үшін бірақ данасың
Жүргізуші: Мінекей осындай оқиғалар аналарын тыңдамайтын балалардың арасында да кездеседі. Бұндай балалар біздің арамызда жоқ деп ойлаймын, солай ма балалар.
Балалар: Ия, біз аналарымызды тыңдаймыз.
Жүргізуші: Ал, қазір біздің ер балалар аналарын қорғайды. Бізде осындай керемет сарбаз жігіттер де бар. Қане сарбаздар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Би: «Сарбаздар»
Жүргізуші:
Сенің анаң асыл адам,
Сондықтан сен мақтан балам.
Ана сүтін ақтау үшін,
Алға ұмтыл қыз бен балам.
Аяулы аналар өздеріңіздің сүйікті балаларыңыз сіздерге арнап тақпақтар айтады.
Сая:
Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ғалымжан:
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
М.Айару:
Бесіктерін әнімен,
Тербетуде аналар.
Жасай берсін әнімен,
Жер бетінде аналар.
Жолдас:
Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңіз зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.
Ақторғын:
Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышты мерекең.
Руслан:
Мен өмірге келгенде,
Ақ сүт берген анашым.
Әсем әнмен тербеткен,
Сәбиіңнің санасын.
Дінислам:
Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын жадыраған,
Қуанышты берекең.
Сезім:
Көктем келді жадырап,
Күн нұрымен таласып.
Жайнай берші жарқырап,
Жаны жайсаң анашым!
Нұрай:
Көктем келді алақай!
Көктеп жатыр даламыз.
Біз бақытты балақай,
Мәңгі жүрсе анамыз!
Азиз:
Көктем келді балалар!
Асыр салып ойнайық,
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Анамызды сыйлайық!
Айқын:
Көктем келді, балалар
Жердің беті жанарар
Ақ сүт беріп өсірген
Аман болсын аналар!
Жүргізуші:
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін .
Келесі " " ән сіздер үшін
Бекарыс:
Менің анам аппақ,
Кәмпит берсе тәтті-ақ
Күні бойы тынбастан
Үйретеді тақпақ.
Айдын:
Менің анам ақылды
Тарап берді шашымды
Қалтасы бар әдемі
Шалбарды да сатып әперді.
Қарақат:
Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман есен жүр әжем.
Айзере:
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Ақниет:
Менің әжем – гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана – тілі әжем!
Абылай:
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі
Жүргізуші:
Талантты ғып тапқан анам,
Мен кіммін деп мақтана алам
«Ана сүтін алдамастан,
Адам бол» – деп баққан анам
Менің анам асыл адам.
Құрметті асыл аналар, осы қуанышты күні сіздерге дендеріңіздің саулығын, шаңырақтарыңызға ырыс байлығын тілей отырып, сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті, намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.
Осымен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі