№2 "Қуаныш" балабақшасының
тәрбиешісі Ержан Индира Ақылбекқызы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Оку қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты:
1. Танымдылық: Балалаларға жыл мезгілдерінің ерекшеліктерімен қоршаған әлеміндегі табиғат құбылыстарымен таныстыру, табиғат құбылыстарын қағаз бетіне бейнелеу арқылы сурет салудың әдіс-тәсілдерін үйрету.
2. Дамытушылық: Балалардың ой-қиялдарын дамыту; өзін басқа заттың немесе тірі жанның орнына қойып сезіну іскерліктерін дамыту. Дұрыс сұрақ қоюға және сұрақтарға толық жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру. Мазмұнды суреттер бойынша қиял- ғажайыптарды елестетіп, суретті жалғастыру іскерліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатқа мекендеушілердің өміріне қызығушылыққа және суретті ұқыпты бояп, іс-әрекетті дұрыс орындауға тәрбиелеу; Табиғатқа қамқорлық сезіммен қарауға баулу.
Алдын ала жұмыс: Ауа-райын бақылау, жыл мезгілдер туралы көркем сөздерді жаттау, әңгімелесу.
Қолданылған техналогиялар: Триз технологиясы, монтессори техналогиясы, ұжымдық жұмыс.
Көрнекіліктер: Айналаны қоршаған әлемнің үлгісі және жыл мезгілдерінің суреті, сиқырлы экран, сиқырлы қорапша, ғажайып алаң, алдын ала дайын жапсырылған сурет, су бояқ, сулы майлық,құрғақ майлық.
Сөздік жұмыс: Көңілді «Жыл мезгілдері».
Билингвальды компонент: Жыл мезгілдері-времена года, қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.
Оқу қызыметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
1 Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, күлімдеген күндейміз Еш уайымды білмейміз, Қайырлы таң, балалар! Қайырлы таң, апайлар! Ауа-райын бақылау: Тәрбиеші: Балалар, оқу қызыметімізді бастамас бұрын ауа-райын бақылаймыз.Қолымдағы сиқырлы қорапшаны пайдалану арқылы әр-қайсысымыз ішіндегі кез келген суретті алып ауа-райын бақылай аламыз. Тосын сый: (есікті тоқылдатып жыл мезгілінің бақылаушы ханшайымы кіреді) |
Шеңберде тұрып, қайталайды, қимылымен көрсетеді.
Балалар сиқырлы қорапшаның ішінен суреттерді алып әр түрлі бейнелерді айта отырып, ауа-райын бақылайды.
|
2. Ұйымдастыру – іздестіру
|
Б.х: Сәлеметсіңдер ме балалар! Б.х: Балалар, мен жыл мезгілінің бақылаушы ханшайымымын. Әр жылда, жыл мезгілдерін ауыстырып бақылап отырамын. Балалар, мен сендерге арнайы қонаққа келдім. Сендердің білімдеріңді тексергім келді. Тәрбиеші: Жыл бақылаушы ханшайымы, төрлетіңіз. Біз жыл мезгіліне жеке-жеке тоқталып өтеміз. Балалардың білімін тексерсеңіз болады. Осы сәтті пайдаланып,алдымен балалармен сізге сиқырлы экран арқылы көңіл күй сыйлаймыз. - Балалар, біздің тақырыбымыз жыл мезгіліне байланысты болмақ. Яғни бүгінгі тақырыбымыз "Жыл мезгілдері" Сөздік жұмыс: "Жыл мезгілдері" сиқырлы экран Тәрбиеші: Балалар, сиқылы экранға назар аударайық. Сендердің де көңіл-күйлерін бүгін қуанышты, жақсы болсын дегім келеді. (Балалардың назарын сиқырлы экранға аударып, қоршаған әлемнің суреттеріне көңіл бөліп қызықты суреттерді сұрақ- жауап арқылы әңгімелейді). - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінің жаман жағы қандай? - Ал жақсы жағы қандай? - Қыс мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі болады? - Көктем мезгілінің жаман жағы қандай? - Ал жақсы жағы қандай? - Көктем мезгілінен кейін қандай мезгілі болады? - Жаз мезгілінің жаман жағы қандай? - Ал жақсы жағы қандай? Билингвальды компонент: Жыл мезгілдері-времена года, қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень. - Ал, балалар, енді біз қыс мезгіліне байланысты шығармашылық саласын орындайық. - Менде бір таныс суретші адам бар. - Ол бізден көмек сұрайды. Суретші қыс қызығы суреттерін салғысы келіп, суреттерді бастады, бірақ аяқтаған жоқ. Біз өткен оқу қызметінде дәстүрден тыс суреттердің қандай түрлерін қолдандық? - Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше біз, суретшіге көмектесе отырып дәстүрден тыс сурретті пайдалану арқылы тіс щеткасы және мақта оралған таяқшаны пайдаланамыз. (тәрбиеші балаларға жасалу жолдарын толықтай түсіндіреді). Жұмыстарын аяқтаған соң, не салдың деп, сұрақ қойып, балалар жұмысын әңгімелету. - Жарайсыңдар балалар, сендер суретші аяқтамаған жұмысын сендер аяқтап бердіңдер. Сендер шаршаған шығарсыңдар, бойымызды бір сергітіп алайық. Сергіту сәті: «Көңілді әуен» (әуен ойналады, балалар тәрбиешімен бірге іс-қимылдар жасайды) - Жарайсыңдар балалар, бәріміз орнымызға жайғасайық. - Балалар, қыз мезгілінен кейінгі көктем мезгіліне байланысты бақылаушы ханшайым сендерге жұмбақ жасырғысы келіп отыр. Жұмбақты шешуге дайынсыңдар ма? Жұмбақтар: 1. Күн ұзарып қар еріп, 2. Көлігі жоқ көшеді, 3. Көтеріліп теңізден, 4. Жылт-жылт етеді - Жарайсыңдар балалар! -Балалар, бәріміз тақтадағы суретке назар аударайық. Бұл сурет өте көңілсіз болып тұр екен. - Бұл суретке не жетіспейді екен? - Дұрыс айтасыңдар, балалар! - Ендеше балалар, біз бұл көңілсіз суретті дайын қиылған ұсақ суреттерді әр қайсысын өз орнын тауып жабыстырайық. - Енді, балалар,біз жабыстырған жаз мезгілі бейнеленген сурет көңілді болып шықты ма? - Бұл қай мезгіл? - Өте дұрыс айтасыңдар! - Балалар,мына суреттегі бейнені қараңдаршы.Қай мезгілдің суретіне ұқсайды? - Ендеше балалар,кім күз мезгілі туралы тақпақ айтады? - Өте тамаша,балалар! -Балалар, біз, бағанадан бері жыл мезгілдерін атадық, олардың жақсы жаманын айыра білдік. - Енді мен сендермен сол жыл мезгілдері туралы ойын ойнағым келіп тұр. Бұл ойынның аты"Ғажайып алаң" деп аталады. (тәрбиеші балаларға ойынның шартын түсіндіреді.) - Бақылаушы ханшайымы, біздің балалардан қандай әсер алдыңыз? Б.х: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге келіп көптеген жақсы әсер алдым. Сендер барлығын біледі екенсіңдер. Қойылған сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Әр жыл мезгілдерін қалай болатынын, суық-жылуын айыра білдіңдер. Көңілсіз суретті де көңілді етіп шығара білдіңдер .Жыл мезгіліне байланысты тақпақ және жұмбақты шеше білдіңдер. Өзіммен бірге сендерге әкелген арнайы сыйым бар. (Бақылаушы ханшайым балаалрға мадақтап сыйлықтарын таратып береді.) Енді рұқсат болса қайтайын. Сау болыңдар балалар! |
- Сәлеметсіз бе! Балалар сиқырлы экранға назар аударып, ондағы әр түрлі суреттерге әңгіме құрап тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. - Жыл мезгілдері.
- Қыс мезгілі. - Суық, тоңамыз т.б - Далаға аққала жасаймыз, шана тебеміз. - Көктем мезгілі. - Жер балшық болады т.б - Күн жылына бастайды т.б - Жаз мезгілі. - Күн ыстық болса басымызға күн өтеді. - Суға түсеміз, тауға шығамыз т.б - Жыл мезгілдері: времена года, қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.
-Тіс щеткасымен, бастырмамен,жіппен,май шаммен. Балалар басталған суретті тіс щеткасымен және мақта оралған таяқшаны пайдаланып су бояқ арқылы әр түрлі түспен бояп шығады. Балалар бояған суреттеріне назар аударып, не бояғанын және нені қолданғанын айтып береді.
Балалар әуен ырғағымен іс-қимылдар жасайды.
- Иә, дайынбыз.
- Көктем. - Бұлт. - Жаңбыр - Ағын су.
- Жәндіктер, ағаштар, гүлдер, көбелектер, құстар, бұлттар, күн. Балалар дайын ұсақ суреттерді әр қайсысын өз орнына жабыстырады. - Иә, көңілді болып шықты. - Жаз мезгіл. - Күз мезгіліне ұқсайды. Іңкәр: Жемісі мол теретін Әлібек: Сары ала тон жамылған Күз атамыз секілді Қойны толы дәмді нан. Тәттісі көп не түрлі. Төрт баладан ойын алаңына шығып ондағы ғажайып алаңның белгіленген жерде тұрады. Әуен ойналады, балалар дөңгеленген ғажайып алаңынан айналып жүгіреді. Онда төрт мезгілдің суреттері болады. Әуен тоқталған кезде балалар да тоқтайды. Балалар қай суретке тоқталады сол суретке қарап, ненің суреті және неге байланысты екекнін әңгімелеп береді. Балалар ойынды қызықты өткізеді. - Сау болыңыз! |
3. Рефлексация коррекциялау
|
- Балалар, бүгін біз қызықты не білдік? - Жыл мезгілдерінің өзгерістері қандай болады екен? - «Сиқырлы экран» арқылы біз не білдік? - Жыл мезгілінің суық пен жылуын және пайдасы мен зиянын білдік пе? - "Ғажайып алаңы" ойыны сендерге ұнады ма? - Жарайсыңдар балалар,осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды. Сендерге көп-көп рахмет! - Енді балалар, бізге қонаққа келген айпайларменен де қоштасайық. - Сау болыңыздар! |
Балалардың жауабы.
- Сау болыңыздар! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Табиғат құбылыстарын қағаз бетіне бейнелеу арқылы сурет салудың әдіс тәсілдерін біледі.
Игереді: Өз қиалдарымен елестету арқылы суретті аяқтауды игерді.
Меңгереді: Суретті бояп, іс-әрекетті дұрыс орындауды меңгерді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі