Өлең, жыр, ақындар

Қош келдің, Наурыз!

«№121 жалпы орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі: Шарипова Сусар Қарсыбаевна

Мақсаты: «Наурыз» - қазақ халқының жаңа күн (жыл) мерекесі. Бүгінде Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері бұл мерекені тойлайды. Әрбір қазақстандық ғасырлар қойнауынан жеткен бұл мейрамның өткізілуі салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын білу қажет. Біздің мақсатымыз  осы  мереке жайлы айтып және оның Қазақстанның  қазіргі жағдайымен байланысты кейбір дәстүрлерін көрсету.

Мемлекеттік әнұран орындалады. 

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар, ұстаздар, ата- аналар!

2-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші:

Уа халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Наурыз тойын бастайық.

2-жүргізуші:

Құтты болсын мереке,
Болсын думан береке!

1-жүргізуші:

Тындаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды.
Қызықтан тыс қалмаңыздар!! 

Хор:

Наурыз құтты болсын!  
Наурыз құт әкелсін!

1. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!  
Жыл басы Ұлыс тойы жасасын!

2. Жыл басы - Наурыз!
Мол болсын – дәм, тұз!

3. Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің  кеңитін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Мұғалім: Халқымызда Наурызға қатысты жер бетіне жақсылық «ұялаған күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жылқышы торғай келген күн», «көк құт көзін (өсімдік) ашқан күн», «Самарқаның көк тасы еріген күн», деген бейнелі сөздер сақталып келеді. Халқымыздың айтуынша  21-наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал кейпінде көрінетін қиял-ғажайып адам. Балалар бізге ақ тілегін бермек болып Қызыр ата келіпті.

Қызыр ата:

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ  мол болсын.
Қайда барсаң  жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін.
Бәле-жала жерге енсін,
Ұлы халқым тоқ болсын.
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын.
Аумин! 

Ал балалар менің тағы аралайтын жерлерім көп. Наурыз мерекесін жақсы өткізіңдер!

1. «Наурыз» - біздің  Қазақстанда тұратын көп ұлттар өкілдері үшін ортақ мереке!                 

2. «Наурыз» - единый праздник для всех народов, проживающих в Казакстане!

3. «Наурыз» - ты праздник дружбы и добра, «Наурыз» - ты праздник мира.

4. Халима юртлашлоримга бугунги Навруз байроми билан табриклайман!

5. Янгиланиш фасли мубарак болсин !

Мұғалім: Балалар біздің Наурыз мерекемізге Нәурізекте келіпті.  

Нәурізек:

Уа,  ұдайым оңдасын,  
Жаманшылық болмасын.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қыдыр баба қолдасын,
Аман сақтап мол басын.
Еккен егін солмасын!
Балалар Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып, шашу шашып.
Ел болып қарсы алайық.
Қош келдің, Наурыз!

Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде,  
Үлкен- кіші, жасымыз, кәрімізде.
Әр бір ұлттың жиналған өкілдері,
Өнерлерін көрсетуге келді міне.

Наурыз тойының мақсаты халыққа молшылық, тоқшылық тілеу. Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды.

Наурыз көженің құрамы әр турлі дәмнен құралады. Бидай, тары, қамыр, бұршақ, ет, тұз, сүт сияқты жеті түрлі дәмнен құралуы керек.

Наурыз көжеге арнап соғымның жамбасы, жая, қазы- қарта, қөжеге құрт езіп, уыз да қосады.

Әлгі аталған жеті дәмнің ішіндегі бидайдың орны бөлек. Бидайды келіге түйіп, түктейді. Сонда көжеге дәмі шығады. Кейде бидай орнына   күріш, арпа қолданылады.

Наурызда әр бір адам отбасы мүшелерін немесе туыс-туғандарымен дос-жарандарымен ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, бір-біріне жақсы  тілектер тілейді.

Қазақта Наурыздағы ұзақ, сарғайып күткен күнді «Ұзынсары» деп атайды.

Хор: Жас дәуірдің түлегіміз.

Салт-дәстүрімен жараса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,  
Той тойлайық тамаша.

Жыр менен әнін төгіскен,
Қуанышымен бөліскен.
Көрсе де кеше бір–бірін,
Құшақтасып қөріскен.

Халықтың пейілінен жаралғандай,  
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай.

Теңелген кез күн мен түн,
Теңелмей жүр кім мен кім?
Шықса есіктен ескі жыл,
Жаңа жыл кеп кірген күн!

Наурыз мейрам  жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн-ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Хор. Дос болайық бәріміз!

Ауру да сырқатынан сауығардай,
Жоқ-жітік уайымсыз тойынардай.
Наурыздың шаттық шашқан шашуынан,
Қыс-қыспаққа дәу нүкте қойынардай.

Табиғат тамсандырып тамашасын,
Тіршілік алға солып аласасын.
Наурыздың берекесін төгіп-шашпай,  
Жөніміз бар жаққа қарасатын.

Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын!
Қара биең құлындап,
Қаратауға сыймасн!

Үйіңнің алды той болсын,
Қораң толы қой болсын!  
Қазаныңда қайнаған,
Кілкілдеген май болсын.

Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.
Мал менен басың тең өсіп,
Кетпесін дәулет қасыңнан!

Жыл құсы кеп алыстан,
Айдынымен табысқан.
Суға айналып қар мен мұз,
Жылғаларда жарысқан.

Тойып Наурыз көжеге,
Шың думанды көшеге.
Достарыңмен дидарлас!
Көгерсін деп көсеге.

1-жүргізуші:

Уа халайық, халайық! Біздің өткізіліп жатқан мерекеге төрт түлік иелеріде келіпті.

Шопан ата:  

Малды берсең қойды бер,
Ұлды берсең, бойлы бер.
Жұртқа ақыл салғандай,
Ақылы артық ойлы бер.

Қамбар ата: 

Шаруаның бір пірі - Қамбар ата,
Тілегенде өзің бер ақтан бата.
Үйір-үйір жылқыны  шұрқыратып,
Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата.

Зеңгі баба:

Шаруаның бір пірі - Зеңгі баба,
Сиыр берсең, сүтті бер өңкей мама.
Кең өріске шұбыртып өзің бағып,
Кешке жақын қотанға әкеп қама.

Шекшек ата:

Қойды көсем бастайтын,
Өткелден үркіп саспайтын.
Қарағай мүйіз серкелі,
Шүйде жолды желкені,
Сексен ата баласы,
Ешкі бассын үйіңді.

Ойсыл қара:

Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Екі өркешін қом басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Тілін тікен теспеген,
Мұрындығы келіскен,
Алабота жегені,
Ащы қурай, теріскен
«Шөк» дегенде «бық» деген,
Шешіп үйін жүктеген.
Түйе ел ішіндегі зорға бітер.

Жаңарғаны сананың,  
Ұмытады мұны кім.
Ата салтын бабаның,
Алып келді ұлыс күн!

Салт- дәстүрім жарасса,
Қайта тұрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойладық тамаша!

Наурыз тойы - береке,  
Наурыз тойы – жыр, аңыз,
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.

Көрініс. Қазақ халық дәстүрлерінен

1. Адай  биі.

2. «Әке Ана» әні.Мусаев  Р. 

3. Әл-қисса биі.

4. «Анашым» әні.Нұрланқызы А.

5. Өзбек  биі.

6. Наурыз –думан  биі.

Наурыз - шаттық  әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жастарымыз,
Би биледік бәріміз.

Қорытынды:

Мұғалім:

Наурыз тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім тынысын деп тасып өткен.
Наурыз - сән-салта, ұлттық рух.
Бақытты наурызы бар халқым неткен!

Құрметті, ата-аналар және көрермендер, мерекелеріңізбен!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Дендеріңіз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы әр жылы келе берсін!   
Еліміздің несібесі көп болсын.
Қош, сау болыңыздар халайық!         


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз