Алматы облысы, Балқаш ауданы
"Бөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Жуманова Динара Жумадиловна 
Білім беру: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен оның төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып,жануарлар туралы айту білігін бекіту. Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін үйрек-үйректер, түйе-түйелер-бота-боталар қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтпрға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру. Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Біл
| 
			 Оқу қызметінің кезеңдері  | 
			
			 Педагогтің іс-әрекеті  | 
			
			 Баланың іс-әрекеті  | 
		
| 
			 
 
 
 
 
 
  | 
			
			 Шаттық шеңбері: Жылы сөздер. Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады.  | 
			
			 Балалар шеңберге тұрады. - Менің анам ботақан дейді, - Менің анам қошақан дейді. - Менің анам құлыным дейді.  | 
		
| 
			 
  | 
			
			 Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру. Қарға баласын аппағым дейді, Кірпі баласын жұмсағым дейді. - Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп күнім, алтыным деген сияқты көптеген сөздерді айтады. Үй жануарлары жайлы түсіндіру. - Үй жануарлары - қолға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: түйе, жылқы, қой-ешкі, есек, мысық, үй қояны, құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық. Дидактикалық ойын: " Үй жануарларының төлдерін тап!" Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. Жекеше және көпше түрде айтуды үйрету. Тақтаға 1 түйе, 1 сиыр, 1 қой, 1 жылқының суреттері ілінеді. Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2-3 түйе, сиыр, қой, жылқының суреттері ілінеді. Сергіту жаттығуы. Ал, балалар, келіңдер, Бой жазайық бәріміз. Мойнымызды бұрамыз Қолымызды созамыз Аяқтармен топ-топ басып, Орнымызға барамыз. Жаңылтпашты жаңылмай айтайық! 1. Ақ тай ақ па? Қара тай ақ па? 
 2. Қай тай лақтай, Қай лақ бармақтай. Ойын:"Даусынан таны" Ойын шарты: балаларды шеңбер бойына тұрғызып, бір баланың көзін байлайды. Көзі байланған баланың қасына бір бала жануар дыбысын салады. Бала қандай жануардың даусын және оны салған кім екенін табады.  | 
			
			 Мақал-мәтелді педагогтің соңынан қайталайды. Мұның бәрі теңеу сөздер. 
 
 
 
 
 
 
 - Үй жануарларын адамдар күтіп-баптайды. - Олардың қорегі:шөп,жем. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Жаңылтпаштарды жылдам айтуға тырысады.  | 
		
| 
			 Рефлекциялық-түзушілік  | 
			
			 Жаңылтпашты мұқият тыңдап, жаңылмай айтуға ұсыныс беру.  | 
			
			 Балалар жаңылтпашты анық және тез жаңылмай айтуға тырысады.  | 
		
Күтілетін нәтиже:
нені білді: көбірек жаңылтпаш білу.
нені игерді: жануарлардың даусын салуды.
нені меңгерді: жануарлардың төлдерін ажырата біледі.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі