Өлең, жыр, ақындар

Театр балалар өмірінде

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жумагалиева Алмагул Жумагалиқызы    

Сабақтың тақырыбы: Театр балалар өмірінде

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: студенттердің тіл дамыту әдістемесі пәні бойынша алған білімдерін, театр түрлерін өткізу әдіс-тәсілдерін меңгеру; студенттердің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шебер қолдана білуге үйрену.

2. Дамытушылық: студенттердің драматизациялық ойындарды, театр турлерін өткізу әдіс-тәсілдерін, дағдыларын меңгерту; ойлау, қиялдау, өз еркімен білім алу қабілетін және оқыту процесінде өз еркімен шығармашылық жұмыспен айналысуын дамыту.

3. Тәрбиелік: болашақ мамандығына қызығушылықтарын арттырып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға, шығармашылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәжірибе

Сабақ технологиясы: сыни тұрғыдан ойлау технологиясы

Әдіс–тәсілдері: түсіндіру, слайд қолдану, әңгімелету, сұрақ-жауап, драматизациялық ойындар,

Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, театр жабдықтары, әдістемелік құралдар, тапсырмалар, т.б.

Пән аралық байланыс:  Тіл дамыту, мәнерлеп оқу, балалар әдебиеті, айналамен таныстыру.

Пән аралық байланыс: интерактивті тақта, слайд, схема, әуен, оқу материалдары

Сабақ жүрісі

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.

2. Студенттерді түгендеу, даярлығын қадағалау.

Балабақшадағы театр түрлер ( қайтару )

Сабақтың барысы:

Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер!

Бүгін бізде тәжірибе сабақ. Сабаққа қатысушы топ: мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің студенттері. Өткен сабақта төрт топқа да алдын-ала тапсырмалар, іздену жұмыстары берілді. Сабақтың тақырыбы: Театр балалар өмірінде

Мақсаты: студенттердің театр түрлері туралы түсініктерін кеңейту, театр түрлерін дайындау және өткізу әдіс-тәсілдерін меңгеру, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шебер қолдана білуге дағдыландыру. Студенттер, сіздерге сәттілік тілеймін.

Алдымен, тәжірибе сабағымызды бастамас бұрын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кезеңдері туралы қайталау жұмысы жүргізілді.     

Үй тапсырма:

Шығармашылық тапсырма

Тәрбиешінің оқу іс-әрекет кезеңдеріне сай шығармашылық жұмыс дайындау.

Шығармашылық топ

Балабақшадағы театр турлері

Балалардың іс-әрекеті

1 топ. «Қатынас»

Ертегі  анимациялау

 Ұйымдастырушылық ояту

2 топ. «Шығармашылық»

Фланелеграф

Ұйымдастырушылық ізденімпаздық

3 топ. «Таным»

Көлеңке театры

Сергіту сәті

4 топ. «Денсаулық»

Саусақ театры

Рефлекстік түзету

 

Топтық бағалау

 

Күтілетін нәтиже

 

 

Нені біледі

 

 

Қандай түсініктерді игереді

 

 

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері

 

 

 

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақ бойынша бекіту сұрағы:

Мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде театрдің ролі.

III. Үй тапсырмасы: жаңа театр түрлерін сахналауға дайындау.

IV. Топтық бағалау.

Бағалау бетшесі

Күтілетін нәтиже

 Нені біледі

Қандай түсініктерді игереді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері

 

 

 

 

 

V. Қорытындылау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Л.П. Федоренко, Г.А. Фомичева, В.К.Лотарев «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы», АЛМАТЫ, «МЕКТЕП», 1981ж.
2. Интернет желісі: «Театры в детсом саду»


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз