Өлең, жыр, ақындар

Көктемгі орманға саяхат

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы
МКҚК №2 «Қуаныш» балабақшасының
тәрбиешісі: Искакова Жанна Серғазықызы

Білім беру саласы: Коммуникация, Денсаулық.

Оқу қызметі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көктемгі орманға саяхат

Мақсаты: Көктемгі табиғатты бақылап, оның ерекшеліктерін түсіндіру. Сурет бойынша тақпақ айтқызып, сөйлем құрап байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Табиғатты аялауға, жабайы жануарларға қамқорлық көрсетуге үйрету.  Денсаулықтарын нығайтуға , күтуге тәрбиелеу.

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық оятушылық

Жылулық шеңбері:

Т: Достығымыз берік боп,

Бекітейік беріп қол.

Қуанышты шеңберге,

Қандай жақсы қол берген,-деп шеңберге тұрайық.

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

-Бүгін бізде ерекше күн, ашық оқу іс-әрекет. Тақырыбымыз «Көктемгі орманға саяхат»

-Балалар, біз көктемгі орманға барайықпа?  Саяхатқа шықпас бұрын мен сендерге сақтық шаралары мен жолда қалай жүру керектігін түсіндіріп өтемін.

-Балалар мынау аспалы сөмке! Оның ішінде тұз, сіріңке, су бар. Ал мынау дәрі қорапшасы, оның ішінде дәрі-дәрімектер мен бинт болады.  Барлығымыз сапқа тұрып жолға шығамыз.

«Табан массажы» түймемен, таспен, құммен және губкамен балалар жай жүріп өтеді.

-Балалар сендер қандай әсерде болдыңдар?

Интерактивный тақта қосылады. Балалар міне көктемгі орманға да келдік, көктемнің иісі қандай керемет.

«Демалу жаттығуы»

Мұрнымызбен ауаны жұтып, ауызымыздан ауаны шығарамыз.

-Балалар бұл көктем мезгілі. Олар: наурыз,сәуір,мамыр.

-Көктемде қар ериді,күн ұзарып жылынады, ағаштар бүр жарады,жылы жақтан құстар қайтып келеді, үлкендер құстарға ұя салады. Көктемгі табиғат жаңарады, барлық тіршілік иелері оянады.

-Көктемнің алғашқы айында бәйшешек гүлі шығады. Бәйшешек  кішкентай, ақ әдемі гүл.

Билингвальды компонент: Бәйшешек- Подснежник.

 Балалар біз көктем мезгіліне тақпағымызды айтайық.

Тосынсый: Орманшы кіреді, балалармен амандасып, орман мен жабайы жануарлар мен таныстырады.  Онда аюдың, қоянның, түлкінің суретіне қарап тақпақтар айтады.

Орманшы: Орманда емдік шөптер де өседі. Денсаулыққа өте пайдалы.Мысалы, «итмұрын» ол балалардың иммунитетін жоғарлатады.Менің үйіме қонаққа жүріңдер!

Орманшы: Балаларға итмұрынның шайын береді, ал мен сендерге «саусақ» ойынын ойнатайын.

Саусақ ойыны «Қырықаяқ»

Қолымызды жоғары көтеріп саусақтарын қимылдатады. 

Орманшы балалар сендер біздің орманға көп қуаныш әкелдіңдер, сендердің жүздерің көктемгі күн шуағындай жайнайды. Ал бізге балабақшамызға қайтатын уақыт келді. Қоштасып өз тобымызға  қайтамыз.

 

 

 

Иә.

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Жол кедергілерден кідірмей өтеді. Тас ,түйме қатты болды, құм жұмсақ.Алған әсерлерін өз сөздерімен айтады.

 

 

Балалар терең демалып дем шығарады.

 

 

 

Ай күндерін қайталайды.

 

 

Қайталайды.

 

 

Көктем, көктем,көктемде,

Күн шуағын төккенде.

Көңілденіп қаламыз,

Ойнап асыр саламыз.

 

Жануарлардың қимыл-қозғалысын көрсетеді.

Қонаққа баруға келіседі.

Шайдың дәмін, иісін сезгенде өз көңіл-күйлерін айтады.

 Екі қырықаяқ жолмен жүгірді, жүгірді, жүгірді, бір-бірімен кезікті.  Құшақтасқандары соншалық екеуін күштеп ажыраттық. Саусақтарымен жаттығу жасайды.  

Рефлекстік-түзету

- Көктемгі орман саяхатымыз ұнады ма?

- Сендер қандай жолдармен өттіңдер?

- Орманда кімді кездестірдік?

- Орманшы бізді нелермен таныстырды?

- Біз денсаулығымызды нығайту үшін не істеуіміз керек?

Балаларды мадақтау!

Ұнады.

 

Балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.

Күтілген нәтиже:

Біледі: Көктемнің табиғаттың ерекшеліктерін.

Игереді:Байланыстырып сөйлеу дағдыларын.

Меңгереді. Көктемгі орман құбылыстары туралы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз