Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Медетова Роза Смағұлқызы
Білім беру салалары: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту
Тақырыбы: Тұсау кесу санамағы
Мақсаты: Балаларға салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар үйрету.Адамгершілікке, әдептілікке, үлкеннің өнегесін алуға үйрету.
Қажетті құрал – жабдықтар:
Сөздік жұмысы: ала жіп, ішек
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылы |
Жас ұрпақ мәнерлі болсын, |
Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін жасайды. |
Іздену – ұйымдастырушы |
Балалар бізге қонаққа апайларымыз келді.Қалай қарсы аламыз?Жоғарыдан нені көреміз, ал төменннен не көреміз? Ендеше біздер аспанға, жерге, күнге және сабағымызды тыңдауға келген қонақтарға сәлем беріп қарсы алайық. Балалар қонақтармен амандастық, енді бір-бірімізді қолымыздан ұстасып, алақан жылуы арқылы да бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік. Өте жақсы балалар, енді өткен сабағымызды есімізге түсірейік.Өткен сабақта: «Мен және менің отбасым» деген тақырыбында әңгімелескенбіз. Қәне, кім өзін бірінші болып таныстырады. Ал бүгін имандылық сабағымыздың тақырыбы «Тұсау кесу санамағы».Балалар бұл ертеден келе жатқан ата-бабалар дәстүрі, әдет ғұрыптары.Кішкентай тәй-тәй басып жүрген баланың көп сүрінбеуі үшін тұсауын кеседі.Оған біздің ата-бабаларымыз той етіп жасаған.Халқымызда тұсауын ала жіппен немесе ішекпен кескен. 1.Жіпті алып әртүрлі түсті есеміз. 2.Оны баланың аяғына байлаймыз.Жіп бала аяғында қалады.Оны қашан өзі шешіліп түсіп қалғанша алмаймыз. Қаз-қаз балам, қаз балам, Қадам бассаң, мәз болам. Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін. Қаз-қаз балам, қаз балам, Тақымыңды жаз балам. Қадамыңа қарайық, Басқаныңды санайық. Қаз баса ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың. Өмірге аяқ баса бер, Асулардан аса бер. Сергіту сәті: «Оң аяқ, сол аяқ» Ертегі: «Үш жалқау» Балалар ертегі ұнады ма? Ертегіде не туралы айтылған? Балалар ертегіде қандай бала бар?Қандай болу керек? Мақал-мәтел: Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Ертегі бойынша түсініктері |
Жоғарыдан:аспан, күн,бұлт, Ал төменнен: жер,ағаш,шөпті көреміз. Қуан шаттан алақай! Қуанатын келді күн! Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! Сәлеметсізбе!Есенсізбе! Амансызба!Бәріміз күндей жарқырайық!Бәріміз дос болайық!Бәріміз тату болайық!
Еліме тыныштық тілеймін! Күніміз жарқын болсын! Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын!Нанымыз көп болсын!Көк туымыз көп болсын! Ақылбек:Менің анамның аты Марал.Біздің отбасымызда:әкем,шешем,ағам,мен тұрамыз.Мен «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеленудеміз. 5-6 бала мақал –мәтел айту.
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
Өте тамаша, Жалқау болмау үшін тағы не істеу керек? Балаларға қосымша сұрақтар қойып, сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, сабақты аяқтау. |
Мен ертегідей жалқау бала болмаймын.Ерте тұрамын, жуынамын, ойыншық шашпаймын.Мен жалқау болмаймын. Ертеңгілік жаттығу жасау керек! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үлкенге көмектесу, кішіге қамқоршы болу
Игереді: адамгершілікке, әдептілікке үлкеннің өнегесін алу.
Меңгереді: өз жұмысын тиянақты істеу
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі