СҚО, Жамбыл ауданы
Благовещенка селосы
«Благовещенка жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Логопед: Мусралина Толкын Семеевна
Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар». «С мен Ш дыбысының автоматизациясы»
Сабақтың мақсаты: Балалардың есту арқылы сөйлеуі мен сөйлеу тілі қимылдарын дамыту. Сөздік қорын молайту.
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік - мамандық туралы білімдерін нақтылау және шыңдау, тақырып бойынша сөздік қорын белсендіру. Жаңа білім негіздерімен қаруландыру;
2. Түзету - дамытушылық – сөйлеу тілі белсенділігі мен диалогты сөйлеу тілін дамыту, дыбыстық талдау-жинақтау дағдылары мен фонематикалық процестерін дамыту. Ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тіл кемістіктерін түзеу;
3. Тәрбиелік - оқуға деген ынтасын көтеру, мұғалімдердің сөзін тыңдай білуге инабаттылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: заттық суреттер, дидактикалық материалдар, қуыршақ, т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қонақтармен сәлемдесіп, психологиялы дайындық:
Аққу болып ұшамыз,
Көлге келіп қонамыз
Көлдің бетін құшамыз,
Қайта самғап ұшамыз.
— Артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын жүргіземіз.
«Көңілді тіл» ертегісі
Ерте-ерте-ертеде, ешкі жүні бөртеде кішкентай үйшіктің ішінде тіл өмір сүріпті.(Балалар еріндерін үйшік қылып көрсетеді) Арайлап таң атқанда, ұйқысынан оянып тіл тұрады.Есігін ашып шығып, оңға-солға қарайды (сағат) Далаға шығып, таза ауада, таңғы жаттығуын жасайды.(Алтыбақан) .Жаттығудан кейін «Тіл» таңғы асын ішеді. Тіл тәтті қайнатпамен шай ішіп, төменгі ерінге қайнатпа жұғып қалды, оны жалады(төменгі ерінді жалау). Соңынан тісін тазалады Астан кейін «Тіл» атпен шауып ойнайды.(Ат шауып келеді). Далаға шықса, күн жарқырап тұр екен (күн жасау), балалар футбол ойнап жүр екен. Ол да қосылды, қақпаға доп соқты.(еріндерін жымитып, мақта допқа үрлеу). Қатты жел соқты. (диірмен үрлеу) Нөсерлі жел соқты (стакандағы суды үрлеу) Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады
ІІ. Негізгі бөлім.
— Бері қараңдаршы не деген бейберекетсіздік. Мұнда біреулер заттарын шашып тастап кетіпті. Оларды атап шығайықшы - мына ара мен балға құрылысшының заттары. Қайшы мен тарақ кімнің заттары болды екен? т.б.с.с Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Мамандықтар.
— Бұл заттар әр түрлі маман иелеріне керек.
ІІІ. Тақырыпты хабарлау.
— Ендеше бүгінгі біздің сабағымыз өте ерекше болмақ. Біз «Мамандықтар» қаласына саяхатқа барамыз, ол жерде біз көптеген мамандар туралы ақпараттар аламыз.
ІV. Тақырып бойынша жұмыс
Қалай ойлайсыңбіз кімге қонаққа келдік?
— Аспазшы не істейді? (тамақ пісіреді)
- Бұл аспазшының үстелі екенін қайдан білдің? (ыдыстарды атау)
- Мына кастрөлдің ішінді не бар? (конверт)
Аспазшы бізге хат тастатп кетіпті, оқиық.
Сәлеметсің бе Назгүл сен менің тапсырмамды орындасаң мен сендерге ас мәзірлеуге рұқсат берем дейді.
«С» «Ш» дыбыстарын дұрыс айт анық айт.
Са-со-су-сы
Ша-шо-шу-шы
Са-са-са гүлге қонды маса
Ша-ша-ша біздің шана тамаша
— Аспазшыға тамақ жасап көмектесейік . Ол үшін борщ жасауға керекті жемістерді тауып әкелейік.(Борщ жасаймыз. Борщқа керекті жеміс жидетерді атап көрсетеді. СӘБІЗ, Қызанақ, қырыққабат, кәртөп, май, жуа. (Әр жемістің түсін, пішінін, көлемін, дәмін атау)
2) Балалар үстелге жақындайды. (Үстелдің үстінде дәрігердің заттары мен қуыршақ жатыр.)
— Іш ауырса, бас ауырса
Саған дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді.
Мен кім туралы айтып отырғанымды білетін шығарсыдар.
— Дәрігер не істейді?
— Ол қай жерде жұмыс істейді?
— Мына қуыршақ ауырып қалыпты, сен оған көмектесші. Оған көмектесу үшін біз дәрігердің тапсырмаларын орындауымыз керек. «Са» «Ша» буынын қосып сөзді аяқта.
МА.....са
АЛА....ша
БОЛ....са
ТОЛ...са
АЙ....ша
Қуыршақты емдеу үшін үстелден керекті дәрі-дәрмекті алып келу.(Қуыршақты емдейміз ойыны.Дәрі беру ,дәрі егу.
СЕРГІТУ СӘТІ
— Біз жүре-жүре шаршадық, бір демалып тынығып алайық.
Видеоролик арқылы жаттығу жасау. «Топ-топ жаттығуы»
3) Логопед пен Назгүл дүкенге жақындайды. Дүкенде кітаптар, ойыншықтар, ыдыстар, азық түліктер бар. (Сабын, сусын, шай, қуыршақ,шар,)
— Біз қайда келдік?
— Дүкенде кім жұмыс істейді?
-Егер біз сатушының тапсырмасын орындасақ онда дүкенге кіріп «Сатушы» ойынын ойнай аламыз.
Әр түрлі буында С мен Ш дыбысын естігенде қолыңды шапалақта.
Са,се, па,му, ма, ше, ба, шу, лу, шы, сы, қа, ас, аш
— (рөлдік ойын «Сатушы»)
(Логопед әр заттың бағасын сұрайды ,оқушы толық жауап береді.)
4) Ал, енді біз кімге қонаққа келдік қалай ойлайсың?
(Үстелде журнал, қызыл қалам, дәптерлер жатады)
---Қалай ойлайсың бұл заттар кімге тиесілі? Мұғалімге.
- Ол не істейді ? Кімдерге?
Бұл не? Журнал Оны ашып қарашы? Не бар?
Тасырмада: Сенің ұстазың кім? Ол кісі саған арнап хат қалдырыпты: Оқиық.
«Назгүл, ермексаздан маған С мен Ш әріптерінің белгісін жасап берші»
Менің саған ол үшін беретін сыйғым бар.
(Оқушы ермексаздан тақтайша үстіне С мен Ш әріптерінің белгісін жасайды)
V. Сабақты бекіту.
— Біздің саяхатымыз осымен аяқталды. Біз жол жөнекей кімдермен кездестік естеріңе түсіріңдерші.
— Қазір мен сенімен ойын ойнаймын «Қатемді түзе»
— Мұқият бол!
— Жүргізуші сатады—жүргізеді
— Тігінші шаш қырқады——тігеді
— Сатушы тамақ дайындайды——-сатады
— Құрылысшы ұшақты айдайды——үй салады
— Ұшқыш көлік жүргізеді———ұшақты жүргізеді.
VІ. Қорытынды.
— Ал сен болашақта кім болғың келеді?
— ЖҮРГІЗУШІ, АСПАЗШЫ, ШАШТАРАЗ, МҰҒАЛІМ, ДӘРІГЕР, ҚҰРЫЛЫСШЫ,ӘНШІ,БИШІ бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?
— Саған сабақ ұнады ма?
VІІ. Үйге тапсырма.
— Үйде артикуляциялық жаттығуларды қайталап, өздеріңе ұнаған мамандық туралы әңгіме құрастырып келіңдер.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі