Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 "Толағай" балабақшасы МКҚК-ның
Тәрбиешісі: Тажибаева Алмас Кайсаевна
№ 8 МАД «Ә» тобында ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Мейірімділік асыл қасиет»
Мақсаты:
Білімділігі: Адам бойындағы жақсы қасйеттердің бірі мейірімділік туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Табиғатқа, адамға, жан-жануарларға құрметпен қарау.
Тәрбиелігі: Адамгершілік, қайырымдылық арқылы мейірімділікке тәрбиелеу
Билингвальды сыңары: мейірімділік-милосердие
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қорғаушы |
Психологиялық дайындық Тыныштық,тыныштық, Әлемге тыныштық. Бар әлемге тілейміз, Тыныштық! |
Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайды. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Балалар денелерімізді түзу ұстап,еркін отырып,көзді жәй жұмып мына тамаша музыканы құлақ түріп тыңдайық. Тыныштық сәті. - Балалар музыкадан қандай әсер алдыңдар?Балалардың көңілін экранға аударып сурет арқылы өлең жолдарын оқу: Күлімдеген күн мейірімді, Кіршіксіз қар мейірімді. Таза мөлдір су мейірімді, Мәпелеген ата-ана мейірімді. Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді: -Балалар міне байқадыңдарма,бүгін біз мейірімділік туралы сөз қозғаймыз.Бүгінгі оқу іс –әрекетінің тақырыбы: «Мейірімділік –асыл қасиет»-деп аталады. -Мейірімділік дегеніміз не? -Мейірімділікті қайдан алуға болады? -Егерде саған біреу мейірімділік көрсетсе сен қандай сезімде боласың? -Ананың жылы алақаны жақсы.Табиғаттың тамаша сыйы-күн нұры төгеді,суын береді,ауасымен дем алдырады, бірақ ана да,табиғатта жақсылығын міндет етпейді. Дәйек сөз: Мейірімділікті анадан үйрен. Сергіту сәті.Ән: «Анашым» Әңгімелету: Бірде кішкентай күшік аулада ойнап жүріп көшеге шығып кетеді. Кенет нөсерлетіп жаңбыр жауады. Бүрсеңдеп тоңып қалған күшікті көрген Айжан мен Маржан оны аяп үйге алып келеді. Күшіктің астына төсеніш төсеп,жылы сүт береді. Жылы сүт ішкен күшік маужырап ұйықтап қалады. Қыздар кішкентай күшікке мейірлене қарап өз істеріне риза болды. Ғажайып сәт: Балалар бұл кімнің жылаған даусы? Айналайын жүрек, сені кім ренжітті? Осыншама неге мұңайдың? Қане, құлағымды тосайын айта ғой. Жүрек өзінің досы жоқ екенін айтып жылайды. Бәрінде дос бар, ал мен жалғызбын дейді. Олай болса жүректің көңілін көтеріп жақсы мейірімді сөздер айтып ойын ойнайық. Ойын: «Күншуақ» Жүрек балаларға риза болып өз ризашылығын білдіріп рахмет айтады. |
Балалар өздерін еркін ұстап музыканы тыңдайды
Балалардың жауаптары: - Жақсы әсер алдық - Көңіліміз тыныштылды - Өзімізді жақсы сезіндік.
Балалар сұраққа жауап берді
Анадан,жақсы адамдардан,достардан,табиғаттан, жан-жануарлардан.
Жақсы сезімде.
Сурет бойынша балалар әңгімелейді. Суретке ат қояды. Мейірімділік. Балалар күнді айналып шашылған шуақтай болып жүрекке өз тілектерін мейірімділік сөздерін айтады. |
Рефлексті коррекциялаушы |
Жүректен жүрекке. Мейірімді адамды жылы жүректі деп атайды. Қорытындылау. |
Бүгін біз бір-бірімізге мейірімділік жасауды үйрендік. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Тақырыбын, мақсатын білу керек.
Игерді: Бір-бірінің жақсы қасиетін бағалауды.
Меңгереді: жақсылық арқала мейірімділікті.
Тәрбиеші: Тажибаева А.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі