Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 "Толағай" балабақшасы МКҚК-ның
Тәрбиешісі: Тажибаева Алмас Кайсаевна
№ 8 МАД «Ә» тобында ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Төлдер айтысы»
Мақсаты:
1. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.
2. Балалардың жұмыс жасау іскерліктерін жетілдіру, белсенділіктерін дамыту.
3. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетіне қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, үй жануарларының суреттері мен маскалары.
Билингвальды сыңары: сиыр-корова-cow, жылқы-лошадь-horse, түйе-верблюд-camel, қой-овца-sheep
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық |
Психологиялық дайындық: - Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге көзіміз түседі, сонда ең алдымен нені көреміз? - Олай болса, бүгін біз бір-бірімізге күн сияқты жылы лебізімізді білдірейік. Күлкіменен түлейік. Қабақ шытқан не керек, Күліп өмір сүрейік. |
Балалар дөңгелене тұрып сұраққа жауап береді. - Күнді, күннің шуағын, нұрын көреміз. |
Ұйымдастыру - іздестіру
|
Өткен тақырыпты пысықтау. Көктем туралы сұрақ-жауап.Әңгімелету. Жаңа тақырып: «Төлдер айтысы» - Балалар өзімізге таныс қандай ертегі, әңгімелерді білеміз? - Сендердің күн сияқты күлімдеген аналарың өздеріңді қалай еркелетеді? 1. Дәптермен жұмыс. «Төлдер айтысы» ертегісін әңгімелеу Слайд көрсетіледі. - Ертегіге қандай кейіпкерлер қатынасты? - Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты? - Лақ не айтты? - Құлын не айтты? - Бұзау не деді? - Қошақан мен бота не деді? Адам не деп жауап берді? Сергіту: "Төлдер" әні Жұмбақ шешу: Аласа ғана бойы бар, Өзі үлкен жануар, Басында екі таяғы бар, Дидактикалық ойын: «Төліңді тап» 2. Д/о: «Не қалай дыбыстайды ?» 3. Шығармашылық тапсырма Суреттерді пайдалана отырып, сөйлем құрау, сөздерге дыбыстық талдау жасау. «Малды басынан ұрма», Жас малдың тісін санамайды. Мал қораның сыртында, ішінде ысқырмайды. Түнде мал санамайды, ешкімге мал бермейді. Бақташы ата келеді: - Балаларым амансыңдар ма, сендер бәрің де үлкен еңбек еттіңдер. Төрт түлік мал еңбек еткен адамның ғана қарнын тойғызады, азығын сыйлайды. Мен сендерге ризамын, сендер төрт түлік мал туралы көп біледі екенсіңдер. Мен сендерге «Төрт түлікті шақыру» - ойынын ала келдім. Қане ойын құмар балаларым ,кім ортаға шығады? Ойын шарты: Бақташы атай төлдердің маскасын балаларға таратып береді. Пұшай-пұшайт дегенде қошақандар жүгіріп бақташының қасына жиналады. |
Балалар көктем туралы ойларын айтады.
- Балалар өздеріне таныс ертегілерді айтады.
- Қошақаным, ботақаным, құлыншағым.
- Үй жануарлары. Балалардың жауаптары. Балалар әнмен бірге сергіту жаттығуын орындайды. - қой - түйе - ешкі Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Ешкі бақылдайды. (үй жануарларының төлін тауып, дауысын салады) - Мен сиырға шөп салдым. - Малды жайлауға айдадым.т.б. Балалар тыйым сөздерді қайталап есте сақтайды. Балалар масканы киіп кейіпкерлердің роліне енеді. Балалар бақташымен қоштасады. |
Рефлексивті - түзетушілік |
Қорытынды : -Ертегі не туралы? -Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар? -Ешкі,қой,сиыр,түйе, жылқының төлдерін ата. -Үй жануарларын қалай шақырады? -Мал туралы қандай тиым сөздермен таныстық? |
Балалардың жауаптары . |
Біледі: үй жануарлары туралы біледі.
Игереді: төрт түлік мал төлдерінің атауын және адамдарға пайдасы туралы түсініктерді игерді.
Меңгереді: төрт түлік малға деген сүйіспеншіліктері арттады.
Тәрбиеші: Тажибаева А.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі