Өлең, жыр, ақындар

Гидроэлектр станциясының құрылымдық сұлбасын таңдау

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Арнайы пән оқытушы: Гильманова Гульдана Сагинбаевна

Сабақтың тақырыбы: Гидроэлектр станциясының құрылымдық сұлбасын таңдау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Гидроэлектр станциясының тарихы, түрлері, құрылыс және жұмыс істеу принципі, құрылымдық сұлбасы туралы толық мәлімет беру.

Тәрбиелік: студенттердің кәсіби дағдысын қалыптастыруға, бірлесіп жұмыс орындауға тәрбиелеу, өз бетімен ізденіске, ұсынған материалды талдауға икемдеу, қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: гидроэлектр станциялырының жұмыс істеу принципімен, түрлерін байланыстыра отырып, студенттердің таным белсенділігін арттыруға жұмыстану.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, деңгейлік оқыту, дамыта оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: гидроагрегат видеофрагмент, анимациялық сұлба.

САБАҚ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру бөлімі

Топ кезекшінің баяндамасын қабылдау, қатысты белгілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

а) Оқушылардың білімін сұрақтар бойынша тексеру

1. Электр станцияларының қандай түрлерін білеміз?
     

2. Жылу электр станциясының жұмыс істеу принципі?

  

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

Сонымен электр станцияларының түрлерін, жылу электр станциясы (ЖЭС), жылу электр орталығы (ЖЭО), жылу электр станциясының жұмыс принципін қарастырдық.

IV. Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Гидроэлектр станциясының құрылымдық сұлбасын таңдау.

Жоспары:

1. Гидроэлектр станциясының тарихы

2. Гидроэлектр станциясының жұмыс принципі,артықшылықтары мен кемшіліктері

1. Гидроэлектр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы.

Су энергетикасы (Гидроэнергетика; грек, "һydor" — су, ылғал, energia — қызмет, әрекет):

Қазақстандағы ең алғашқы ГЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен ГЭС-і және Бұқтырма ГЭС-і, Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа ГЭС салынған. Қазақстандағы ірі ГЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады.
Су энергетика қорлары — өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады. Су энергиясының қоры жөнінен Қытай, АҚШ, Канада дүние жүзіндегі алғашқы орындарды иеленеді.
1) Бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз ағын судан энергия алу. Таулы жердегі өзендер ГЭС-тер салуға қолайлы. Қазіргі уақытта үлкен ГЭС-тер салудың келешегі жоқ, оларды бөгет салуды қажет етпейтін ағыны жылдам шағын немесе үлкен өзендерде салу ыңғайлы деп есептеледі. Кіші су энергетикасы дәстүрлі емес энергетикаға жатады;
2) Бөгет салу арқылы немесе салмай, аққан судан энергия алу. Су энергиясының біршама арзандығына қарамастан, ресурстардың шектеулілігіне және энергия қондырғыларының көп аумақты алатынына байланысты болашақта ол дүние жүзіндегі энергетиканың 5%-ынан аспайтын болады.

2.  ГЭС-тің жұмыс істеу принципі өте қарапайым. Гидротехникалық тізбек құрылыстарды қажетті су қысымын гидро-турбиналық қалақшаларына түсіріп, қолданыстағы генераторларға келіп электр энергиясын шығаруды қамтамасыз етеді.  Қажетті су қысымы бөгет салу арқылы, және белгілі бір жерде өзеннің концентрациясы нәтижесінде, немесе деривациялы – табиғи су ағынымен. Кейбір жағдайларда қажетті су қысымын алу үшін бөгет және деривация бірге пайдаланылады. Су электр станциясының ғимаратында барлық энергетикалық жабдықтар орналасқан. Оның өзінің белгілі бір мақсатына байланысты бөлінеді. Машиналық залында су ағынының энергиясын тікелей  электр энергиясына айналдыратын  гидроагрегаттар орналасқан. ГЭС-тің жұмысын бақылауда басқару құрылғысы және әртүрлі қосымша құрал-жабдықтар, трансформаторлық станция, тарату құрылғылары және тағы басқалары бар.

V. Жаңа сабақты бекіту

1. Гидроэлектр станциясы дегеніміз не?

2. Гидроэлектр станцияларына кірмейтін элементтер.

 

 

 

Гидроэлектр станциясы

 

Құрылысының элементтері

Реактор корпусы

Реттейтін стержендер

Бу генераторы

Су қоймасы

 

 

Су қабылдағышы

Машиналы зал

Котел

Генератор

Құбыр

Компенсатор қымсымы

Топтық жұмыс

Студенттерді 3 топқа бөліп, тапсырма беру.

1) ГЭС-тің құрылысы

2) ГЭС-тің жұмыс істеу принципі

3) ГЭС пен ЖЭС –тің айырмашылығын тұжырымдау.

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

1) Тақырыптың негізгі сұрақтарын белгілеу. 

 

VІІ. Үйге тапсырма

1. ГЭС-тің құрылыстарының анықтамасын жазу.

2. Гидроэлектр станциясының сұлбаларын оқу.

VIІI. Бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз