«№121 ЖОМ» КММ-нің жанынан ашылған Ж.Өтенов атындағы шағын орталық
Тәрбиеші: Кысабекова Баян Махаметхановна
Білім беру саласы: «Қатынас, таным, шығармашылық, денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет, Құрастыру, Музыка, Дене тәрбиесі.
Тақырыбы: «Ертегіде қонақта»
Мақсаты: Ертегілер әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру; Ертегі желісі бойынша рольдерде ойнауға жаттықтыру; Сөздік қорларын молайту, ертегіге қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Көрнекілігі: Ертегілердің суреттері, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, АКТ.
Іс-әрекет кезеңдері: |
Тәрбиешінің іс-әрекеті: |
Балалардың іс-әрекеті: |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: «Ертегілер» әнін тыңдау. -Балалар, өлең сендерге ұнады ма? -Өлең не туралы? -Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? -Ертегілер қалай басталады? -Жарайсыңдар, жауаптарың маған ұнады. Ал сендер қонаққа барғанды жақсы көресіңдер ме? -Ендеше біз бүгін ертегілер еліне қонаққа барамыз. |
Балалар өлеңді тыңдайды. -Иә, ұнады. -Ертегілер туралы. -Иә, жақсы көреміз. -Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде. -Баяғы өткен заманда. -Иә, жақсы көреміз. Балалар қуанады. |
Ұйымдастырушылық -ізденушілік |
-Балалар, ертегілер еліне қарай жол тартайық. Мынау қандай ертегі? Бұл ертегі қалай басталады? -Дұрыс айтасыңдар, Мақтақыз не себепті мысықтың құйрығын кесіп алды? -Ал енді жолымызды жалғастырайық. Мына бір қыздың аты кім? -Қызыл телпек қайда бара жатыр? -Жарайсыңдар, сендер көп ертегілер біледі екенсіңдер, ал мынау қандай ертегі? Осы ертегіге еніп көрейікші. -Балалар, бізге Қарлығаштан хат келіпті, ашып оқып көрейікші. Хат: «Құрметті балалар! Сендер бұл ертегілер еліне ену үшін менің тапсырмаларымды орындауларың керек. Сонда ғана ертегілер еліне ене аласыңдар! -Балалар, тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба? І-тапсырма: Жұмбақтарды шешіңдер
Ақсиған көп тісі бар. Ауылды ториды, Ууууу деп ұлиды. Бұл не? -Ендеше, қасқырды шақырайық.
Орман оның мекені. Тәтті балға тойып-ап, Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не? -Ендеше, аюды шақырайық.
Елеңдеп қорқып тұрады. Сәбізді жақсы көреді, Шошынып, секіріп, жортады. Бұл не? -Ендеше, қоянды шақырайық.
Шынындада айлакер, қу. Бұл не? -Ендеше, түлкіні шақырайық. -Жарайсыңдар балалар ертегі кейіпкерлері түгел жиналды. Енді келесі тапсырманы орындайық.
ІІ-тапсырма: «Бауырсақты құрастыр».
ІІІ-тапсырма: Ертегілер еліне денсаулығы мықты балалар енеді. Жаттығулар жасаңдар. «Бауырсақ» ертегісін тәрбиешінің басқаруымен сахналандыру. |
-Мақта қыз бен мысық. -Бір күні Мақта қыз үй сыпырып жүріп, мейіз тауып алады. -Мысық қатықты төгіп тастайды.
-Қызыл телпек. -Әжесінің үйіне.
-Бауырсақ ертегісі.
Балалар мұқият тыңдайды.
-Иә.
-Қасқыр. Қасқыр келеді.
-Аю. Аю келеді.
-Қоян. Қоян келеді. -Түлкі. Түлкі келеді.
Балалар сурет қиындыларынан бауырсақты құрастырады. Балалар АКТ-дан сергіту жаттығуларын жасайды.
-Балалар рольдерге бөліп ойнайды. |
Рефлекстік-түзетушілік |
-Балалар біз бүгін қайда қонаққа бардық? -Ең бірінші қайсы ертегіге жолықтық? -Екінші ертегіміз қалай аталады? -Ал қандай ертегіні ойнап шықтық? -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Жарайсыңдар! |
-Ертегілер еліне. -Мақта қыз бен мысық. -Қызыл телпек. -Бауырсақ ертегісін. -Иә, ұнады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Ертегі кейіпкерлеріне сәйкес жұмбақтарды шешуді;
Нені игерді: Ертегі кейіпкерлерін сомдауды үйренді, танымдық ойлау қабілеті дамыды;
Нені меңгерді: Берілген тапсырмаларды орындайды, ертегілерді ажырата біледі, ертегілерге құштарлықтары арта түседі;
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі