Өлең, жыр, ақындар

Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Опорный орта мектебі
Қазақ тілі әдебиеті мұғалімі
Джайлганова Турсынгул

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Мақсаты: Поэма кейіпкерлерін бейнесіне талдау жасау, шығарма кейіпкерлерінің тарихи бейнесімен және басқа жазушылардың шығармаларымен салыстыру, отаншылдыққа тәрбиелеу

Жалпы мақсаты: Поэманың оқиға желісін білу, шығарма кейіпкерлерінің тарихи бейнесін ашу.

Күтілетін нәтиже

•    Абылайдың, Баянның тарихи тұлға екенін біледі.
•    Поэманың мазмұнын меңгереді.
•    Шығарманы композициялық құрлысына талдай алады.
•    Постер арқылы топтық жұмысты қорғай алады..

7 модульдің қолданылуы

«АКТ», «Оқыту мен оқудағы  әдіс- тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», « Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл, семантикалық карта, ыстық орындық, ойлан бірі-бөліс

Қолданылатын ресурстар: Маркерлер, портреттер, тақта, стикер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар  «Қылыш», «Садақ», «Жебе», «Айбалта» тобы болып бөлінеді. Әр топқа бағалау парағын тарату.

Сабақтың барысы

Білім

Ой қозғау

  1. Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?
  2. Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?
  3. «Батыр Баян» жырында қандай тарихи кезең суреттеледі?
  4. Поэманың негізгі кейіпкерлері кімдер?

Түсіну

Топтық тапсырмалар

І топ

Мағжан лирик ақын

ІІ топ

«Батыр Баян» поэмасының композициялық құрылысы

ІІІ топ

Батыр Баян бейнесі

ІҮ топ

Тарихи тұлға Абылай хан

Қолдану

«Батыр Баян» кинодан үзінді көру, поэмамен салыстыру

«Батыр Баян» кинодан үзінді көреді, поэмамен салыстырады.

Сергіту сәті

«Балапандар биі» жаттығуы

Талдау
1. Баянның Ноянды өлтірген сәтіне талдау жасау.
2. Баянның жау қолынан қаза болған сәтінен кинодан үзінді көрсету.
3. Баян мен Абылайға мінездеме беру
4. Ноянға мінездеме береді

Жинақтау

«Кім шапшаң» ойыны

1.Баян образы туралы тарихи деректер жыраулар поэзиясында кездесе ме?
2. Баянның інісі Ноян шын өмірде болған ба?
3.  «Әдемі өткенді ойлап айнымасам,
      Сұм өмір күшті уын аяды ма?» – деген өлең жолдарын қалай түсінесіздер?
4. «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның шығу тегі  туралы  дастанда  айтыла ма?

Бағалау

Кестені толтыру
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс толтыру

Стикерлерді толтыру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз