Өлең, жыр, ақындар

"Менің көңілді добым" технологиялық карта

Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Өлеңті ЖББМ, «Бөбектер» шағын орталығының тәрбиешісі Кажикова  Айсулу  Тулеутемировна

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім  беру  саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Менің көңілді добым.

Мақсаты:  Ойыншық  туралы  әңгіме  құрастыруды жалғастыру. Ойыншықтардың  пішінін, түсін, қандай  материалдан  жасалғанын  анықтауға  үйрету. Балалардың  сөздік  қорын  молайтып, тілін  жаттықтыру. Ойыншықтарды  күтіп ұстауға, ұқыпты, таза  ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: әртүрлі доптардың  суреттері, резеңке доп.

Сөздік  жұмыс: доп, домалақ, көңілді.

Билингвальды компонент: доп-мяч, домалақ-круглый, көңілді-веселый.

Оқу  іс-әрекетінің

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық  шеңбері. 

-Қайырлы  таң ұстазым!

-Қайырлы  күн достарым!

Шеңберге тұрайық!

Жылулық сыйлайық!

Шаттық  шеңберге  тұрады, амандасады.

 

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа райы қандай?

 

-Балалар, сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

-Ал енді мен сендерге өлең оқып берейін, сендер тыңдаңдар?

 

«Добым» Ш.Смаханұлы.

Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.

 

Демонстрациялық материалмен жұмыс.

-Балалар, мынау не?

-Доп қандай?

-Оның пішіні қандай?

-Доп неге ұқсайды?

-Доп қандай қимыл жасайды?

-Доптың түсі қандай?

 

-Доп неден жасалған?

-Біз доппен қандай ойындар ойнаймыз?

 

Билингвальды компонент: доп-мяч, домалақ-круглый, көңілді-веселый.

Фишкалар арқылы орталықтарға бөліну:

1.Әдебиет орталығы.

Шарты: сызба арқылы өлеңді жаттау.

Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.

 

2.Бейнелеу өнері орталығы.

Шарты: Қағаздан қиылған  допты құрастыру.

 

3.Монипулятивтік орталық.

Шарты: Қыстырғыш арқылы допты түсіне сәйкес орналастыру.

 

Сергіту сәті.

Кәне, балалар, тұрамыз,

Бойымызды жазамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

 

Дидактикалық ойын. «Неге ұқсайды?»

Сөздік

Сөздік  жұмыс: доп, домалақ, көңілді.

 

-Көктем.

-Күн жылы.

 

-Иә.

 

 

Балалар мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

-Доп.

-Кішкентай.

-Дөңгелек.

-Шеңберге.

-Секіреді, домалайды.

-Жасыл, қызыл,сары,ала, әр түрлі болады.

-Резеңкеден.

 

-Түрлі ойындар ойнаймыз.

Балалар қайталайды.

 

 

 

 

Өлең жолдарын бірнеше рет қайталай отырып, сызба арқылы жаттайды.

 

 

 

 

Допты құрастырады.

 

 

Қыстырғыш арқылы доптарды сәйкестендіреді.

 

 

Балалар қимыл қозғалыстар арқылы сергіту сәтін орындайды.

 

 

Ойынды ойнайды.

 

Балалар сыбырлау әдісі арқылы сөздерді қайталайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс- әрекетін қорытындылау (допты қолдану арқылы)

 

Балалардың жауабы тыңдалады.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: заттарды қарастырып, олардың түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғанын айтуға арналған тапсырманы.

Түсінеді: өлең мазмұнын.

Қолданады:ойыншық туралы әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз