Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы
№87 «Жуантөбе» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Альсейтова Раушан Еркиновна
Дүниетану 4 «А» сынып
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Мақсаты: Орман және тоғай өсімдіктері мен жануарларының табиғаттағы маңыздылығын түсінеді, топпен талқылау арқылы түсіне отырып ой өрістерін дамыту; табиғатты аялауға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарларын ажыратып, түрлерін біледі, қоршаған ортаға қамқор болуға, қорғауға және сақтауға талпынады.
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Джигсо» әдісі, сөзжұмбақ шешу, «Ой шақыру», тест, «орманның рөлі» топтастыру
Қолданылатын ресурстар: маркер, стикер, ноутбук, смайлик, бағдаршам, оқулық, суреттер, интернет материалдары және кесте.
І. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Ынтымақтастық атмосферасын орнату
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.
Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.
Оқушылар түстер арқылы 4 топқа бөлінеді. 1,2,3,4- топ
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Кері байланыс орнату
(5 мин) Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап әдісі арқылы диалогқа түсіру.
1.Өсімдіктер мен жануарлар шөлдің табиғат жағдайына қалай бейімделген?
2. Шөлді жер табиғатының ерекшелігі неде?
3. Шөлді аймақтардағы өсімдіктерді ата.
4. Шөлді аймақтардағы жануарларды ата.
Дәптерлеріндегі кестемен жұмыс жасайды. Оқушылар сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.
Өсімдіктер Жануарлар Құстар
Ал қызыл жауқазын,
сары сұңғыла,
таспашөп бұталары,
сораң, жусан,
жантақ, сексеуіл, сүттіген, жүзгін,
іле жуасы, қияқ,
алақоржын, қазжуа,
қызғалдақ, көктемгі әжік
Қосаяқ
жармасқы
құм айдаһары
қара қоңыз
жылан
құмтышқан
сарышұнақ
Бұлдырық
кептер
құм қарғасы
бүркіт
ІІІ. Өткенді пысықтау
(5 мин)
Сөзжұмбақ шешу
Шөл өсімдіктері мен жануарлары, оларды қалай қорғау қажеттігі жөнінде сабақта талдап, жинақтаймыз.
Сөзжұмбақ шешу.
Боялған тор көзден қандай сөз шығады?
1. Шөл мен шөлейттегі өзен аңғарларында не өседі?
2. Ормандағы алып ағаш.
3. Қазақстандағы қорықтардың бірі.
4. «Қызыл кітапқа» енген тау жануары.
5. Қарағай бүрімен қоректенетін жануар.
1) Көздерін жұмып, орманға саяхат жасау (ақырын музыка ойнап тұрады).
2) Саяхаттан алған әсерлерін айту.
3) Суреттер бойынша түсіндіру. (слайд)
4). Жаңа сабақты хабарлау
Т о ғ а й
қ а р а ғ а й
А л м а т ы
б а р ы с
т и і н
Көптеген шөл өсімдіктерінің дәрілік қасиеті бар. Оларды дәрі-дәрмектер жасау үшін жинайды. Барлық шөл өсімдіктері-қой мен түйенің таптырмайтын азығы
ІV. Жаңа сабақ
(18 мин)
Қызығушылықты ояту
Сабақтың тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары
"Мағынаны таны стратегиясы" Бүгін топ болып жұмыс жүргізе отырып, басқа топтардың пікірімен санасамыз, өз пікірімізді жүйелі баяндаймыз.
Тапсырма.
1.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.
2. Дәптермен жұмыс
Дәптерлеріне орман түрлерін атап, жазады.
3.Топтық жұмыс. Постер қорғау.
1-топ: қылқанжапырақты орман
2-топ: аралас орман
3-топ: жапырақты орман
4-топ: тоғай өсімдіктері мен жануарлары
4. Сұрақ-жауап әдісі.
- Орманда қандай өсімдіктер өседі?
- Орманда қандай жануарлар тіршілік етеді? Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгеру. Сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз пікірлерін ортаға салады.
Тапсырмаларды орындайды.
1. Қол көтеру арқылы мәтінді бөліктерге бөліп оқып, жауап береді.
2. Дәптерлеріне жазады.
Қылқанжапырақты орман, аралас орман, жапырақты орман.
3. Топтық жұмыста әр топ берілген тапсырмаларды орындап, постерлер қорғайды.
4. Сұрақтарға жауап береді
V. Білімдерін тексеру
(5 мин)
«Ой шақыру»
Өзекті мәселе
Слайд
Слайдта көрсету.
Өзекті мәселе.
- Орманның адам үшін қандай маңызы бар?
- Орман неліктен жойылып жатыр? Ол неге байланысты? Орманның жойылуына адамның катысы бар ма?
- Орманды, тоғайды қорғамасақ қандай күйге ұшырайды?
- Орманды қорғау шараларын білесің бе? Оқушылар ойларын тұжырымдап жауап береді, қорытынды жасайды.
Қоршаған орта – табиғат
Жануар, өсімдік, адамзат
Сүю, қорғау – парасат
Білейік мұны жамағат!
Тест
тапсырмалары
2 мин Оқушыларға тест тапсырмаларына ойлана отырып жауап береді.
1. Қарағайлы орман республиканың қай облысында өседі?
А) Алматы Ә) Оңтүстік Қазақстан Б) Қостанай, Ақмола облыстарында
2. Тоғай деген не?
А) Өзен жағалауындағы орман Ә) Мал жаятын жер Б) Өз жауабың
3. Орман мен тоғайда тіршілік ететін жануарларды белгіле
А) Елік, қасқыр, қабан Ә) Киік, ақбөкен, кесіртке.
4. Орман құстары дұрыс жазылған қатарды анықта:
А) Тоқылдақ, бозторай, көкқарға, шымшық, жапалақ
Ә) Тоқылдақ, көкқарға, жапалақ, бөдене, шымшық
Б) Тоқылдақ, жапалақ, бұлбұл, шымшық
5. Тоғайда не көп кездеседі?
А) Биік ағаш Ә) Жидек Б) Жануар
VІ. Қорыту
Рефлексия
(5 мин) Мен нені үйрендім?
Маған не қиын болып көрінді?
Оқушыларға стикерлерін бағдаршамға жапсыруды ұсыну. Оқушыларлың жауаптары тыңдалынады.
Оқушылар стикерлерін бағдаршамға жапсырады.(жасыл-түсіндім, сары-түсініксіз болды, қызыл-түсінбедім).
VІІ. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
(2 мин) Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы бағалау. Ұсынылған стикерді білім ағашына жапсырады. Оқушылардың тапсырма бойынша жауаптарының жиынтық бағалары.
VІІІ. Үйге тапсырма
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі