Когабаева Балнур Дауреновна
№17 И.И.Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының мұғалімі
Меркі ауданы
ҚАЗАҚ ТІЛІ
СПОРТ ТҮРЛЕРІ. ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫ
Сыныбы: 4 -сынып
Мақсаты: Спорт жайлы балалармен өзара әңгіме жүргізе отырып, спорттың адам өміріне, денсаулығына тигізер пайдасы жайлы түсініктерін толықтыру.
Жіктік жалғауларды шығармашылық тапсырмалар арқылы қайталау, білімдерін кеңейту.
Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорларын, қазақша сөйлеу тілдерін дамыту.
Спортпен шұғылданып,салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: суреттер, ойындар,слайд сызбасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу,
- Түгелдеу;
- Назарларын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге: 132-бет, 4-тапсырма
III. Жаңа сабаққа даярлау.
Миға шабуыл.
-Сіздер спорттың қандай түрлерін білесіздер?
-Сіздер спорттың қай түрімен шұғылданасыздар?
-Спортпен шұғылдану қажет пе? Неліктен?
IY. Жаңа тақырып:
-Сабақтың барысымен, мақсатымен таныстыру.
Спорт түрлері: футбол, хоккей, волейбол, баскетбол, күрес, жүгіру, бокс, велоспорт
«бейнефильм» көрсетілді
1. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
әдіс – метод бөлік – часть
жарыс – соревнование әуесқой – любительский
кәсіби – прфессиональный күрес – борьба
ауыр – тяжело (-ый; -ая; ое) жеңіл – легко (-ая; -ое; -ий)
жүзу – плавание мәнерлеп сырғанау – фигурное катание
шаңғы – лыжи таралған – распространенный
даму-развиваться
пайдалы - полезный
2. Мәтінмен жұмыс:
Бейбіт - сыныптағы балалардың ең кішісі әрі нәзігі. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Онысына өзі де намыстанатын.Тез өсіп, үлкен болу – оның арманы еді. Ағалары ауланың бір бұрышына турник орнатып берді. Дене шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды.Үшінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті. Бастауыш мектепті бітірген жылдың жазында спортқа әуес бір топ ауыл балалары бокс үйірмесіне қатысатын болды.Олардан кішкентай Бейбіт те қалмады.Бокстасамын деп жүріп өзінен үлкен балалардан таяқ жеп қалған кездері де болды.Бірақ Бейбіт алған бетінен қайтпады, бокс өнеріне деген ынта – ықыласы арта түсті.
Ой түрткі
Дәптермен жұмыс:
2– тапсырма. Сөйлемді дұрыс құраңдар
Сергіту сәті
«Қара жорға» биі
4– тапсырма. 2сөзді жіктеңдер
Спортшы, бокшы
4– тапсырма. Берілген сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.
Әңгімеге ат қойыңдар.
4-тапсырма Өздік жұмыс:
Диалог құрату
Рефлекция
Спорт туралы не білдік
Қорытындылау
-Сабақта қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Қандай мәтін оқыдық?
-Мәтінде не туралы айтылған?
Үйге тапсырма беру
“ Біз спортты сүйеміз” тақырыбына шағын әңгіме жазу жазу
Бағалау
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі