Тараз қаласы
№ 44 «Ертарғын» балабақшасы
Тәрбиеші: Әбіл Жазира Бауыржанқызы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Досымды өкпелетпе»
Мақсаты: Құрдастарымен ара-қатынастың ережелерін сақтауға үйрету, ойында және ара-қатынаста сыпайылақты көрсете алуға көмектесу. Бір-бірлерін ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: дос
Билингвалды сыңары: друг
Заттың дамыту ортасы: Тақырыпқа байланысты суреттер
Оқу іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің оқу іс-әрекеті |
Балалардың оқу іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Үлкенге де «Сіз», Кішіге де «Сіз». Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. |
Шеңберге тұрып, қимылмен көрсету. |
Ұйымдастырушы іздестіру |
- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде дос туралы айтамыз. - Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар? - Қане, осы суреттерге қарап әңгіме құрастырайық. - Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер? - Достық дегеніміз екі адамның арасындағы сыйластық. Ендеше балалар, бір-біріңе адал, қамқор, тату дос болуларың керек. «Екі дос» өлеңін тыңдайық. «Екі дос» Шекіссек те екеуміз, Үйге жылап қайтпаймыз Сөзімізге бекембіз, Анамызға айтпаймыз. Естімесе өздері, Айтып қанша қажеті? Біліп қойса, біздерді, Ойнатпайды бір жеті. Сергіту сәті Алма баққа барайық, Алма теріп алайық. Ең үлкенін, жақсысын Досымызға сыйлайық. Сұрақ-жауап - Өлең не жайында болды? - Шынайы дос қандай болуы керек? - Бір-бірін өкпелетуге болады ма? - Олай болса достық туралы мақал-мәтел айтайық: 1. Досы көпті жау алмайды. Ақылы көпті дау амайды. 2. Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас. Д/ойын: «Менің досым» Мақсаты: Допты лақтырып, өз достары жайлы айту. |
Балалардың жауабы.
- Достар тату болу керек.
Зейін қойып тыңдаулары.
Тыңдайды. Өлеңді жаттап алу
Қимыл-қозғалыспен жасау.
- Дос туралы
- Жоқ, болдмайды. Бірге қайталау
Ойынды дұрыс ойнай алу |
Рефлексивті түзетушілік |
- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? - Бір-бірін өкпелетуге болады ма? Балаларды мадақтап, сабақты аяқтайды. |
- Ия.
- Жоқ, болиайды. |
Күтілетін нәтиже: Тақырыпты толық түсінулері.
Білуі: Достық қатынасты бағалай білуді
Істей алуы: «Менің досым» өлеңін ойнай алу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі