Күні: Қазақ әдебиеті 7- сынып
Сабақтың тақырыбы Лиро –эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры туралы
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы
Жалпы мақсаты Лиро-эпостық жырлар туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау; білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
Оқыту нәтижесі СТО-ға үйрете отырып, мәнерлеп оқуға, оны талқылауға үйрету
Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге бағынады, бір-бірін тыңдай біледі
Оқыту формасы Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Топтастыру. Миға шабуыл
Құрал – жабдықтар флипчарт,оқулық, кеспе қағаздар
Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 кезең
Ұйымдастыру 2 мин
Үй тапсырмасын тексеру 5 мин Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келгенін сұраймын
Бір бірімен амандасу түрлері арқылы көңіл күйлерін көтеру. Қосымша сұрақтарға жауап береді
2 кезең
Қызығушылықты ояту
3 мин
Мағынаны тану 20мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар, сергіту сәті 2 мин) Мағынаны тану
Қазақтың эпостық жырларының ерекше бір бөлімі-ғашықтық жырлары. Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты-басты үш ерекшелігі бар.
Ең алдымен, батырлардың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет –зары,махаббаты.
Екіншіден,батырлық дастандарда шешуші рол атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласана заңды түрде қабысады.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан лиро-эпостық жырлар туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.
Топпен жұмыс: .Лиро-эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Айман-Шолпан Қыз жібек
Сұлушаш
Ләйлі-Мәжнүн
Құсырау-Шырын Қалқаман-Мамыр
Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады. Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса ,лиро-эпостық жырлардың олардан айырмашылығы-онда көбінесе бір-біріне ғашық болған адамдар жайы,олардың қуанышы мен арман –мқңы,қайғы-шері суреттеледі.
Лиро-эпостық жырдың ішіндегі тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.
Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген жыр. Жыр көп вариантты болып келеді.
Зерттеуші ғалым жылы Қай жерде,кімнен формалары
Орыс ғалымы
Саблуков 1830 Семейдегі көкпектілік жыраудан Жазып алған
Ғ.Дербісалин 1834 Омбының губернаторлық Кеңесінде іс жүргізуші болып істеген Бір үлгісін хатқа түсіреді.
Андрей Фролов 1841 Бұрынғы Аягөз сыртқы окургтік приказының тілмашы Қазақ ақындарының айтуынан жазып алған.
Ш.Уалиханов 1851 Атақты Жанақ ақыннан Жазып алады.
А.С.Пушкин Орынбор жанындағы ауылдарда болып Естіп жазып алады да поэма етіп жазуды ойлайды.
М.Путинцев 1865 Қазақстанға келіп Жазып алып орыс тіліне аударады.
Академик Радлов 1870 Бір нұсқасын жазып алады да,өзінің үшінші томына енгізеді.
Профессор Н.Н.Березин 1876 «Түрік хрестоматиясы» кітабында Бір вариантын жариялайды.
Археолог ғалым Н.Пантусов 1898 Түрік өлкесін зерттеуші Қозы мен Баян моласын зерттеп,өз кітаптарында бастырған.
Орыс тарихшысы
И.А. Кастанье 1910 Оренбург мұражайында Он шақты нұсқасына дерек беріп,бір нұсқасын орысшаға аударады.
Советтік дәуірде М.Әуезов 1925
1936
1939 Мәскеуде
Алматыда
«Батырлар жыры» Бірінші рет басылып шығарылады.
Жанақ айтуындағы нұсқасын шығарады
«Батырлар жыры» жинағына енген.
Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.
Жанақ ақынға тоқталсақ,ол ірі ақын және асқан қобызшы болған.Жанақ өз кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа түскен,үлкен жырлар айтып жүрген.
Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық жыр,күрделі шығарма.
Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.
Жырдың өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның диалогтік түрде берілуі.
Оқушылар жұптасып сұрақтарын талқылап, бір- біріне сұрақтар қою арқылы және тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.
Постер қорғайды
3 кезең
Сабақты бекіту 5 мин Ой толғаныс Не білдік ?
1.Жырдың қандай варианттары бар?
2.Кімдер зерттеген?
3. Жырды неге ғашықтық жырға жатқызамыз? Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
Бағалау3 мин Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма 2 мин Лиро-эпостық жырлар туралы оқып келу және жырдан үзінді жаттау
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі