Өлең, жыр, ақындар

"Экспо дүниежүзілік көрмесі және Қазақстан

 

Title 1

Қарағанды  облысы Приозерск қаласы

"№2ЖОББМ" КММ                                                                                                                                     

                                                                        Амирова Нургуль Галымовна

"ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі және Қазақстан"

Мақсаты: білімділік - 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихымен таныстыра отырып,2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру.                                      -дамытушылық - отанымызда ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу үшін жүргізіліп жатқан шараларға өз ой-пікірін білдіру қабілетін дамыту.                                                                               - тәрбиелік - Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.                                               Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.                                                                                            

 ІІ. Барысы:  1."Тәуелсіздік және ЭКСПО"                                                                                               Сабақтың эпиграфы: «Бұл Қазақстан  үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО - 2017» көрмесін тұрғызамыз,өз  экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз.Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың  ең үздік бренді болады »     Н.Ә.Назарбаев.                                                                                                           2.  ЭКСПО деген қандай көрме? Мұғалім: Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып,барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді.Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған,"экспонат" деген сөзден шыққан,қазақшасы-жәдігер.Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін,жәдігерлерін көрсететін алаң.          Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр.Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы  (ХКБ) құрылған.Штаб пәтері Парижде орналасқан.Қазақстан ХКБ- ға 1997 жылы мүше болып кірді.                Жалпы,ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар.Оның бірі-  халықаралық әмбебап көрме.Ол бес жылда бір рет өткізіледі.Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай  алады.Екіншісі- халықаралық мамандандырылған көрме.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып,2-2,5 жылда бір рет өткізіледі.Мерзімі – үш ай.Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы.Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты  2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді. 3. 3. Халықаралық көрмелердің тарихы.                                                                                    

   1- оқушы: ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның  ханзадасы  Альберт есептеледі. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 163 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген (сол кезде Лондонда 3 млн. адам тұрған болатын). Көрме ғимаратынаның ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын ғимарат - Хрустальді сарай салуды ұсынған Джозеф Пакстон жеңіске жеткен.Викториандық дәуірді дүр сілкіндірген сарай қазіргі күнге дейін сақталмаған.1936 ол өртеніп кеткен.Алғашқы көрмеде сол кезде әлемде өндірілген заттардың барлығын көруге болатын. Бірақ құрал-жабдықтар бөлімі ең үлкен әсер қалдырған: бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, американдық Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған резеңке, қойылтылған сүт, консервіленген азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, «веналық» деп аталатын орындықтар және басқа да заттар. Көрмеден түскен пайда комақты болған - шамамен 186 000 фунт стерлинг. Осы ақша бірнеше мұражайларының құрылысына, солардың ішінде, әйгілі Виктория мен Альберттің мұражайының бой көтеруіне жұмсалған. Ұлыбританияның екінші көрмесі 1867 жылы,ал үшінші көрмесі 1924 жылы  өткен.                                                                               2- оқушы: Наполеон да ЭКСПО-ны қалаған.Көрменің әлемді дүр сілкіндіргендігі соншалық, Францияның императоры III Наполеон өз үйінде осыған ұқсас бірдеңе ұйымдастыруды ұйғарыпты. Ол өзінің шарасын былай атаған екен:Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және өнер көрмесі. Ол 1855 жылы Париж қаласында, 15 мамыр мен 15 қараша аралығында өтіп, оған 5 млн аса адам келген. Көптеген лауазымы жоғары адамдардың қатарында Англияның ханымы Виктория да болған.Дәл сол Парижде адамдар алғашқы рет көгалшапқыш, кір жуу машинасы, сөйлейтін қуыршақ, алты атқыш (револьвер) және мұнаймен қозғалатын алғашқы көлік құралдарының бірі – автокөлік сияқты «инновациялық» өнертабыстарды тамашалаған болатын.                                                             

   3- оқушы: 1867 жылы  француздар тағы да көрме өткізуді шешкен және оны Екінші әмбебап деп атаған.Басты идеясы ғылыми-техникалық революцияның дамуын көрсету емес,елдер арасындағы ынтымақтастықты ретке келтіру еді.Алайда бұл көрмеде өнертапқыштардың туындылары көрсетілген жоқ деген сөз емес. Мәселен, 1857 жылы жұртшылыққа алғашқы рет сүңгу және өртке қарсы костюмдер, гидравликалық жеделсаты,сусындарды бөліп құюға арналған құрал-жабдықтар және басқа заттар ұсынылды. Дәл осы көрме көптеген монархтардың назарын аудартты. Парижге түрік сұлтанының келуі де елдер арасындағы қарым-қатынастың дамуындағы үлкен ілгерілеу болды. Францияның астанасында автриялық император I Франц Иосиф, өзінің канцлері Бисмаркпен бірге келген пруссиялық король I Вильгельм және ресейлік патша II Александр кездескен. ЭСКПО-ға барлығы 15 миллион адам келген.                                 

     4- оқушы: 1889 жылғы Бастилияны алудың жүз жылдығына арналып өткізілген ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. Ол мұнараны француздар әуелде бүкіләлемдік көрме павильондарына жол ашатын арка  ретінде тұрғызған. «Темір ханым» деп атап кеткен мұнараға көрме күндерінің өзінде 2 миллион адам көтеріліпті. Бүгінде бұл мұнара Париждің символы. 1900 жылы Парижде өткен Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінде ІV Халықаралық электротехникалық конгресі өтіп, онда Ресей зерттеушісі К.Персидский алғаш рет өзінің баяндамасында «телевидение» терминін енгізді.                                                                 

     5- оқушы: Парижде 1925 жылы Дүниежүзілік көрмеде қазақтың дарынды әншісі Ә.Қашаубаев қатысқан.Ол этнографиялық концертке қатысып, байқаудан екінші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді. Әміре аты әлемге танылған әйгілі Энрико Карузо және Марио Ланца сынды әншілерді басып озды деуге болады. Қазақ әншісінің ән орындауының арқасында бүкіл әлем біздің елді, қазақ музыка өнері туралы, қазақ елінің ұлттық киімі жайлы білді.                                                  

     6- оқушы: ЭКСПО-1992 Испанияның Севильес қаласында 20 сәуірден 12 қазанға дейін өтті. Көрменің басты тақырыбы – «Жаңалықтар ғасыры».  ЭКСПО -1992 Христофор Колумбтың (1492-1992) Американы ашқандығына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылды.215 га аумақта 100-ден астам ел қатысты. Халықаралық көрме бюросыың мәліметтері бойынша, келушілердің саны 41 814 571 адамды құрады.                                                                                                                         

7- оқушы: 2008 жылғы 14-маусынан 14-қыркүйекке дейін Испанияның маңызды қалаларының бірі Сарагоса "Су және тұрақты даму" тақырыбындағы Бүкіләлемдік көрмені қабылдады. Үш ай бойы барлық назар су тақырыбына аударылды.Сарагосадағы 2008 жылғы ЭКСПO-да, Қазақстан 104 қатысушы елдер арасында "С" санатындағы павильондар арасында павильон рәсімдеудің ішкі және сыртқы критерийлері бойынша қола марапатқа ие болды.Осы Бүкіләлемдік көрмеге қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай көрмені Астанада өткізудің мүмкіндігі туралы айтты.                                                                                 

8- оқушы: 1876 жылы ЭКСПО көрмелеріне ақыры Америка қосылды (Филадельфия қаласы).Көрме ішінде темір жол көлігін қолдану нағыз ноу-хау болды. Дәл сол Филадельфияда алғашқы рет Александр Грэм Беллдің телефоны, Томас Альва Эдисонның телеграфы, Ремингтонның жазу машинасы және «Хайнц» қызынақ кетчупы көрермендер назарына ұсынылды!                                                                                                                            

   9- оқушы: 1893 жылы Чикаго қаласында, Америка құрлығында екінші рет Бүкіләлемдік әмбебап көрме ашылды.Ал 1893 жылғы Чикаго көрмесі Христофор Колумбтың Американы ашқанына 400 жыл толу құрметіне арналды.Христофор Колумбтың құрметіне бұл әлемдік көрме «Колумбтық» деп аталды. 1893 жылғы Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің жалауы Чикаго қаласында жарты жыл бойы – 1 мамырдан 30 қазанға дейін желбіреді. Осы уақыт аралығында бұл көрмені дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген 21 миллионнан астам адам тамашалады.                                       

  10- оқушы: 1904 жылғы Сент-Луис көрмесінің атағын шығарған вафель стаканшаларға салынған балмұздақтар болыпты. Бір ғасырдан бұрынғы сол жаңалық әлі күнге ескірмей келе жатыр.                                                                                                                                                      Чикаго қаласы ЭКСПО-ны 1933-1934 жж. қабылдады.Көрме сондай сәтті өтті – оған 39 миллион адам келді – бұл шығындалған қаражатты қайтарып қоймай, сонымен бірге табыс табуға да мүмкіндік туғызды.Чикагода көптеген жаңалықтар болды, бірақ ең маңызды жетістіктер авиациямен байланысты болды.Бельгия әлемдегі ең алғашқы луна-саябақты ұсынды.                       1962  жылғы Сиэтлдегі Бүкіләлемдік көрменің тақырыбы - “Ғарыш дәуіріндегі адам". IBM компаниясы өзінің алғашқы компьютерлерін көрсетті.                                                                    

      11- оқушы: 1967 және 1986 жылдардағы Канададағы халықаралық көрмелер. Франция Жак-Ив Кусто экспедицияларының олжаларын қалың жұртшылыққа көрсетсе, Кеңес Одағы Юрий Гагариннің Жерді айналып шыққан ғарыш капсуласын әкелді.1967 жылғы  АҚШ   Монреаль қаласындағы павильонда көрермендерге ғарыш кемелері ұсынылды.«Адамдар планетасы» тақырыбындағы көрмеге 50 миллионнан астам адам келген.Салыстырып көрейік: сол жылдары Канаданың халқы небәрі 20 млн болатын.                                                               

12- оқушы: ЭКСПО-1986  Ванкувер қаласының жүз жылдығына орай 1986 жылғы 2 мамыр мен 13 қазан аралығында өткізілген II санатты дүниежүзілік көрме.Көрменің тақырыбы: «Көлік және байланыс: қозғалыстағы және байланыстағы әлем». Қатысаушы елдер саны жүзе жуық, ал келушілер қатары 6,5 млн адамды құрады.                                                               

   13- оқушы: Австралия, 1988 жыл. Жасыл құрлықта өткен бүкіләлемдік алғашқы көрме Австралиядағы Брисбен қаласында 1985 жылғы 30 сәуір-30 қазан аралығында ұйымдастырылды. Көрме тақырыбы - «Техника ғасырындағы бос уақыт».Жәрмеңке 18 млн астам келушіні тартты.ЭКСПО-1988 көрмесі Квинсленд қаласын Австралияның дамыған қаласына айналдырды. 14- оқушы:  1970 жылғы Осакадағы ЭКСПО -да көрме символы – Күн мұнарасы орнылған Фестивальдер алаңы.АҚШ павильонында көрермен назарына «Аполлон-12» ғарыш кемесінің астронавтары әкелген ай тасы ұсынылды.Сол жерде ғалымдар 500 000 есе күшейтілетін электрондық микроскобын және 500 км/сағ. дейінгі жылдамдықпен жүре алатын электромагниттік таянышы бар пойыздардың үлгілерін, толық масштабы ядролық реакторлық макетін, АҚШ пен КСРО-ның сансыз ғарыш кемелері мен алып роботтардың макеттерін ұсынды.                           

15- оқушы: ЭКСПО -1985 Бүкіләлемдік көрмесі 1985 жылғы 17 наурыздан 16 қыркүйекке дейін жапондық Цукуба қаласында өтті. Көрменің тақырыбы - «Адам тұрмысын жақсарту үшін ғылым мен технологияларды дамыту».Көрмеге жалпы 20 млн адам келді және 111 мемлекет қатысты.Дүниежүзілік EXPO-2005 көрмесі Жапон қаласы Нагояда өтті.                                     

 16 - оқушы: ЭКСПО-2010 — 2010 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрме. 2010-жылғы көрме тақырыбы: "Жақсы қала - жақсы өмір".Көрменің жалпы ауданы - 5,28 шаршы шақырым. Көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 млн. адам қатысты. Ұйымдастырушыларға шара 12 млрд. доллар пайда әкелді. Орта бизнес табысы, кем дегенде 20 пайызға артты.Қазақстана павильоны "Азия" аймағында Жапониия мен  Оңтүстік Кореямен көршілес орналасқан. Шанхай ЭКСПО-2010-дағы Қазақстан павильонының басты мақсаты – Астананы халықаралық деңгейде әлемдегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан елдің астанасы ретінде таныстыру. Қазақстан ұлттық экспозициясының  тақырыбы "Астана – Еуразия жүрегі". Павильонға 1млн.жуық адам келді.                                                                     17 - оқушы:ЭКСПО-93 бүкіләлемдік көрмесі Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында 1993 жылғы 7 тамыздан 7 қарашаға дейін жалғасты. Көрменің тақырыбы - дамудың жаңа жолын таңдау.Осы жылы өткен ЕХРО-ның басты символы - ғарыштан келген Кумдори сәбиі.Көрменің орталығы - биіктігі 93 метрлік Үлкен Жарық Мұнарасы.                                                                                          ЭКСПО-2012: 2012 жылғы 12-мамырдан 12-тамызға дейінгі аралықта Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласы «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.Көрме аумағы Халюсидо Ұлттық Паркімен және  Одонг аралымен шектесіп,  табиғи жағдайы EXPO тақырыбын жандандыра түсетін 317 шағын аралдармен қоршалған.Ёсу ЭКСПО-2012 халықаралық қауымдастықтың әлемдік мұхиттың және жағалаудың қызметі мен құндылықтары туралы танымын кеңейтіп, теңіз саласында қызметтесуді жолға қою қажеттігін көрсетті.                                      

  18 - оқушы:Бельгиядадағы халықаралық көрмелер тарихы. Ядролық заман.Еуропаның көрмелер бағытындағы және бір белсенді елі Бельгия болып табылады.1958 жылғы көрменің басты тақырыбы: "Прогресс пен адамзат". Брюссельде  адамдар алғашқы рет жер серігі, атомдық электростацияның үлгісін, жаңа қозғалтқыштар мен болашақ компьютерлердің ізашарларын көрді.Брюссельге 41 миллионнан аса адам келді.Қазақтың ұлы суретшісі Орал Таңсықбаевтың «Қарақұм ГЭС-нің таңы» картинасының 1958 жылғы Брюссель көрмесінде күміс медаль иеленуі оны әлемдік деңгейдегі пейзаж шебері ретінде даусыз мойындатқан болатын.                                              19 - оқушы: "ХКБ" ұйымы.Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.                                                      20-оқушы: Халықаралық көрмелердің тақырыбы.Бұрын халықаралық көрме тек технологиялық мәселелерге арналып келсе,соңғы онжылдықтарда экологиялық проблемаларға,адам мен табиғаттың қарым – қатынасына бағытталып  отыр.( Слайд №3)

Көрме өткен жыл

Көрме өткен қала

Көрменің тақырыбы

1988 жыл

Лиссабон

«Мұхиттар – болашақтың мұрасы» 

2000 жыл

Ганновер

«Адам.Табиғат.Технология»,

2005 жыл

Нагоя

«Табиғат даналығы»

2008 жыл

Сарагос

«Ауыз - су мәселесі»

2010 жыл

Шанхай

«Көрікті қала- үздік өмір»

2015 жыл

Милан

"Планетаны тамақтандыру,өмірге арналған энергия"

2017 жыл

Астана

 «Болашақтың энергиясы»

4. ""ЭКСПО - 2017": Қазақстанның болашағы"                                                                               21 - оқушы: ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.                                                                                             2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының  (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды.                                                                                                                                      2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЭКСПО-2017  көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.                                       

22 - оқушы: 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейне үндеуі жолданды.Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.                                          2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.                                                                                                                   

23 - оқушы: 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізужөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436  Жарлыққа қол қойды.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық еліжәне 10 халықаралық ұйым қатыса алады.Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.                                          

24- оқушы: ЭКСПО -2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.                                                                                  

25 - оқушы: Қазақстан 1997 жылдан бастапХалықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша  «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.                                                               

ІІІ. Қорытынды.Мұғалім:  ЭКСПО - ның пайдасы

қандай? Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден  5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді

 

Title 2

Text 1   Text 2

More text goes here.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз