Өлең, жыр, ақындар

Белгі қою

Смагул Айгуль Нукиевна
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі
Пән: өндірістік оқыту

Сабақтың тақырыбы: Белгі қою

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – алғашқы түсініктерді оқушыларға «белгі қою» жөнінде үйрету және қауіпсіздік техникасына дағдыландыру.

Дамытушылық – өздіктерімен және топпен жұмыс жасауда ұйымдастаруды білуді дамыту.

Тәрбиелік – берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауда қалыптастыру. Өз мамандығына деген қызығушылықты арттыру.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдісі: Жаңа материалды түсіндіру, тақырыбына сәйкес ұйымдастыру..

Техника қауіпсіздігі

1. Белгілеу жұмысын жасаған кезде тақтаны орнату, түсіру жұмыстарын қолғап арқылы орындау қажет.
2. Өнімді тетіктерді тақтаның шетіне емес, орталық бөлігіне орналастырады.
3. Өнімді орналастырмас бұрын оны тексеріп алу қажет.
4. Жұмыс кезінде еркін, ашық үшкірленген құрғақ қорғау қораптарын немесе арнайы қалпақтармен жабу қажет.

Белгі қою (разметка)

Детальдың  дәл өлшемін және пішінін алу үшін белгілі бір қабатын алу қажет. Өңдемес бұрын оны алдын – ала өлшеп аламыз. Белгі қою дегеніміз –бұл деталь сызбасы бойынша контурын (жиегін) сызып белгі қою. Қойылған белгі бойынша механикалық цехтарды өнімді өңдейміз.

Белгі қою дара аз сериялы өндірісте қолданады.

Ірі сериялы және жаппай өндірістерде, арнайы кондукторлар, тіректер секілді арнайы тетіктер қолданылады.

Белгі қою 2-ге бқлінеді:

1. Жазықтықта

2. Кеңістікте

Жазықтықты белгі қою беттік материалдарды өңдеу кезінде қолданылады. Бұл кезде бір жазықтық бойынша белгі қойылады. Жазықтықты белгі қоюдың дәлдігі жоғары емес (0.2) (0.5) мм.

Кеңістікті белгі қою машина жасау өндірісінде көп тараған түрі. Белгі қоюдың бұл түрінің ерекшелігі детальдың өлшеу беттерін белгілеумен бірге олардың бұрыштарын келтіріп, үйлестіру қажет.

Белгі қоюға дайындау.

Белгі қоймас бұрын мынадай жұмыстарды орындау қажет:

1. Өнімді шаң тозаңнан, лайдан, тот басқан жерін арнайы, темір ысқышпен тазалау қажет.
2. Өнімді тексеріп, бұзылған, қабыршақтанған, сызат түскен беті болса, белгі қою жоспарын жасап, мұндай ақаулардың алдын-алу үшін шара қолдану қажет.
Өңделгеннен кейін деталь бетіне ақау болмас үшін, өнімнің барлық өлшемі дұрыс, дәл есептелнуі қажет.
3. Белгіленуге қоылған деталь сызбасын оқып, детальдың өлшемдерімен ерекшеліктерімен танысу қажет.
4. Бетті сырлауға дайындау қажет.

Сырлау үшін әр түрлі қоспаларды қолданады:

1. Суда ерітілген бор, яғни 8л суға 1кг борды ертеміз.Қоспа құрамын қайнауға дейін апарып, 1кг борға 50г сұйық желілім құйылады.Оны қайтадан қайнатып арнайы қоспаны құяды.
2. Қарапайым құрғақ бор.
3. Мыс купоросы ерітіндісі.
1стакан суға 3шай қасық купорос салып, оны ертеді.Шаң-тозаңнан, ластан, майдан өнімді тазартып алынған ерітіндімен сырлаймыз.Өнім бетіне мыстың өте жұқа пайда болады және оған белгі қою өте жақсы жасалады.Шойын, болат өнімдеоі үшін арналған.
4. Спиртті лак.Спиртке фуксин қосады. Сырлаудың бұл әдісі орташа нәрсе беттерін өңдеу кезінде қолданылады.
5. Тез кебетін лактар мен сырлар үлкен болат және шорйыннан жасалатын беттерді өңдеу үшін арналған.Түсті металдар, беттік, пішіндік болат материал лакпен немесе сырмен сырланбайды.
Белгі қою кезде кездесетін ақаулар
1. Берілген сызбамен өнім бетіндегі белгіленген өлшемнің дәл келмеуі.
2. Рейсмас құралын дұрыс орналастырмаған жағдайда.
3. Өнімді тақтаға дұрыс орналастырмаған жағдайда.

Жазықтықты белгі қою тетіктері:

Белгі қою тақталарында деталь және барлық қолданылатын тетіктер мен саймандар орналастырылады. Белгі қою тақталары аз түйіршікті сұр шойыннан жасалады. Тақтаның жоғарғы бөлігі, жұмыс беті және қапталы сүргілеу станоктарында өңделіп, сонан соң шаберленеді (шаберлеу –металл бетін қыру). Кішкентай тақталарды столға бекітеді немесе шойын тумбаға бекітеді, ал үлкен тақталарды кірпіш ірге тасқа орналастырады.

Жазықтықты белгі қою саймандары:

Белгі қою саймандары, яғни инелері сызғыш арқылы немесе бұрыштама шаблондар көмегімен бетке сызып белгі қою үшін қолданылады. Белгі қою инелері У-10 құрал-саймандық болаттардан жасалады немесе У-12 болатынан жасалады.

Белгі қою инелерінің үш түрі бар:

1.  Дөңгелек инелі
2.  Басы иілген инелі
3.  Инесі бекітілген

А) Дөңгелек белгі қою инесі ұзындығы 150-200мм, диаметрі 4-5мм болат – стержень.

Б) Басы иілген инесі екі жағынан үшкірленген және бір бөлігі 900 бұрышқа иілген. Иілген бөлігімен белгі қою кезінде қиындықпен орындалатын белгі құралы үшін бекіту құралы ретінде үшкірленген және шынықтырылған стерженьдер қолданылады.

Белгі бір тереңдікте сызық жүргізу үшін кернер құралын пайдаланады.

Кернердің мынандай түрлері бар:

1.  Қарапайым
2.  Арнайы
3.  Серіппелі
4.  Электрлі

Қарапайым кернер –бұл ұзындығы 90-100-125-150 мм және диаметрі 8-10-12-13-15-20 мм болатын сфера тәріздес құрал. Өткір кернерлер тегістеу (шлифовальный) станоктарында 600 бұрышпен ұшталады.

Арнайы кернерлер –кішкентай тесіктермен радиустарды алу үшін қолданылады. Мұндай кернерлерді жұмыстың сапасын жоғарылатып, өнімділігін арттыра түседі.

Серіппелі кернерлер –жұқа және жауапты нәрселерді белгілеу үшін қолданылады. Оның жұмыс мақсаты: қысып, серіппелерді сол мезетте босатудан тұрады.

Электрлі кернер –қораптан, серіппеден, катушкадан, кернерден тұрады. Циркуль дөңгелек, доғаны және кесінділерді белгілеу бөлу үшін қолданылатын құрал. Ол өлшеу сызғыштарынан деталь бетін өлшеп белгілеу үшін арналған, белгілеу үшін арналған циркульдар қарапайым және серіппелі болып бөлінеді.

Белгі қою штангенциркуль тіке сызықты, центрді өте дәл белгілеу үшін арналған. Сонымен бірге ол өте үлкен диаметрді белгілеу үшін қолданылады.

РЕЙСМАС

Бұл кеңістікте белгі қоятын негізгі құрал болып табылады. Ол параллель, тіке көлбеу сызықтарды жүргізу үшін және тақтада орналасқан детальдарды тексеру, бақылау үшін арналған.

Қорытынды бөлім.

Мақсаты: сабақты қорытындылау.

•    Оқушылардың жұмысын сараптау және көрсету.
•    Жұмыстың презентациясын өткізу. (оқушылардың қорғауы)
•    Берілген тапсырманың орындалуын қорытындылау.
•    Жақсы жұмысты көрсетіп сараптау.
•    Қауіпсіздік техника ережелерін сараптау.
•    Болған қателіктерді анықтап, келесіде болдырмау шараларын қарастыру.
•    Оқушылардың қорытынды бағасын жариялау.
•    Үйге тапсырма беру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз