Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы
№5 "Ертегі" бөбекжайы қазақ тілі мұғалімі Темір Алмагүл Сабыржанқызы
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
1. Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау арқылы білімдерін қорытындылау;
2. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептерді білу арқылы балалардың білімін тиянақтау;
3. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, салыстыру.
Көрнекіліктер: «Сиқырлы қалам» және «Ақылды балапан». Ертегілер суреттері, атрибуттар, текшелер, жолақтар, 1-ден 10-ға дейінгі сандар, музыка.
Сөздік жұмысы: Ертегі – сказка - turnip, қасқыр – волк -wolf , ешкі – коза -goat , сандар – цифры - counts, пішіндер – фигуры -shapes , мысық – кошка - cat, қыз – девушка -girl , сиыр – корово -cow , ағаш – дерево -tree , сатушы – продавец -seller , тауық – курица -hen , тышқан – мышка -mouse .
Жұмыс барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – шығармашылық |
Ән-күй залына кіріп, дөңгеленіп отырады. Тақтаға ілінген ертегілер, үлестірмелі материалдар қойылады. Интерактивті тақта пайдаланылады. Таңғы жиын: Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Таза ауаны жұтайық, Жүрекке жылу сыйлайық, Жинаған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық. Сәлеметсіздер ме, балалар? Қалдарыңыз қалай? Бүгінгі сабағымызға дайынбыз ба? Ендеше балалар, сабағымызды бастайық. Өз орындарына отырғызу. |
Балалардың назарын ертегілер саяхатына аудару.
Балалар шеңберге тұрып, жүреккке жинаған жылы шуақтарын сыйлайды.
- Сәлеметсіз бе! - Жақсы. - Иә, дайынбыз. |
Ізденіс–ұйымдас тырушылық
|
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Елордамыз қай қала? -ҚР-ң елбасы кім? -ҚР-ң рәміздерін ата. Енді балалар біз қазір ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегілер еліне паравоз болып барайық. «Қасқыр мен жеті лақ» -Қандай ертегі еліне келдік? -Ой, балалар мына жерде ешкі жылап отыр екен. Кәнекей, не үшін жылап отыр сұрап көрейік. -Ешкі, ешкі сен неге жылап отырсың? Ешкі: Менің лақтарымды қасқыр босатпай жатыр, егер тапсырмаларымды орындасаң ғана босатамын дейді. Ал, мен тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Балалар ешкінің жағдайы мәз емес екен. Кәнекей, тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе? 1.1-ден 10- ға дейін тура және кері санау (қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде). Дидактикалық ойын: «Жоғалған санды тап» Тақтаға сандарды бейнелеп, жоқ санды балалар өздерін айтып, табады (қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде). 2. Кім санамақ біледі? 3. Сандардың көршісін тап (қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде). 4.Мына суреттер қандай пішіндерден және түстерден құралған? 5.Логикалық есептерді шеш: Жан-жаққа кетті зымырап, Мысықтан қорыққан тышқандар Қорапқа кірді біреуі, Артынан кетті екеуі, Тығылды сонда нешеуі?
Ағаш басында сегіз торғай отыр, оның үшеуі ұшып кетті. Барлығы қанша қалды? Қасқыр: Жарайсыңдар, сендер барлық тапсырмаларды белсенді орындадыңдар, мен лақтарды босатамын. Ешкі риза болып, қоштасып кетеді. Балалар кілемшеге отырып, психологиялық жаттығу жасап шаршағанымызды басайық. Сергіту сәті. «Ақ бұлақ» «Мақта қыз бен мысық» ертегісі Бұл ертегі кезінде балалар, біз ешқандай тапсырмаларды орындамаймыз. Біздің бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, ертегі желісі бойынша көрініс көрсетеді. Балалардың дайындаған көрінісі "Мақта қыз бен мысық" ертегісі. әрқашанда достығымыз жарасып, тату - тәтті өмір сүрейік достар. Балаларды мадақтап, орындарына отырғызу. |
Қазақстан Астана Н.Ә.Назарбаев Ту, Елтаңба, Әнұран Балалар ертегілер еліне саяхатқа даярланады.
-«Қасқыр мен жеті лақ» - Көмектесеміз
Ешкінің берген тапсырмаларын қарап, орындалуға дайындалады.
-Балалар тура және кері санайды. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1. Балалар тақтада көрсетілген сандарды мұқият қарайды да, жоқ сандарды белгілейді. Санамақ: Бір дегенім - бесік, Шықтым содан өсіп. Екі дегенім - елім, Далам, тауым, көгім. Үш дегенім - үміт, Үміт артар жігіт. Төрт дегенім - төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім - бақыт, Бағалайтын уақыт. 5,3,7,10 сандардың көршісін табады. Сурет бойынша пішіндерді ажыратады. Дөңгелек – круг – circle Үшбұрыш – триугольник-triangle Шаршы – квадрат – square Сопақ – овал-oval Сары – желтый – yellow Жасыл – зеленый – green Көгілдір – голубой – blue Қоңыр – коричневый-brown -Үш – три - three - Бес – пять – five Балалар ешкіге көмектескендеріне қуанып, ешкімен қоштасады. Балалар орындарынан тұрып, кимыл-қозғалыстарын қайталайды. Ертегі көрінісіне қатысатын балалар дайындалып, өз өнерлерін көрсетуге шығады. Мұғалімнің айтқанын тыңдап, балалар бір-біріне күлімдеп, құшақтасады. |
|
Сабақты қорытындылау. Диаграмма жасау: -Бүгін біз қайда саяхат жасадық? -Бірінші қандай ертегіге кездестік? -Онда қандай тапсырма орындадық? -Екінші ертегіміз қандай? -Ертегі желісі бойынша не істедік? Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау. Тосын сый. Ешкі балаларға өзінің алғысын айтып, ертегілер елінен әкелген сыйлығын береді. Кәнекей балалар шеңбер құрайық, Қонақтармен қоштасайық. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық. |
-Ертегілер еліне -«Қасқыр мен жеті лақ» -Сандарды тура және кері санадық, санамақтар айтық, пішіндерді ажыраттық. -«Мақта қыз бен мысық» -Көрініс көрсеттік.
Балалар ешкіге көмектескендеріне қуанып, шаттанады.
Шеңберге тұрып, қонақтармен қоштасады.
|
Есекеева Камшат Жанбырбековна
бəрі керемет