Сабақ: Сауат ашу Ұлттық ойын туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі. |
Мектеп: «Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі МДШО және МЖИ» КММ |
|||
Күні: 23.02.2017ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Сыздықбаева Индира Кенжебаевна |
|||
Сынып: 1 «А» |
Қатысқандар: - |
Қатыспағандар:- |
||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту. 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллирафиялық талаптарға сай жазу. |
|||
Сабақ мақсаттары: Білу және түсіну |
Барлық оқушылар: Сөздерді буындап оқиды, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Оқушылардың басым бөлігі: Мәтінді оқи алады, суреттерге сипаттама бере алады. Кейбір оқушылар: Тыңдаған мәтін туралы өз ойларын айта алады. |
|||
Бағалау критерийлері:
|
Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді; Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айта алады; Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллирафиялық талаптарға сай жазады; |
|||
Пәндік лексика және терминдер |
Велосипед –bicycle (байсэкл) Трамвай – tram (трэм) Автобус - bus (бас) |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Дене шынықтыру, ана тілі |
|||
Бастапқы білім |
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған тапсырмалар |
Ресурстар |
||
Басы 1 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың қызығушылығын ояту Қайырлы таң, Алтын күн, Қайырлы таң, Жер ана. Қайырлы таң, достарым, Қуанышты күн болсын. - Жарайсыңдар, балалар, көңіл - күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз. |
АКТ
|
||
Ортасы 5 мин
|
1- тапсырма. Тыңдалым. Тақтаға назар аударту «Ат жарысы» бейне жазба. Ал, балалар біз не көріп тамашаладық? Балалар жауабы тыңдалады. Тағы қандай ұлттық ойындарды білеміз? - Ат жарысына төмендегі қай көлікпен беруға болады деп ойлайсыңдар? - Велосипед сөзіндегі бізге таныс емес дыбыс кандай дыбыс? (буынға бөлгізу) - Яғни «Ұлттық ойын» бағдарламасының бүгінгі қонағы В әрпі мен дыбысы. В дыбысының айтылуымен таныстыру В – ұяң дауыссыз дыбыс |
АКТ Ұлттық ойын бейне жазба
|
||
Дескриптор: |
1.Бейне жазбадан көргендерін әңгімелей алады 2.Сөздерді буынға бөле алады 3.Буын санын анықтай алады |
|||
20 мин
|
2-тапсырма. Оқылым. Велосипед Трамвай Автобус Осы сөздерді үш тілде айтып жаттықтыру Мәтінді оқып, ұлттық ойынның атын тапқызу. «Ат жарысы» немесе «Бәйге» «Ат жарысы» ұлттық ойыны туралы білетіндерін айтқызу. 3-топтық тапсырма . 5-топ «Суретпен жұмыс» (суреттегі затты сипаттап айт) 6-топ «Жұмбақтарды оқы, шешуін жаз» ( шешеуін жазады) |
|||
Дескриптор
|
1. Сөздерді буындап, кейбір сөздерді тұтас оқи алады. 2.Ұлттық ойынның атын айта алады. 3.»Ат жарысы» туралы түсінік бере алады 4.Әріптерден сөз ойлап, жаза алады, буындардан сөз құрайды, суреттен сөйлем құрайды, затты сипаттап айта алады. |
|
||
Сергіту сәті 1 мин |
Аспанға қарап ай көрдім, Жерге қарап жер көрдім. Оңға бұрылдым, Солға бұрылдым, Егеменді ел көрдім. |
Сергіту сәті жинағы |
||
Соңы 15 мин
|
4-тапсырма өздік жұмыс. В дыбысының жазылу ережесімен таныстыру. Жұмыс дәптеріне жазу. - Сонымен балалар В дыбысын қандай дыбысқа жатқызамыз? - В дыбысы қандай сөздерде кездеседі? |
АКТ жұмыс дәптері |
||
Дескриптор |
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллирафиялық талаптарға сай жаза алады. |
|
||
Рефлексия 3 мин |
«Білім ағашы» Білім ағашына алмалар ілу Түсіндім –жасыл алма, сұрағым бар- сары алма, түсінбедім – қызыл алма. |
Білім ағашы-ның суреті, стикер |
||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Смайлик тарату арқылы, бас бармақ әдісі арқылы. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсыр-малар қоюды жоспарлап отыр-сыз? Әр вагонға тиісті сөздерді орналас-тыр. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? (Жарайсың, тамаша, өте жақсы) |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі