Жакупова Гүлдана
Қызылорда қаласы
«ДАМИР» балабақшасы
Тақырыбы: Классикалық би.
Мақсаты: балаларға классикалық деми плие комбинациясымен аяқ қимылдарын үйретіп жәнеде оны мұқият тыңдай отырып,аяқ қалыптарын ажырата алу, бірге би билеу, классикалық биге деген қызығушылығын ояту жәнеде есте сақтауға дағдыландыру.
Қолданылатын әдiс-тәсiлдер: көрсету, түсіндіру.
Қолданылатын көрнекiлiктер: тақырып туралы сурет А 3 формасында,слайт.
Іс-әрекет кезеңдері |
Би жетекшісінің іс- әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Балалардың залға кіруі. Балалрдың сәлемдесуі. Шаттық шеңбері: Кел балалар күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік. |
Балалар шаттық шеңберін жасады. Балалар би жетекшіге назар аударды.
|
Ізденуші ұйымдастырушы |
Таңғажайып сәт: Таңғажайып сәтте биші қызымыздың әуен арқылы билеп шығуы.Биши қыз балалармен дос болуы,жәнеде балаларға өзімен бірге тамаша би алып келуі.Сонымен қатар балалармен қосылып би биледі.Және биші қыз балалардың өнерін тамашалады.Балаларға би үйірмесі оқу қызметінің тақырыбын айтып түсіндіру.Классикалық би ежелгі тарихта бідің эрамызға дейін төртінші және бесінші ғасырды пайда болған.Классика латын тілінен аударғанда: ғибыратты,өнегелі, тәлімді деген мағынаны білдіреді.Одан соң би қимылдары өрнектелген,көрнекілікті көрсету және слайтпен тақырыпты ашып көрсету.Балаларды қызықтырып қабырғадағы би туралы суреттерді көрсетіп таныстырып өту. Сонымен қатар Хатха йога элементтерін пайдалана отырып балаларға дене шынықтыру жасау яғни балалардың денесін қыздыру. Хатха йога дегеніміз ха -күн ал тха -ай деген мағынаны білдіреді жәнеде йога сөзі -бірлесу деген мағынаны білдіреді.Йога психологиялық,рухани жәнеде физикалық практикаларды қамтитын ежелгі Үндістанда пайда болған ұғым. Йоганың мақсаты тән мен жанның үйлесіміне жету.Дене шынықтыру арқылы жан саулығымен сергектігін жетілдіру.Йога жүйесіндегі басты мәселе, жаттығу тәсілдері арқылы жеке адамды өзін- өзі ұстауға өзінің сезімі мен мінез құлқын бақылауға жан дүниесін баулуға үйрету. Аяқтың алты қалпы мен деми плие комбинациясын жасау.Ары қарай аяқтың алты қалыпы мен қосымша деми плие комбинациясын атап өтсек :Екі аяғымызды екі жаққа қойып және өкшелерді бір біріне тигізуді аяқтың бірінші қалпы дейміз.Ал екі аяғымызды екі жаққа қойып, екі аяқтың ортасына бір аяқтың орнын қалдырып аяқты ашып қоюды аяқтың екінші қалпы дейміз.Бір аяғымызды қойып,екінші аяғымыздың өкшесін,бірінші аяққа тигізіп қоюды аяқтың үшінші қалпы дейміз.Бір аяғымызды алға қойып,арасыны бір аяқтың орындай орын қалдырып,одан соң екінші аяғымызды артқа қойып,бірінші аяғымыздың бармағын екінші аяғымыздың өкшесіне сәйкестендіріп,екінші аяғымыздың бармағын бірінші аяғымыздың өкшесіне сәйкестендіріп орналастыруды аяқтың төртінші қалпы дейміз.Бір аяқты алға қойып екінші аяқты артқа жақын қойып,бірінші аяғымыздың бармағын екінші аяғымыздың өкшесіне сәйкестендіріп,екінші аяғымыздың бармағын бірінші аяғымыздың өкшесіне сәйкестендіріп орналастыруды аяқтың бесінші қалпы дейміз.Екі аяқты түзеу бір бірінің жанына қойып орналастыруды аяқтың алтыншы қалпы дейміз.Деми плие -француз тілінен шыққан майыстыру отыру балет термині. Бір аяқты немесе екі аяқты майыстыру,немесе бір және екі аяқта отыру деми плие комбинациясы дейміз.Деми плие - әр түрлі аяқ қалыптарында жасалатын жеңіл отырып тұру. |
Балалар өздеріне берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты.
Балалар би жетекшінің іс -әркетін мұқият бақылап және іс қимылдарын қайталап отырды.
Балалар би жетекшінің іс -әрекетіне зер салып,би жетекшінің берген тапсырмасын жақсы ыждағаттылықпен орындап шықты. |
Рефлексивті коррекциялаушы |
Балалар сендерге бүгінгі тақырып ұнады ма? Қорытынды: Балалар бугінгі би үйірмесінің оқу қызметі тақырыбы «Классикалық би».Балалардан жеке -жеке аяқтың 6 қалпын және деми плиені бірнеше рет сұрау. Балалар сендер шаршаған боларсыңдар?Ендеше қәнекей бәріміз бірге ойын ойнайық, ойынның тақырыбы- Кім мықты ? Балаларға ойын шартын айтып түсіндіріп өту.Балалармен көңілді кім мықты?ойынын ойнау,баларды шеңберге қою. Яғни әр бала аяғын екінші қалыпқа қойып,ұшып жүрген шыбынды шеңберде тұрып ұстау. Сонымен қатар ойын арқылы екінші қалыпты тереңірек ұғыну. Балаларға тамаша өнері мен еңбегі үшін сыйлық ұсыну. |
Иә- ұнады.
Балалар қызықты Кім мықты? ойынын ойнады.
Балалар би жетекшінің сый сияпатын қабыл алды. |
Күтiлетiн нәтиже
Бiлгенi: Классикалық би
Үйренгенi: Аяқтың алты қалпын және деми плие комбинациясын келтіріп жасауды
Жасай алады: Деми плиені онымен қоса әр түрлі аяқтың алты қалыптын толық шүбасыз
Кенжегул
Керемет сабақ