Мектепке дейінгі ұйымның инновациялық іс-әрекет ету жағдайындағы тәрбиешінің жұмысының негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, оның жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына ықпал ету. Бүгінгі мектепке дейінгі балалар алдында тәрбиеленушілерге білім берумен қатар, олардың ақыл ой белсенділігін, қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр. Сондықтан әрбір педагог әр баланың қабілетін арттыру үшін ол баламен жеке жұмыс жүргізу тиісті.
Педагог баланың жас ерекшеліктеріне тән қабылдау және ойлау процестері, оның жеке басының даму заңдылықтары жөнінде білудің елеулі маңызы бар.
Сәбилер тобындағы балалардың көпшілігінің сөздік қоры аз, әлі өз беттерімен сөйлеуге үйренбеген. Сондықтан олармен ойындар көбірек өтіледі. Ойынның әр түрі тәрбие мақсатына қарай, алмастырылып отырылады. Бұдан басқа аулаға, серуенге шыққан кезде де, түрлі бақылау уақыттарында да ойынға ерекше көңіл бөлінеді. Ойын арқылы сәбилер өмір тіршілігіне қажетті жайттармен танысады. Көргенін айтып беру арқылы сөйлеуге жаттығады. Өйткені әрбір ойын оқылған материалды бекіту, мазмұнын айқын түсіндіру, көрген заттарын ойын арқылы нақтылап, есіне сақтау мақсатында өтіледі. Ойын арқылы әр баламен өткізген жеке жұмыстың нәтижесі анықталады.
Балалармен жеке жұмыс жасағанда балалардың таным процестерін дамыту үшін әртүрлі жеке жұмыс арқылы жаттығулар жасалынады. Қол, саусақ моторикасын дамытуға арналған ойыншықтар алынып әр баланың дамуына жағдай жасалады, үлесі қосылады.Топта топтастырған құм терапиясына, су терапиясына, ертегі терапиясына арналған зоналар белгіленіп жұмыс жасалынады. Құм терапиясының пайдасы өте зор. Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырып, ұйықтап жатқан клеткаларын оятады. Су терапиясы баланы сезімталдыққа баулып, сезу мүшесін қалыптастырады. Ертегі терапиясы арқылы баланың қиялы ұшқырлана түседі. Моншақтарды түсіне қарай орналастыру арқылы бала икемділікке тәрбиеленеді. Осындай жұмыс түрлерін жеке балалармен ұйымдастырып келеміз.
Қандай да бір жұмыстың өнуіне үш шарт керек. Ең бірінші ниет керек. Екінші күш керек. Үшінші тәртіп керек. Осы керектің бәрін іске асыру үшін сабыр керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейлерінің картасын құруда педагогтарға индикаторларға сүйене отырып, білім беру салаларының барлық бөлімдері бойынша баланың құзыреттіліктерінің дамуы деңгейін өздері анықтауға мүмкіндік беріледі.
Қорытындылай келе күшті және әлсіз жақтарын анықтап, шешу жолдарын қарастырып, әр баламен жеке жұмыстар жоспарланады. Атап өтетін болсақ:
«Денсаулық» білім беру саласы бойынша бастапқы, аралық, қорытынды мониторинг көрсеткішінде балалардың бағдарламаны қаншалықты меңгергендігінің деңгейінде: денешынықтыру бөлімінде 1 деңгей бойынша бала не басқа іс – әрекетті жасауда төменгі көрсеткішті көрсеткен жағдайда балалармен жеке жұмыс жүргізу жолында төмендегідей талаптар басшылыққа алынады.
-заттарға шығу (гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге және т.б.);
-тұру, қолын жоғары көтеру, түсуді дағдыландырын терең меңгерту;
-допты екі қолмен лақтыруды, қағып алуды, дәлдеп лақтыруды кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан қағып алуға дағдыландыру.
«Коммуникация» білім беру саласы бойынша төмен көрсеткішке ие болған балалармен жеке жұмыс жүргізу жолында төмендегідей талаптар басшылыққа алынады.
- өздерінің тәрбиешілерінің, күтушілерінің атымен, әкесінің атымен атуды үйрету;
- зат есімнің көпше түрін пайдалануда қалыптастыру;
- заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттердің атауын білуге үйретуді тереңдету.
«Таным» білім беру саласы бойынша жеке жұмыс жүргізу бағыты:
- түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастыра білуді дағдыландыру;
- заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алуда үйшіктің, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба білуге үйретуді картиналардың сапасына қарай қолдану;
- аулаға ұшып келетін құстарды аттарын және ажырата білуді меңгерт жұмыстарын дидактикалық ойындар арқылы енгізу.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша арнайы бөлімдерге байланысты жекелей жұмыстар қолға алынады. Қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер құрастыруға және орналастыруға дидактикалық ойындар алынады. Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгеруде үлкен кесектен кішкентай бөліктерді бөліп алуда, оларды біртұтас етіп біріктіруде, сазбалшықты өздігінен илеуге дағдыландыруда күнделікті бос уақыттарда бірлескен жұмыс жүргізіледі.
Әрине баланың шығармашылығын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын жаттығулар мен тапсырмалар, әдістер мен тәсілдер сан алуан. Мекемеде ұйымдастырылатын оқу-қызметінің құрылымына шығармашылық пен зерттеуді ендіру және қолдана алу әр педагогтің шеберлігіне байланысты. Мектепке дейінгі мекеме баласы ермексаз тәріздес, қандай пішінге келтірсең сол қалыпта ары қарай орта буынға кетеді. Баланың шығармашыл не болмаса қалыпты, басқалардан ешбір айырмашылығы жоқ тұлға болары біздер, педагогтар қолында.
Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектепке дейінгі мекемеде болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жөні бөлек көзқарастарды, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Әдебиеттер:
- «Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». Астана. 2004.
- Әбенбаев. С. «Балабақшадағы тәрбие жұмыcының әдicтерi», 1999ж
- Иманбаева. Б.И. «Тұлғаны тәрбиелеуде cубьектiлерiнiң мүмкiндiгiн кiрiктiру», 2009ж
- Мектепалды даярлықтың үлгілік оқу бағдарламасы, 2016 ж
- Линькова Н.Н., Калиниченко В. Н. 2 жастан бастап 3жасқа дейінгі балалардың құзыреттілік қалыптасу деңгейін бағалау жұмыс дәптері,2013ж.
Асанова Сауле Турсуновна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі