Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
№26 орта мектеп
«Күн» шағын орталығы
«Тамшы» тобының тәрбиешісі
Тауданбек Арай Тауданбекқызы
«Тамшы» ортаңғы тобының технолгиялық картасы.
Технологическая карта учебной деятельности в средней группе «Тамшы».
Өткізілетін күні, айы, жылы/Число, месяц,год проведения: 15. 12. 2016 ж./г.
Тәрбиеші/Воспитатель: Тауданбек А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/
/Раздел организованной учебной деятельности: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы/ Тема: Тәуелсіздігіммен мақтанамын
Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Тәуелсіздік жайлы алғашқы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар/ используемый материал: ҚР рәміздері, слайд, Астана суреті, Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков суреттері
Тілдің үштұғырлығы/трехязычие:
Іс-әрекет қызметі/ Этапы деятельности |
Тәрбиешісінің іс-әрекеті/ Деятельность воспитателя |
Балалардың іс-әрекеті/ Деятельность детей |
Мотивациялық-қозғаушылық/ Мотивационно-побудительный |
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Ел тілегі -тәуелсіздік» атты оқу-іс әрекетімізге қош келдіңіздер! Алдарыңызда «Тамшы» тобының тәрбиеленушілері! Қарсы алыңыздар! Баршаңызды ұлық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Құрметті ата-аналар! Осы мерекеге арнап ізімізді жалғастырар жас ұрпақ, кішкентай бүлдіршіндеріміздің жапсыру сабағында өз қолымен жасаған гүл шоқтарын қабыл алыңыздар! Тәрбиеші: Әнұраны елімнің - Балалар, біздің республика қалай аталады - Дұрыс, айтасыңдар, жарайсындар! Олай болса ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының Гимнімен бастайық. Қане, балалар, барлығымыз тік тұрып, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, Гимнге құрмет көрсетейік Бүркіттің дыбысын қосу. Балалар, бізге қыран бүркіт ұшып келіпті. Хат ала келді. х\атты оқу үшін сұраққа жауап айту керек. - Біз қай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан қандай республика? Дұрыс, айтасыңдар. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. - Біздің ұлтымыз кім? - Біз қай тілде сөйлейміз? - Бас қаламыз қай қала? |
"Көк тудың желбірегені" музыкасының әуенімен залға кіріп, залды айналып келіп ортаға тұрады. Қолдарында гүл шоқтары
балалар гүл шоқтарын қонақтарға тапсырады
Қазақстан. - Қазақстан - Тәуелсіз. - Қазақпыз. - Қазақ тілінде - Астана қаласы. |
|
Жарайсыңдар, балалар, қыранқұстың барлық сұрағына дұрыс жауап бердіңдер. Алдаркөсе де тек келмепті, Астанада Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған той болып жатыр дейді. Ол сендерді сол тойға шақырып келіп отыр екен. Астанаға барғыларың келеме? |
|
Ұйымдастыру-іздестіру/ Организационно-поисковый |
Олай болса, жүріңдер пойызға отырайық! Дауыс: Өскемен -Астана пойызына отыруға дайындалыңыздар. 5 минуттан кейін пойыз жолға шығады. ( компьютерден пойыз жүрісінің дауысын қосу) - Міне, Астанаға да келіп жеттік. (Осы жерде слайд көрсетіледі. Астана қаласына қысқаша шолу.) - Біздің елбасымыз кім? (слаидтан көрсетіп тұру) (слаидтан туды, елтаңбаны көрсету) -Мынау не? Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар? -Мынау не? - Елтаңбада не бейнеленген? - Дұрыс айтасыңдар. Балалар, көрдіңдер ме, бізде қандай тамаша рәміздер бар. Дидактикалық ойын: «Өз туыңды тап, өз әнұраныңды тап» Осының барлығы тәуелсіздігіміздің белгісі екен. Үш тілде тақпақтар Көк туымыз желбіре-желбіре Биікке аспанға Бізбенен кел бірге Сапқа тур жасқанба Музыка ойнайды. Көрініс Желтоқсан құрбандары жайлы қысқаша мәлімет беру.
Сонымен біз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздікке қол жеткіздік. 25 жыл осы мерекені тойлап келе жатырмыз. Бұл тойда ақындар айтысады, палуандар күреседі, ұлттық ойындар ойнатылады. Ал біз «Ханталапай» ойынын ойнап жіберейік. Ойынның шартымен таныстыру. «Туған жерді гүлдендір» ойыны ("Туған жер" әні ойнап тұрады) Тәрбиеші: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! |
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Ту - Елтаңба
Әмина тақпақ
Эльфия, Іңкар, Алинур Адэль, Эльдар
Қарақат тақпағы.
(Балалар ата-аналарымен бірге алдын ала суреттері жапсырылған түрлі - түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстанның макетіне апарып гүлдерін орналастырады.) |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі