Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК "Құлыншақ" балабақшасының
тəрбиешісі Акимова Айнұр Такиновна
1. Жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және біздің бүгінгі балабақшамен қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз! Бүгін бізде үлкен мереке, балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне бүгін балабақшамен қоштасқалы отыр.
Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.
2. Жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ болып өскен ойымызға
Қош келіпсің апайлар ата-аналар
Балабақшамен қоштасу тойымызға
Міне бүгін балаларымыз балабақшадан көп дос тауып, орыс тілі, сурет салуды ‒ үйреніп, ержетіп өсіп мектеп атты білім ордасына аттанғалы отыр. Мұның бәрі бізге тәлім - тәрбие, өнерге баулыған ұстаздар қауымның арқасы.
1. Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді.
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды,
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер.
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
2. Жүргізуші: Толқыймыз, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күн болған шығар қаншаңызда
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық
«Қызғалдақ» тобы балаларын ортамызға шақырамыз.
1. Тапқыр бала Нұржан мен биші қыз Аминаны
2. Жаны жайсаң Ернұр мен сыпайы қыз Аяулымды
3. Қайсар жігіт Ермұхан мен биязы мінез Жансаяны
4. Сабырлы бала Алмас пен әдепті қыз Анельді
5. Ақылды қыз Мадина мен тапқыр бала Бейбарысты
6. Сыпайы қыз Жананұр мен
7. Сабырлы бала Жансерік пен қылықты қыз Виканы
8. Сүйкімді бала Нурислам мен сүйкімді қыз Айаруды
9. Зерек бала Қуандық пен сүйкімді бала Ердосты
10. Салмақты қыз Несібеліні
Біздің балаларымыздың орындалуында вальс.
Би:«Вальс»
1. Жүргізуші: Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны ерекше
Бақшамызбен қоштастатын
Бүгінгі той ерекше.
2. Жүргізуші: Ендігі кезекті бақшамыздан ұшқалы отырған балаларымыздың тақпақтарына береміз.
Қуандық: Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз
Мадина: Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Нұржан: Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Б. Айару: Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
Бейбарыс: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын
1. Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй деп Абай атамыз «Балабақша» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Балабақша»
Ортаға Дымбілмес келеді.
Дымбілмес: Балалар мында не болып жатыр. Әдемі болып, құлпырып кетіпсіздер. Қандай мереке?
Ойын: «Тез тұратын сандар»
Ортаға Білім Ханшайымы келеді.
Білім Ханшайымы: Сәлематсыздар ма, балалар! Мен сендерді мектеп атты білім ордасына шақыруға келдім. Мен сендердің жақсы оқыйтындарына сенемін. Бәріміз бірге Дымбілмеске түсіндірейік.
2. Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Білім Ханшайымы мен Дымбілмес біздің балаларымыз мектепке баруға дайындалып тұр.
Мектепке енді барасыңдар
Қолға қалам аласыңдар
Дәптер кітап достар болып
Білімге құштар боласың - деп кезекті тақпақтарына берейік.
Жананұр: Талай -талай баспалдақтан аттармыз
Ата-ананың үмітін де ақтармыз
Апай сізден алған ақылды
Есімізде өмір бойы сақтармыз
Ердос: Біз бақытты баламыз
Жетіліп ой санамыз
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке кетіп барамыз
Жансая: Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер білім үйреткен
Өзіңізді қимаймыз
Алмас: Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
Ернұр: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Мектепке біз барамыз
Жансерік: Біз сабақты бастаймыз
Қайталаудан қашпаймыз
Есептенде қашпаймыз
Жазуды енді бастаймыз
1. Жүргізуші: Ән саламыз бас қоса,
Бақшаменен қоштаса
Күніміз тұрсын күлімдеп,
Жүрейікші достаса.
2. Жүргізуші: Көңілді өскен баламыз
Шырқап әнге саламыз
Тойымызға сән беріп
Ән де айта аламыз
Балаларымызды аналарына арнаған «Ақ мамам» әнін тамашалаңыздар.
Ән: «Ақ мамам»
1. Жүргізуші: Ал ендеше шалқытып ән салайық
Өнерпаз аруларға тамсанайық
Дәстүрін халқымыздың қастерлеген
Бишілерді құрметпенен қарсы алайық -деп балаларымыздың орындауында «Гиккәй» биі.
Би: «Гиккәй»
Білім Ханшайым: Балалар сендер бәріңізде өнерлі екенсіңдер. Енді білімдеріңді тексерейін.
Ойын: «Портфель жинау»
2. Жүргізуші: Кезекті балаларымыздың ұстаздарына арналған тақпақтарына берейік.
Әнель: Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтанда біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Гулляра Анайбекқызы көп рахмет
Амина: Жарайды жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын
Маржан Бақтығалиқызына көп рахмет
Нұрислам: Баулап - баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Ұмытпаймыз көзіңізді
Тәрбиешілеріміз Айнұр Такенқызы, Ақзия Қайырбайқызы
Сіңірген еңбектеріңізді ақтаймыз
Сіздерге де мың алғыс
Мерей: Суға түсіп шомылып
Бойымызды тік ұстап
Сұлу болып кеттік біз
Лаззат апайға айтамыз мың алғыс
Аяулым: Үйренгенбіз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татиды әніміз
Мың бұралған бишіміз
Үйреткен Балжан апай мен Майра апайға мың алғыс
Ермұханбет: Тәтті тағамды дайындап
Күндіз де, кештеде тынбайтын
Топ ішін таза ұстайтын
Батима апайға мың алғыс
Көрініс: Балаларымыздың орындауында
Ойын: Ата-анамен
1. Жүргізуші: Көк жүзінде самғаңдар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғаңдар
Күллі әлемді шарлаңдар
Ғарышқа да самғаңдар
О, Жараңдар, Жараңдар
Кәне мұнда қараңдар деп ортаға биші ұл- қыздарымызды шақырамыз.
Би:«Флешмоб»
2. Жүргізуші: Келесі кезекте балаларымыздың орындауында «Детский сад» әнін тамашалаймыз.
1. Жүргізуші: Бишілерді өнер көп
Билейді биді мәнерлеп
Көңілді биді көріңіздер
Өнерге баға беріңіздер - Ендігі кезекті биге берсек тағы балаларымыздың орындауында.
Би:«Маленькая страна»
2. Жүргізуші: «Құлыншақ» балабақшасы 2010жылы наурыз айында ашылып бөбектер мен ата-аналар көз айымынна айналғанына міне бүгінде 7 жыл. Тәй-тәй басқан бақшамыздан жыл сайын бүлдіршіндерімізді мектеп атты білім ордасына аттандырып келеміз. Бүгінгі таңда балабақшамызда алға сүйреп, балаларымыздың өнерлі де, білімді болуына талмай еңбек етіп келе жатқан балабақша директоры Г. Анайбекқызының еңбегі деп білеміз. Келесі кезекті ортамызға ұстаздарды шақырамыз, содан кейін ата-аналарға сөз береміз.
1. Жүргізуші: Алуға терең білімді
Мектепке енді кеттіңдер
Өсті міне бойыңыз,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Сәтті болсын жолдарың.
2. Жүргізуші: Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің,
Сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар! деп бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, осымен ересектер тобының«Қош бол балабақша» атты ертеңгілігіміз аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар, жолдарың болсын жас достар! Сәт сапар тілейміз!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі