Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы
«Айгүл» балабақшасы
тәрбиеші: Танирбергенова Асия Абдураймовна
Тақырыбы: «Көңілді шарлар»
Мақсаты: Балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру, оны тыңдау, ән салу, әуен арқылы билеу және ойын арқылы іс-қимылдарын арттыру.
Ойын барысы:
Тәрбиеші: Саламатсыңдарма балалар, көңілді шарлар безендірілген әсем алаңға қош келдіңіздер! Балалар қолдарындағы шарларын қандай әдемі. Бүгін біз осы шарларға арнап «Көңілді шарлар» атты мерекемізді бастайық.
Көңілді би билейміз.
Би: Әуе шарлар
Тәрбиеші: (Қоян қонақта) Балалар қарандаршы қоян келе жатыр. Көңіл күйі жоқ сияқты.
- Қоян сен неге көңілсізсін?
Қоян: Түрлі түсті шарларымды жоғалтып алдым... Енді не істеймін?
Тәрбиеші: Қояным жыламашы бәріміз бірге шарларынды іздейміз. Балалар шарды іздеп табайық. Балалар қарандаршы шарлар мұнда ұшып кепті.
Қоян: Менің шарларым! - деп қуанды.
Тәрбиеші: Түрлі-түсті шарларын қандай әдемі. Қызыл, сары, жасыл, көк түсті шарлар. Олай болса осы шарлармен ойын ойнаймыз. Қоян шарларынды бересіңбе бізде бірге ойнаймыз.
Ойын: «Шарларды маған бер»
Тәрбиеші: Шарларды бір-біріне береді. Шар кімнің қолында болса сол адам би билеп береді. Шарымыз қоянның қолында. Қоян бізге би билеп береді.
Қоян: Менің шарларымның жіптері үзіліп қалыпты. Оларды мен қалай ұстаймын?
Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесейік. Шарларына жіп тағып берейік.
Ойын: «Шарға жіп тағу»
Тәрбиеші: Түстеріне қарай шарларға жіп тағамыз.
Қоян: Балалар сендерге рахмет менің шарларымды тауып бердіңдер, шарларыма жіп тағып бердіңдер. Мен енді кетейін. Мына шарларды сендерге ойнауға берейін.
Тәрбиеші: Балалар қоянды шығарып салайық. Біздермен бірге би билеп, ойын ойнағаның үшін көп алғыс айтамыз.
Қоян: Мен сендердің арқаларында көңілім көтеріліп қалды.
(Қоянмен қоштасу)
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі көңілді шарлар мерекесі аяқталды. Шарларымызды аспанға ұшырайық.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі