Өлең, жыр, ақындар

Денің сау болсын десең...

Семей қаласы, «Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-сі
Бастауыш сынып мұғалімі
Бектенова Кенжегуль Шашымовна
 

  Пән:   Дүниетану                

  Мектеп: Семей қаласы, «Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-сі

  Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8-бөлім «Дені саудың жаны сау»  4-тоқсан                        

  Мұғалімнің аты-жөні: Бектенова Кенжегуль Шашымовна.

  Күні:                                                        Қатысқандар саны:

  Сынып:  1                                                Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Денің сау болсын десең...

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

 Барлық оқушылар: Адамның дене мүшелерінің атауын біледі, ажыратады. Жеке бас гигиенасын сақтау маңызды екенін ұғады. Дене жаттығуларының маңызын түсінеді.

 Көптеген оқушылар:Дене мүшелері әртүрлі қызмет атқаратынын біледі. Дене мүшелеріне арналған әртүрлі жаттығулар ойлап табады және сыныптастарына орындатады.

 Кейбір оқушылар:  Денсаулықты шынықтыру жолдарын біледі, өзге оқушылармен бөліседі.

Тілдік мақсаттар

 Дене жаттығулары, дене мүшелері, денсаулық.

Құндылықтарды  дарыту

 Жеке бас гигиенасын сақтауды оқушы бойына дарыту. Тән саулығын қалыптастырып,салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Ынтымақтастықта жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика. Геометриялық фигуралардан адам бейнесін құрайды.

Дене шынықтыру. Дене мүшелеріне арналған жаттығулар жасайды.

Жаратылыстану. Дене мүшелерін ажыратады.

Бастапқы білім

Адамға ең алдымен денсаулық қажет екенін, тазалық денсаулық негізі екенін біледі.

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

1 мин

 

1 мин

 - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сабағымызды бастайық. Барлықтарыңды ортаға келуге шақырамын.

(Ұ)  Денсаулық жөнінде балалардың білетін білімдерін естеріне түсіріп, пікірлесу.

«Қос шеңбер» тәсілі (Балалар ішкі және сыртқы шеңберге тұрады, жұптасады, мұғалімнің қойған сұрағына өз жауабын жұбына түсіндіреді, Мұғалім белгі береді (3шапалақ), келесі сұрақ қойылғанда орындарымен ауысады, енді мұғалімнің екінші сұрағына ауысқан бала өз ойын жұбымен бөліседі. Келесі сұрақ қойылғанда балалар сағат бағытымен жылжып жұптарын ауыстырып, өз ойларымен бөліседі.)

- Бірінші байлық - денсаулық деп неліктен айтылған?

- «Деңі саудың – жаны сау» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Денсаулық сақтаудың қандай жолдары бар?  Т.б. сұрақтарды қойып шеңбер бойында  пікірлесу.

(Пікір алмасу аяқталған соң,оқушылар өз орындарына отырады)

- Енді, балалар, назарымызды мына ілініп тұрған суретке аударайықшы.

(Ұ) Топтастыру тәсілі

«Дені сау адам қандай болу керек?»

Адам силуэтын іліп қою. Қима қағазда адам денсаулығына қатысты және қатысы жоқ сөздер жазылып тұрады. Сол қима қағаздардың керектісін силуэттің үстіне, қажетсізін астына жапсырады.

Кері байланыс: мұғалімнің ауызша кері байланысы.

- Осы орындалған жұмыстарды қорытындылай келе бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы)

- Дұрыс,балалар.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Денің сау болсын десең...»

- Сабақтан нені біліп шығамын деп ойлайсыңдар? (балалардың жауабы, толықтыру)

- Бүгінгі сабағымызда адамның өз денсаулығын күту және сақтау жауапкершілігін, яғни жеке бас гигиенасын және дене жаттығуларының маңызын, денені шынықтыру жолдарын қарастырамыз.

 

 

 

 

 

Шеңберге тұру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам силуэті суреті, кеспе қағаздар

 

Сабақтың ортасы

 

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

9 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды «Стикер» тәсілімен топқа бөлу

Алдын ала дене мүшелері - көз, қол, тіс суреттерін стикерге желімдеп қоямын. Оқушылар алдыңғы тапсырманы орындап жатқанда мен оқушылардың орындықтарының артына стикерлерді жабыстырып шығамын. Қабілеті жоғары оқушылардың орындықтарына бірыңғай көздің суретін жапсырамын. (Ол саралау тапсырмасын орындау үшін қажет) Сол арқылы 3 топқа бөліп отырғызамын.

- Балалар, топ бойынша тапсырмалар орындаймыз.

1-тапсырма

1-топқа «Көрсет және әңгімеле» тәсілі

(Т) Геометриялық фигуралардан адам бейнесін құрастырыңдар

2-топқа «Кесте толтыру» тәсілі

(Т) Берілген кестеге осы дене мүшесіне арналған жаттығулар ойлап жаз,айтып бер.

Дене мүшесі

Жаттығу

 

 

 

 

 

 

3-топқа «Сөз құрастыру» тәсілі

(Т) Берілген әріптерден сөз құрастыр:

Қ ы л у а с н д е (денсаулық)

Денсаулықты шынықтыр  жолдарын көрсет, айтып бер. (Постерге орындайды)

(Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын жасау, спортпен шұғылдану, суда жүзу,т.б.)

Кері байланыс: «Түйінді сәттер» тәсілі

Қарсы топ мүшелері ақылдасып алады да қорғалған жұмыстардың ішінен ең негізгі, түйінді  деп өздеріне алған жерін атап өтеді.

Сергіту сәті. Бір оқушы ортаға шығып көңілді музыка әуенімен дене мүшелеріне арналған жаттығулар орындатады.

2-тапсырма

1-топқа  «Сөз ішіндегі жасырынған сөз» тәсілі

Бағалау критерийі: жасырынған сөздерді дұрыс табады,жазады.

(Жекелей жұмыс) Тапсырмасы:

Берілген сөздерді мұқият оқы. Жасырынған сөздерді тауып, жанына дұрысын жаз:

Көзілдірік

көз

итмұрын

 

Таяқ

 

Көкжиек

 

Бастық

 

Шашақ

 

Қолғап

 

Ауыздық

 

құлақшын

 

Оқушылар жұмысты орындап болған соң дұрыс жауабын интерактивті тақтадан көрсету:көз,мұрын,аяқ,иек,бас,шаш,қол,ауыз,құлақ

Дескриптор:

  • Сөз ішінен жасырынған сөзді тап,қорша
  • Жанына дұрысын атауын жаз

ҚБ «+ -» тәсілі арқылы өзін өзі бағалау

Оқушы өзін тексеріп,+ - таңбасын қойып шығады.

2-топқа «Ойлан,жұптас,бөліс» тәсілі

(Жекелей, жұптық, топтық жұмыс) Берілген сөздермен сөйлем құра:денсаулық, ағза, дене жаттығулары.

Оқушылар алдымен әрқайсысы жеке сөйлем құрастырады. Сосын жұптасады да бір-бірінің сөйлемдерін тексереді. Сосын ең сәтті шыққан сөйлемдерді топтың ішінде оқып береді.

Кері байланыс «Штанга» тәсілі

Штанганы жоғары көтеріп тұрған адам-сөйлемдерді өте жақсы, қатесіз құраса

Штанганы кеудесіне дейін көтеріп тұрған адам - сөйлемдерді құрағанда 1-2 қате жіберсе

Штанганы көтере алмай тұрған адам- сөйлемдерді дұрыс құрай алмаса, бірнеше қате жіберсе беріледі.

3-топқа «Рөлдік ойын» тәсілі

«Дәрігердің көмегі» рөлдік ойынын өткіз.Біреуің –дәрігер,қалғандарың-емделушісіңдер. Дәрігер мен емделуші арасындағы диалогті құра.

(Өз денсаулығын сақтау, дене жаттығуларының пайдасы туралы диалог құрады)

Кері байланысты мұғалім жасайды.

Көз, қол, тіс суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Геометриялық фигуралар

 

 

 

 

Көз,қол,бас және мойын суреттері

 

 

 

 

Флипчарт, түрлі түсті маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

Музыка

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақта

 

 

 

 

 

 

 

Дәрігер халаты, қалпағы

 

Сабақтың соңы

 

3 мин

 

 

 

6 мин

   Қорытынды сұрақтары:

   Сонымен, балалар, маған мына сұрақтарға жауап беріңдерші:

  - Адамның дене мүшелерін ата

  - Жеке бас гигиенасын сақтау не үшін керек?

  - Дене жаттығуларын жасау маңызды ма?

  - Адам денсаулығын қалай күту керек?

Рефлексия «Ойды аяқта»

  - Олай болса, балалар,сабақтан алған білімдеріңді жүйелеу үшін мына ойды аяқтаңдаршы:

Бүгін мен білдім...

Мен үйрендім...

Қолымнан келді...

Қиындық тудырды...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін

Қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 

 

 

Қабілеті жоғары оқушылар «денсаулық» сөзін құрау арқылы денсаулықты шынықтыру  жолдарын көрсетеді, постер жасап басқа топтағы оқушыларға  айтады.

 «Дәрігердің көмегі» рөлдік ойынын ойнау арқылы өз денсаулығын сақтау,дене жаттығуларының пайдасы туралы диалог құрады.

Қолдауды қажет ететін оқушылар дене мүшелерінің атауын жазып,олардың гигиенасын сақтауды біледі.

 «Түйінді сәттер» тәсілі арқылы кері байланыс жүргізгенде оқушылар топ жұмыстарының ішінен өздеріне ең негізгі, түйінді деген білімді  алады.

 «+ -» тәсілі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізгенде оқушы сөз ішіне жасырынған сөзді дұрыс тапқанын бағалайды.

«Штанга» тәсілі арқылы кері байланыс жүргізгенде оқушылар өзара бағалау тәсілін қолданып сөйлемдерді құрау білімдерін бағалайды.

«Рөлдік ойын» тәсілін қолданып дәрігермен диалог құраған тапсырмаға мұғалім кері байланысты мақтау, мадақтау арқылы ынталандыру мақсатында жүргізеді.

Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз