Ақмола облысы, Бурабай ауданы
№9 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Уалиева Гульнар Мейрамбекқызы
Алғы сөз
Бұл төмендегі сабақтарды мен 4 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен берген болатынмын. Өткізілген сабақтың жоспарын сындарлы оқытуға негіздеп жасадым. Барлық берілген сабақтар тізбектелген сабақтар топтамасы. «Не үшін?» Қ.Мырза Әли, «Жазғытұрым» І.Жансүгіров, «Менің өмірім» М.Жұмабаев, «Оюлар» Ф.Оңғарсынова аталған тақырыптардың барлығы өлеңдер. Сабақта қарастырған жұмыс түрі барлығы топтық болып табылады. Оқушылар бұл сабақтарда бойларында еркіндікті сезіне отырып, топпен жұмыс жасады. Оқушыларға көбінесе шығармашылық тапсырмалар беріп, топпен ақылдаса отырып, шешімді өздері тауып шыға алатындай етіп бердім. Сергіту сәттері де бастауыш сынып оқушыларына көп септігін тигізеді. Әр сабақтың тақырыбына ұштасатындай етіп, сыни ойлау тапсырмаларын бердім. Оқушылар арасында сергіту сәттерінің түрлерін жасай отырып, ынтымақтастық атмосферасы орнады. Оқушыларды бағалау кезінде бағалау түрлерінің бірнеше түрін қолдандым. Оқушының өзінің бағасы, топтың бағалауы, жұптық, және критерийлер арқылы шынайы бағалау. Жалпы осы сабақтар топтамасына жеті модульдер кіріктірілген. Әрбір сабақта төрт немесе бес модульді қаматыдым. Нәтижесінде оқушы бойында сенімділік, сыни ойлау көзқарастары қалыптасады, ойын еркін айта алатындай бола білуге төселеді.
Мазмұны
№ |
Өтілген күні |
Сыныбы |
Пән атауы |
Сабақтың тақырыбы |
Жұмыс түрі |
Қолданған модульдер |
1 |
11.05.16 |
4 |
Әдебиеттік оқу |
Не үшін? Қ. Мырза Әли
|
Топтық |
1. Білім беру мен білім алу-дағы жаңа тә-сілдер |
2 |
14.05.16 |
4 |
Әдебиеттік оқу |
Жазғытұрым І. Жансүгіров.
|
Топтық |
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту |
3 |
17. 05.16
|
4 |
Әдебиеттік оқу |
Менің өмірім. Ж. Жабаев
|
Топтық |
7. Білім беру-дегі басқару және көшбас-шылық |
4 |
19.05.16 |
4 |
Әдебиеттік оқу |
Қаңбақ пен Жантақ. Мысал
|
Топтық |
4. АКТ |
5 |
14.03.16 |
4 |
Әдебиеттік оқу |
Оюлар. Ф.Оңғарсынова
|
Топтық |
7. Білім берудегі бас-қару және көшбасшылық |
Апта-1 |
Күн: 11.05.16 |
Сынып: 4 |
Пән: Әдебиеттік оқу |
|||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Не үшін? Қ. Мырза Әли |
|||||||||||||||||||
Сілтеме |
Ауызша алынған ақпарат туралы сыни ойлау, интернет, бастауыш мектеп журналы, нұсқаулық, оқулық. |
|||||||||||||||||||
Жалпы мақсат |
Өлеңнің мазмұнын аша отырып,сыни ойлауға жағдай жасау. |
|||||||||||||||||||
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері |
Адам бойындағы құнды қасиеттерді білу. |
|||||||||||||||||||
Сабақта қаралған негізгі идеялар |
Балаларға сыни тұрғыдан ойландыратын жұмыстар көп беру қажет. |
|||||||||||||||||||
Тапсырмалар |
1 - әрекет: Топтық, жұптық жұмыс Дос қандай болу керек? |
2- әрекет: Сыни тұрғыдан ойлау Сахналау. (үнсіз) І-топ: Ашулы бала. |
||||||||||||||||||
3-әрекет Диалогтік оқыту І-топ: Баланың атаға көмегі |
4-әрекет: Ойын «Жалғасын тап».
|
|||||||||||||||||||
Ақпарат көздері мен құрал-жабдықтар |
Плакат, маркер, стикер, интерактивті тақта. |
|||||||||||||||||||
Мұғалім жазбалары |
а) Сынып 4 топқа бөлінді. /геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу/ (5-минут) Б) Адам бойындағы құнды қасиеттерді презентация арқылы оқушыларға көрсету, таныстыру. І-топ: «Жақсының жақсылығын» айт; І-топ: І-шумақ бойынша жақсы адам сипатын анықтау; А) Сергіту сәті В) Үй тапсырмасын беру 3 минут Бағалау парағын толтыру.
|
|||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
І-топ: Жақсы жаман сөздерін өмірмен байланыстыра отырып эссе жазу ІІ-топ: Қ. Мырза Әли туралы деректер жинау ІІІ-топ:Өлеңді жаттау ІV-топ: Мақалдар жинау |
Апта-1 |
Күн: 14.05.12 |
Сынып: 4 |
Пән: Әдебиеттік оқу |
||
Сабақтың тақырыбы |
Жазғытұрым І. Жансүгіров. |
||||
Сілтеме |
Ауызша алынған ақпарат туралы сыни ойлау, әдістемелік нұсқау, интернет, оқулық. |
||||
Жалпы мақсат |
І. Жансүгіровтың өлеңін толық меңгертіп, сыни ойлауларын дамыту. |
||||
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері |
Өлеңді нақышына келтіре оқуға төселдіру. |
||||
Сабақта қаралған негізгі идеялар |
Балаларға сыни тұрғыдан ойландыратын жұмыстар көп беру қажет. |
||||
Тапсырмалар |
1-әрекет: Топтық, жұптық жұмыс «Жазғытұрым» сөзіне ассоциация құру |
2-әрекет: АҚТ-ны қолдану І. Жансүгіровтың өмірбаянын презентациялау. |
|||
3-әрекет Сөзжұмбақ шешкізу. |
4-әрекет: «Жазғытұрым» туралы 5 жолды өлең құрастырту. |
||||
Ақпарат көздері мен құрал -жабдықтар |
Ватман, түрлі-түсті маркер, қарындаш, презентация. |
||||
Мұғалім жазбалары |
І. Ұйымдастыру кезеңі Қайырлы күн достым, ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Көл» әңгімесінің мазмұнын сұрақ-жауап арқылы тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. «Жазғытұрым» сөзіне ассоциация құру.
І. Жансүгіровтың өмірбаянымен таныстыру. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқыту. Талдау жасау. Сөздікпен жұмыс. ІІІ. Сергіту сәті. Дөңгелене тұрамыз, «Жазғытұрым» туралы жолды өлең құрастырту. Сабақты бағалау: критерий арқылы оқушыларды бағалаймын. Өлеңді мәнерлеп оқу; Дауыстарын анық шығару; Әр сөзді нақты,анық айту; Топпен жұмыста белсенді, тәртіпті болу. |
|
|||
Үй тапсырмасы |
І-топ :Өлеңді жаттау. ІІ- топ: Жазғұтырым туралы сурет салу ІІІ- топ:Эссе жазу. ІV-топ: Автор туралы деректер жинау. |
Апта-1 |
Күн: 17.05.16 |
Сынып: 4 |
Пән: Әдебиеттік оқу |
|
Сабақтың тақырыбы |
Менің өмірім. Ж. Жабаев |
|||
Сілтеме |
Ауызша алынған ақпарат туралы сыни ойлау, интернет. |
|||
Жалпы мақсат |
Ж. Жабаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Сыни ойлау арқылы сөздік қорларын арттыру. |
|||
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері |
Ж. Жабаевтың шығармашылығын білу. |
|||
Сабақта қаралған негізгі идеялар |
Ж.Жабаевтың өмірі жайында білу. |
|||
Тапсырмалар |
1-әрекет: Топтық, жұптық жұмыс - Жамбыл кім? - Жамбыл атында нелер бар? Жамбылдың қандай өлеңдерін білесіңдер? |
2-әрекет: Мәтінмен жұмыс. Кубизм стратегиясын қолдану.
|
||
3-әрекет: АҚТ-ны қолдану. Ақын атамыз артына не қалдырған? (СД диск арқылы тыңдату). |
4-әрекет: Ж. Жабаевқа хат жазу
|
|||
Ақпарат көздері мен құрал - жабдықтар |
Ватман, түрлі түсті маркер, презентация, бейнеролик |
|||
Мұғалім жазбалары |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Көкке бойын созады, Топқа бөлу. (Төрт жыл мезгіліне байланысты бөлу). 1 топ: Қыс ІІ. Жаңа сабақ Балалар, қандай күйшілерді білесіңдер? Жамбыл деген кім? Ассоциация құру. ІІ. СД дисктан күй тыңдату. Балалар, бұл күйді тыңдағанда көзеріңе не елестеді? Күйден қандай әсер алдыңдар? Күй мен күйшінің айырмашылығы неде? ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Өзара оқыту стратегиясы. 1. Мұғалім мәтінді бөлікке бөледі. 2. Адам орнын белгілейді. 3. 1-адам мұғалім рөлін орындайды. Осылай мәтінді талқылайды. Ақын атамыз артына не қалдырған? (СД диск тыңдату арқылы Ж. Жабаевтың артына қалдырған естеліктерімен таныстыру). ІҮ. Сергіту сәті Ойға толып санамыз, Сабақты қорыту. Оқушылар Ж. Жабаевқа хат жазады. Хаттарын оқыту. Рефлексия. - Қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Бағалау. Жұппен бағалау. Топтық бағалау. |
|||
Үй тапсырмасы |
Мәтінді оқу.Ж.Жабаевтың өмірі жайлы альбом жасау. |
Апта-1 |
Күн: 19.05.16 |
Сынып: 4 |
Пән: Әдебиеттік оқу |
|
Сабақтың тақырыбы |
Қаңбақ пен Жантақ |
|||
Сілтеме |
Оқулық, нұсқаулық, интернет. |
|||
Жалпы мақсат |
Мысал әңгіме негізінде сыни ойлауға үйрету арқылы жақсы мен жаманды үйрету. |
|||
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері |
Әр оқушы өз бойында достық, жанашырлық сезімдерін сезіне алады. |
|||
Сабақта қаралған негізгі идеялар |
Мысалдың мән-мағынасын ашу. |
|||
Тапсырмалар |
Топқа бөлу: 1. «Мен қандаймын» ой толғау. |
3. Әр топқа Ситуациялық жағдай беріледі. |
||
2. «Қаңбақ пен Жантақ» мысалын сахналау |
4. «Не қажет?» ойыны. |
|||
Ақпарат көздері мен құрал - жабдықтар |
Маркер, картон, қарындаш, үлестірме қағаздар. |
|||
Мұғалім жазбалары |
1-тапсырма. «Мен қандаймын?» сауалына оқушылар ойлана отырып жауап береді. 2-тапсырма. Оқушылар кейіпкер бейнесіне ене отырып, сөйлеу шеберліктерін көрсетеді. 3-тапсырма. Әр топ ситуациядан шыға білудің жолдарын қарастырады. І-топ: Досыңның сені түсінбеуі. ІІ- топ: Үлкенге деген жанашырлығың. ІІІ-топ:Кішіні сыйлау. ІY-топ:Жақын адамыңа деген сыйластығың. 4-тапсырма. «Не қажет?» ойынында оқушылар жарақаттанып қалған досына көмектесуге керекті заттардың қажетті деген бесеуін берілген сөздердің ішінен таба білулері. Берілетін сөздер: мақта, ине, тамақ, көзілдірік, карта, иод, картон, дәке, сіріңке, қайшы. |
|||
Үй тапсырмасы |
І –топ: Мысалға байланысты сурет салу. ІІ –топ: Кейіпкерлерге өлең құрастыру. ІІІ –топ: Достық туралы мақал-мәтел жаттау. ІY-топ: Қаңбақ пен Жантақ мысалын жаттау. |
Апта-1 |
Күн: 14.03.16 |
Сынып: 4 |
Пән: Әдебиеттік оқу |
|
Сабақтың тақырыбы |
Оюлар.Ф.Оңғарсынова |
|||
Сілтеме |
Интернет желісі, әдістемелік құрал слайд, қима-қағадар, флипчарт, маркер |
|||
Жалпы мақсат |
Ақын Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру. Өлеңнің мазмұнын, құрылысын меңгерте отырып, автор шеберлігін таныту. |
|||
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері |
ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру, сыни ойлауын дамыту. |
|||
Сабақта қаралған негізгі идеялар |
Өлеңді түсініп, мәнерлеп, оқи білуге дағдыландыру. |
|||
Тапсырмалар |
1-әрекет: Топқа бөлу: Үш түсті тәждер арқылы топқа бөліну |
2-әрекет: Оқулықпен жұмыс Өлеңге талдаулар жасау |
||
3-әрекет: Топтық тапсырмалар |
4-әрекет: Сыни ойлау тапсырмалары |
|||
Ақпарат көздері мен құрал - жабдықтар |
АКТ, видеороликтер, слайд, қима-қағадар, флипчарт, мар-кер |
|||
Мұғалім жазбалары
Модуль
Сыни тұрғыдан ойлау
Сыни тұрғыдан ойлау
Дарынды және талан
АКТ
ІҮ.Бағалау: |
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар назарын сабаққа аудару. а) Топқа бөлу [үш түрлі тәждер арқылы] ә) Психологиялық ахуал Қайырлы күн достым, ІІ.Өткенді қайталау Ә.Дүйсенбиевтің «Ардақты ана» өлеңін сұрақ- жауап арқылы сұрау. - Ананың қас қабағына қарау дегенді қалай түсінесіңдер? - Ананы барлық адамдар неге құрметтейді? - Өлең неше жолдан, неше шумақтан құралған? ІІІ.Жаңа сабақ 1.Қызығушылығын ояту.М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Ә. Тінәлиевтің «Фаризажан » өлеңін мәнерлеп айтқызу . 2.Ой қозғау. - Ән кімге арналған екен? Иә, балалар, бүгін біз Фаризаның «Оюлар» атты өлеңінен танысамыз [Дәптерге күнді, тақырыпты жазғызу] - Ендеше, Фариза кім? - Ол туралы өткен тақырыптар бойынша не білесіңдер? - Әр топ өз ойларын маркермен флипчарт бетіне түсіреді? [топпен қорғау] [Ұпай санын беру] Оқулықпен жұмыс - Өлеңді әр топ іштей оқып шығады. [Ұпай санын беру] Флипчартпен жұмыс жасау - Әр топқа флипчарт бетіне жазылған өлеңнің әр шумағы таратылады. - Өлеңге талдаулар жасату. [топпен қорғау] Оюлар Түрін- ай текеметтің! Асыл қандай! [3 бунақ, 11 буын] Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.[3 бунақ] «Келе ғой, қошақаным [2 бунақ] Өзіме!»- деп, [1 бунақ] Әжем кеп сипағандай шашымнан жай....[3 бунақ]
Аңсаумен күнім өтті қанша менің, [3 бунақ 11буын] Желбауда, басқұрда ма аңсау емім. [3 бунақ] Әжемнің көзіндей бұл оюларды , [3 бунақ] Таба алмай дала кезіп шаршап едім. [3бунақ]
Елестеп көз алдыма сән шақтарым, [3бунақ, 11буын] Келгендей құлағыма аңсатқан үн. [3бунақ] Түрінен текеметің көріп тұрмын, [3бунақ] Әжемнің тарамысты саусақтарын. 3[бунақ] [Ф.Оңғарсынова] «Оюлар» өлеңі 4 тармақ, 3 бунақты, 11 буынды етіп құрастырылған. [Ұпай санын беру] 1 видео: «Ғажайыпстанға саяхат» бұл мультфильімде не туралы айтылғандығы жайында оқушылардан сұрап өту. -Балалар біз де оюлар жайында көп білеміз ғой? Ендеше өз топтарыңмен ақылдаса отырып, өз қалаған оюларыңды Paint пен салып бояңдар. Критерийлер арқылы бағалап өтемін. [Ұпай санын беру] Дәптермен жұмыс жасау Сөздік жұмысын жүргізу: Желбау, басқұр- киіз үйдің оюлы жабдықтары. Сыни ойлауға қосымша тапсырма: 2 видео: Корей киносы «Жумон ханзада» Сұрақтарға жауап алу - Бұл видеороликтен не түсіндіңдер? - Қандай оюлар бейнеленген? - Қандай қорытынды шығарар едің? Сұрақтар: 2. Басқа ұлттар да біздің оюларымызды пайдалана ма? Бұл дұрыс па? Критерийлерді басшылыққа ала отырып. |
|||
Ү.Үй тапсырмасы |
1 топ: Өлеңді жаттау 2 топ: Ф.Оңғарсынованың кез- келген өлеңін жаттау 3 топ: Қағазға ою салып қию |
Гүлжаухар
өңешіне дөйдім тор сүзгіні қойдым əдебиет көмек керек????
Диана
Оте керемет курылган маган унады
Айымгуль Саинкызы
Керемет
Жанар
Керемет
Іңкəр
маған көмектесеніздер күшті болушы еді мен қатты қиналып отырмын
Іңкәр
өтіңіш көмектесіңіздерші
Ақерке
Қандай көмек қажет?
ұлпан
өте керемет құрылған маған ұнады
Ұлпан
Жұмбақ
Myrza
Керемет
Ұзан Арнат
Күшті
Кəусар
Əдебиеттік оқу тапсырма жауаптарымен керек
Кəусар
Тапсырма керек
Кəусар
Маған Əдебиеттік оқу тапсырма жауаптарымен керек