Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 "Толағай" балабақшасы МКҚК
тәрбиеші Каналиева Роза Абдуллаевна
№14 «Жас қанат» ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Экология негіздері.
Тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары.
Мақсаты: 1. Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.
3. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қора, азық, т.б.
Іс-әрекет бөлімдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңберіне тұрғызып, «Төлдер» әнін орындатады. Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың? - Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтатынын сұрайды. |
Балалар әнді орындау барысында төлдердің қимылдарын келтіреді. «Боташым», «қошақаным», т.б. сөздермен еркелететінін әңгімелейді. |
Іздену-ұйымдасырушы
|
Кіріспе әңгіме - Төрт түлік мал - халқымыздың байлығы. Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. «Ат - ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны қастерлеген. Жылқы - мінсең көлік, жесең ет. Сиыр - жесең ет, кисең киім, айран, сүті, қаймағынсыз қазақ баласы өспейді. Түйе малы - нағыз көлік, қымыран мен шұбаты дертке дауа. Қой шаруашылығы - Қазақстанның мал шаруашылығы - халқымыздың дәстүрлі ата кәсібі. Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн. Ал үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық. Олардың адамға тигізер пайдасы мол. Мамығынан көрпе, жастық жасайды, етін, жұмыртқасын азық-түлік ретінде пайдаланамыз. Сұрақтар мен тапсырмалар: |
Педагогтің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды. Үй жануарлары мен үй құстары туралы әңгімелейді. |
|
Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай? Үй жануарларының көктемгі тіршілігі туралы әңгімелеңдер. Үй құстарын ата. Малдың төлдерін атаңдар. Дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен кұстарын тапқызу. Мысалы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтеш. |
Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Үй жануарлары мен үй құсы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтешті тауып, оларды бояйды. |
Рефлексті коррекциялаушы
|
«Төлдерін тап» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог тақтаға сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкінің суреттерін іліп қояды. Педагог балаларды бір-бірден шақырып, қоржын ішінен суреттерді алғызады. Лактың суретін алса, оны ешкінің жанына жапсырады. |
Сурет арқылы малдың төлдерін табады. |
Күтілетін нәтиже: төрт түлік мал мен үй құстарының пайдасы туралы түсініктерін жетілдіру.
Білуі тиіс: үй жануарлары мен үй құстарының келтірер пайдасын және оларды күтіп-баптауды білуі тиіс.
Түсінігі: үй жануарлары мен құстардың пайдасын білу.
Көрсете білуі: үйіндегі жануарлар мен құстарды күтіп-баптау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі