Өлең, жыр, ақындар

Қазақ даласы ойшылдарының рухани адамгершілік идеялары (Әбу Насыр Әл–Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмут Қашқари)

№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Т-54 топ жетекшісі Избасарова Асем Даулетбековна

Қызмет бабында пайдаланылатын басылым

 

1 МАҚСАТЫ

Студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

2 КӨРНЕКІЛІГІ

Интерактивті тақта, слайд, буклеттер, кітаптар, канатты сөздер

3 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден–бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.

3.1 Кіріспе сөз

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

 Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.

Бүгінгі тарихи ашық тәрбие сағатымызды 3 топқа бөлеміз.

  • Топ Әбу Насыр Әл-Фараби
  • Топ Жүсіп Баласағұн
  • Топ Махмут Қашқари

Сайысымыздың ережесі:

  • Ғалымдардың өмірбаянын қысқаша таныстыру, рухани адамгершілік идеяларын айту
  • Ғалымдардың өлеңдерін мәнерлеп жеткізу
  • Ғалымдардың рухани адамгершілік туралы мақал-мәтелдерімен жарысу

Әбу Насыр Әл-Фараби тобы

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Жоғарыда айтып өткеніміздей адамзат дүниесіне, халыққа, ұлтына және оның дүниелеріне ақыл парасаты мен білімі арқылы қызмет ете білген адам зиялы адам. Шынайы (дәстүрлі) діннің өзі адамзаттан зиялылықты талап етеді. Ұлттық мүдде, халық игілігі жолында жүрген адам көкірегі ояу, мінезі дұрыс, шыдамды, қайратты, батыл болуы қажет. Нағыз зиялы адам өзін ұлтының қызметшісі санайды. Кемеңгер бабаларымыз айтып кеткендей, ұрпақтың қашанда өзін, өмірін қор қылатын нәрселерден аулақ болғаны жөн. Адамның шынайы, әрі дұрыс білімі оның танымын сақтап тұрады. Егерде надандық болса, қоғамдағы барлық кемшілік сауатсыздықтан, әділетсіздіктен, әдепсіздіктен шығар болса ұрпақ өзінің, мемлекетінің болашағына қажетті көптеген мүмкіндіктерден қолы үзуі мүмкін. Қашанда адамның дініне, діліне күш беретін білім, көркем мінез.

«Қайырымды қала тұрғындарын алатын болсақ, - деген Әл-Фараби, - ата-бабаларының көзқарастарына сәйкес олардың бойында қалыптасқан рухани жағдай олардың жандарын матерядан азат етеді» [2. 170 б]. Адам өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғаммен интеллектуалдық байланыста болуы тиіс. Интеллектуалдық байланыстың биік көрінісі парасаттылық. Ата бабаларымыз ата мекенменен парасатты негізде байланысу нәтжесінде мәдениетті, ұрпақтың мүддесіне қызмет ететін тарихты қалыптастырған.

Жүсіп Баласағұн тобы

Орта ғасырлардағы Шығыс Ренессансы аталған алтын дәуірсіз Жүсіп Баласағұн өмірі мен шығармашылығын түсіну мүмкін емес. Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, Ибн-Сина, Беруни секілді ойшыл ғұламалардың сан-салалы еңбектері Орта-Азиялық Қайта Өрлеу дәуірінің  асыл маржандары болып саналатын Махмуд Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігі», Ахмет Игүнекидің «Шындық сыйы», Ахмет Иассауидың «Диуани Хикметі» тарихи ескерткіштердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.

Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзат рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақталған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күресуге ұмтылып отырған кезеңді басынан кешіруде. Кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді «бақыт деген не?» деген мәңгілік сұрауларды қабырғасынан қойған болатын.  Солардың бірі «Құтадғу білік» поэмасының авторы Жүсіп Баласағұн еді. Әрине, оның тек өзіне ғана белгілі өз әлемі болды. Ол оны басқаларға үрім-бұтағына, яғни, біздерге сыйлағысы келді. Жүсіптің өз заманындағы ірі тұлғалардың бірі болғаны сөзсіз. Баласағұнның дүниеден өткеніне 900 жыл болса да, оның туындыларының өміршеңдігін, біздің ақыл, ой-санамызда, көңілімізде қанағат сезімін тудыратынын айта аламыз

Махмут Қашқари тобы

Толық  аты-жөні Махмұд ибн ул-Хусайын ибн Мухаммаддин Қашқари. 1029-38 жылдар шамасында туылған. Деректерде әртүрлі айтылып жүр. М. Томанов 1030-1090 жылдарда өмір сүрген десе, кейбір деректерде 1029-1101 жылдары өмір сүрген делінеді. Қазіргі Шу өңірінде Барсған қаласында туылған, Қашқарда өмір сүрген. Әкесі, аталары атақты әскери адамдар болған. Әкесі белгілі Бограханның немересі. Оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан. М.Қашқари білімді алғаш Баласағұн, Қашқар қалаларына алған. Білім алуды кейін Орта Азиядағы орталықтары болған Самарқан, Бұқарада жалғастырып, Мерв, Бағдат қаласында толықтырады. Түркі араб-парсы тілдерін игерген. 

«Диуана лұғат ат-түрк» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді.
Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» әскери, махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моральдық, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді.
Махмұт Қашқаридың аталған шығармасында да әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді.
Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын осы бір үлкен классикалық шығарма. Қазіргі қазақ тілінің негізін, әдебиеттік арнасының көзін танытатын мәнді де, маңызды, түркі халықтарының мақтанышы болған құнды мұра, жазба әдебиетіміздің тұлғалы шығармасы. Қазақстанды мекендеген көптеген түркі тайпалары қалдырған ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі.
«Жинақта» тәлім-тәрбие, дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтылады. Мәселен, «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».

Бағалау парағы

 

Өмірбаян, рухани адамгершілік  идеялары

Ғалымдардың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айту

Ғалымдардың рухани адамгершілік туралы мақал- мәтелдері

Әбу Насыр Әл-Фараби

 

 

 

Жүсіп Баласағұн

 

 

 

Махмут Қашғари

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз