№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Дайындаған: №16 колледждің өндірістік оқыту шебері Пантаев Еркеғали Сыдықұлы
Қызмет бабында пайдаланылатын басылым
Ағаштан жасалған жиһаз жоғары сапалы өнім болып саналуға лайықты, және осындай жиһазды ЖАТ-тан (жоңқалы ағаш тақтадан) жасалған жиһазбен салыстырсақ, ағаштың бірқатар айқын артықшылықтары бар. Олардың ең негізгілері – материалдың жоғары сапасы және кез келген интерьерге мінсіз үйлесіп кету қасиеті.
Ағаштан жасалған жиһаздың артықшылықтары
Ағаш сұранысқа ие, себебі бұл зиянды заттар бөлмейтін және адам үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи экологиялық материал. Бұл ретте, заманауи технологиялар бұл материалды ағаштың көптеген кемшіліктері жойылатындай етіп өңдеуге мүмкіндік береді: бұл ағаш кесегінің кебуіне және уақыт өте келе саңырауқұлақ пен көгерудің пайда болуына қатысты.
Ағаш жиһаздың жасанды материалдардан жасалған жиһаздан әлдеқайда қымбат тұратындығына қарамастан, ол жоғары пайдаланушылық сипаттамаларымен ерекшеленеді және ұқыпты ұсталған жағдайда ұзақ уақыт қызмет етеді, оның үстіне сапалы ағаш жиһаз уақыт өтсе де өзінің табиғи сипатын сақтайды.
Интерьер дизайны тұрғысынан ағаш – жиһаз дайындау үшін ең жақсы материалдардың бірі.Бұл материал стиліне қарамастан кез келген интерьерлік шешімге оңай үйлеседі.
Жиһазға арналған ағаш түрлері
Ағашпен жұмыс істеу – күрделі және көп еңбекті қажет ететін үдеріс, оның үстіне жиһазды дайындау үшін қолданылатын әрбір ағаштың түрі айрықша көңіл бөлуді және бұйымды сақтау мен дайындау үшін белгілі бір жағдайларды талап етеді. Жалпы алғанда, жиһаз өндірісінде қолданылатын барлық ағаш тұқымдары қатты және жұмсақ болып бөлінеді.
Бірінші санатқа шамшат, емен, шаған, шілік, шегіршін және негізінен, күнделікті жүктемелерге шақталған (мысалы, жиһаз қаңқалары) конструкцияларды жасау үшін пайдаланылатын басқа ағаштар жатады.
Жұмсақ ағаштар үлкен жүк түспейтін элементтерді дайындауға пайдаланылады: негізінен, ағаштың жұмсақ түрлерінен жиһаз қасбеттері дайындалады және бұл тұрғыда, жеңіл өңделетін қарағай өте танымал. Сондай-ақ, осы мақсаттарда қарағайдан басқа қандыағаш, көктерек, тал, балқарағай немесе терек ағашын пайдалануға болады.
Алайда, ағаштың жұмсақ түрлері беріктіктің жеткілікті түрде жоғары көрсеткіштеріне ие және оларды тек қана қасбеттерді дайындау үшін пайдаланып қоймай, жұмсақ ағаш түрлерінен шағын шкафтар, үстелдер, сөрелер, тіпті стеллаждар жасалады, алайда мұндай бұйымдар шамшат немесе емен ағаштарынан жасалған шкафтар мен стеллаждар сияқты ұзақ қызмет етпейді.
Шамшат пен емен – ең берік ағаш түрлерінің бірі, бұл ретте шамшаттың айтарлықтай кемшілігі бар: су жұқтырмайтын заттармен арнайы өңдеусіз ағаштың бұл түрі ылғалды оңай сіңіреді, ал бұл ағаштың сапасына жағымсыз әсер етеді. Алайда, сәйкесінше өңдеуден өткен мұндай ағаш ең берік және ең сенімді құрылымдарды дайындауға болатын материалға айналады.
Шамшатпен салыстырғанда еменнің су жұқтырмайтын керемет қасиеттері бар және қосымша өңдеуді талап етпейді. Емен ағашы ең қатты табиғи материалдардың біріне жататындығына қарамастан, ол заманауи жабдықтың көмегімен жеңіл өңделеді. Негізінен, емен жиһаздың ірі көлемді, бірақ қарапайым элементтерін, мысалы, жиһаздың қаңқаларын жасауға пайдаланылады.
Сондай-ақ, қатты және жұмсақ ағаш түрлерінің саңырауқұлақтан төзімді екендерін ескеру қажет, ал сәйкес өңдеуден өткен жағдайда жәндіктердің бүлдіруіне де төзімді болады.
Функциональды кеңселік жиһазы бәріне де керек. Егер қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында жұмыс істеп жатқан ұйымдардың болжамды санын елестетумен көз жеткізуге болады. Егер қызметкерлерге арналған кеңселік жиһаз болмаса немесе оның сапасы бұдан да жақсырақ болуды талап ететін болса, сапалы еңбек үдерісін іске асыру мүлде мүмкін емес.
Кеңселік жиһаз: үстелдер, шкафтар және т.б. еңбек қызметінің өнімділігін елеулі түрде арттыра түседі, бұның коммерциялық құрамы жағынан алып қарағанда маңызы зор. Осы заманғы кеңсе қызметкерінің қателесуге және жұмыс уақытын ысырабына жол беруге құқығы жоқ. Әртүрлі ұйымдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілік дәрежесі әрбір қызметкердің өндірістік тиімділігінің қаншалықты зор екендігіне байланысты болады. Кеңсеге арналған үстелдер орын-жайды жайғастырудың қалған басқа да элементтері сияқты қолайлы болуы тиіс.
Бұнсыз әртүрлі деңгейдегі мамандардың барынша тиімділігінің кепілі болып табылатын татулық ахуалы орнаған ұйымдасқан ұжым құруды тіпті армандауда мүмкін емес. Кеңселік шкафтар қағаздармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оларды үстелдердің үстінде ұстау қажеттілігі өзінен-өзі болмайды. Керекті құжаттамалар әрдайым бір жерде орналасатын болады, оның жоғалып кетуіне немесе бүлінуіне жол берілмейді. Тіпті форс-мажор жағдаяттары туындағанның өзінде кеңселік шкафтар елеулі құндылығы бар құжаттарды қорғай алатын жоғары температуралардың әсерінен, жоғары ылғалдылықтың әсеріне қарсы тұруға қабілетті жоғары сапалы материалдардан жасалады.
Қазіргі уақытта кеңселік жиһазды олардың интерьері мен дизайндық сапаларын ескере отырып, практикалық, сенімділік және функциональдық тұрғыдан қарастырады, өйткені біз таңдаған жиһаз жалпы стильге сәйкес келуі және нақты кеңсенің жалпы идеясына сай болуы тиіс.
Кеңселік жиһаз жұмыс істеуі және түрі мінсіз болуы тиіс. Осы тұжырымның өзектілігін өсе түсіп отырған өмір деңгейі елеулі растайды. Ал өзіне және өзінің қызметкерлеріне құрметпен қарайтын әрбір басшы кеңсеге арналған жиһаздардан үнем жасамайды. Бұдан басқа, өз компаниялары үшін жиһаз сатып алуды жүзеге асыратын менеджерлердің кәсіби шеберліктері мен құзыреттілігінің елеулі түрде арта түскенін атап көрсету қажет.
Жиһаз өнеркәсібі жедел қарқынмен дамуда. Әрдайым жаңа материалдар пайда болады және таңдау мүмкіндігін кеңейте түсетін табысты іске асырылатын жаңа идеялар туындайды. Алайда, сатып алушылардың сұранысына қарағанда, ағаштан жасалған жиһаз ешқашан сәннен шықпайды. Бұл Қазақстанда осындай кеңселік жиһаздарға сұраныспен де расталады.
Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Объективті түрде алғанда Қазақстанда ағаш өңдеу өнеркәсібі үшін шикізат базасы жоқ, дәстүрлі түрде қажетті сүректің 70%-на дейін сырттан әкелінеді. Алайда, Қазақстанның ағаш өңдеу және жиһаз кәсіпорындарында өндірістің өсуі өткізу нарықтарының кеңейтілуі есебінен, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының азаюы жаңа технологияларды енгізу есебінен болды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі