Өлең, жыр, ақындар

Оқусыз білім, білімсіз күнің жоқ

Әрбір жан өмір атты ортаға адам болып келгеннен кейін, мәнді де сәнді өмір сүруі қажет деп ойлаймын. Өмірді жақсы сүріп, қалаған мақсаттарыңа қол жеткізу үшін - еңбек, ал еңбектену үшін - білім бүгінгі таңда зор мүмкіндікті сыйлайтын қажеттілікті тудырады деп толықтай айтар едім. Мен бастауыш сынып мұғалімімін. Оқушыларға терең білім беріп, кәсіби ұстаздық міндетімді әрі қарай ұштау – менің мұғалімдік парызым, білім берудегі міндетім. Оқудағы жүйелі білім беру саласын арттыруда қыркүйек айында «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан» көптеген тәжірибелермен танысып бір апта оқып келдім. Енді қыры мен сыры көп сол оқуға тоқтала кетсем.

«Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында бастауыш мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру» - деп аталған бұл оқу мен үшін өте тағылымды да ұстазға берері мол оқу болды. Отыз алты сағаттан тұратын бұл оқуда әр аймақтан келген көптеген мұғалімдермен тәжірибе алмастық, өз білгенімізді өзгелермен бөлістік. Бұл оқуда қызу тартыс та болды, өз ойымызды жеткізу үстінде сөз шеберлігіміз де қызу талқыға түсті. Жаңа бағдарламамен қалай жұмыс жасау керектігі сөз етіліп оқушылармен мұғалім арасындағы білім деңгейінің артуы тілге тиек етілді. Бізге беймәлім көптенген білім стандарттары жайлы дәріс беріліп, мұғалімдер өз білімдерін қажетінше толықтыра алды. Бәріміз бір кісідей оқу бағдарламасын белсене ат салысып, алған білімімізді қорытындылау мақсатында тест сынағынан өтіп, қолымызға сертификатымызды алып өз ордамызға жоғары көңіл–күймен оралдық.

Оқусыз - білім, білімсіз күнің жоқ демекші ұстаз атты ұлы мамандықты таңдағандықтан, әрі қарай оқып деңгейімізді жоғарлата берсек, еңбек емей немене? Оқушымыздың санасын салмақтап, дарынды да білікті оқушыға айналдырсақ, бұл біздің жемісіміздің айғағы. Сондықтан мен әр мұғалім сапалы білім беретін еліміздегі көптеген білім ордаларын барып, білімін одан айы ұштаса одан жақсы нәтиже шығады дер едім. Ендеше  ілім мен білімді қатар алып,ізденіп еңбек етуден жалықпайық құрметті де аяулы әріптестер!!!

Қостанай облысы
Рудный қаласа әкімдігінің
«№7 мектеп-гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Байгазина Гаухар Танатхановна


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар