Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
«№2 орта мектеп» КММ
Өткізген: Уразалина Гульжан Жамбуловна
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!
Мақсаты: Балаларға алдағы уақытта оқушы болатындықтарын ескерте отырып, жыл бойы оқыған-тоқығандарын, үйренген-білгендерін мақсатты түрде, еш әрседен сескенбей ортаға салуға шақыру; білімнің қажеттілігін ұғындыру; жұрт алдында өзін ұстай білуге, құлаққа жағымды етіп, мәнерлеп сөйлеуге үйрету; эстетикалық талғамдарын ояту; бір-бірін сыйлауға, қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады.)
Тәрбиеші:
– Сәлеметсіздер ме ата-аналар, ұстаздар, қонақтар?!
Бүгінгі той иелері құрақтар!
Бір жыл бойы көп білімді игерген,
Алдарыңа шыққалы тұр ҰЛАНДАР!
Білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бір жыл бойы алдымда
Жүрді мына балалар
Қоштасатын күн келді,
Шақырайық ортаға.
Музыканың сүйемелденуімен балалар ортаға шығады.
Тәрбиеші: балалар сендер бұл жерге неге жиналып отырғандарыңды білесіңдер ме? Қане айта қойыңдаршы.
Ильяс:
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз,
Даярлықпен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
С.Нұрай:
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Санжар:
Көңілді өскен баламыз
Шырқатып әнді саламыз
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
Ділнұр:
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата – ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Э.Аружан:
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.
Бахтияр:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.
Т.Нұрай:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
Т.Аружан:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
Дәмір:
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.
Марлен:
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Бекарыс:
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
Тәрбиеші: - әрине балалар сендер дұрыс айтасыңдар. Бүгін сендер балалықпен қоштасып, оқушы болғалы отырсыңдар. Ал сендер балалықтың не екенін білесіңдер ме?
- Иә
Ән: «Бал балалық»
Тәрбиеші: - Ой, рахмет! Сендер маған балалықтың не екенін осы өлең жолдарымен айтып бердіңіз.
Жалқаубек: «Тоқтатыңдар, тоқтаңдар!» деп айқайлап кіріп келеді.
Тәрбиеші: Cіз кімсіз? Неге айқайлайсыз? Нені тоқтатуымыз керек?
Жалқаубек: мен Жалқаубек деген боламын. Мен әрқашан да сендердің қастарыңнан табыламын. Мен сендерге көмек беруге әрқашан дайынмын. Кез келген істеріңді ертеңге қалдыруға көмектесемін.» деп қалтасын ақтарып жатып ұйықтап қалады.( ҚОЙНЫНАН ЖАСТЫҚ ПЕН ТӨСЕНІШ АЛЫП ШЫҒАДЫ)
Тәрбиеші: - Балалар мынау кім екен? Келіп неге ұйықтап қалды? Мұндай баланы қандай бала деп атауға болады?
Көрінісі: «Жалқаубек»
Тәрбиеші: - балалар бізге мынадай көмекші керек пе?
Жоқ!
Жалқаубек: көрпесі мен жастығын сүйретіп ренжіп кетіп қалады.
Тәрбиеші: Балалар, біз еріншек Жалқаубектен құтылдық. Егер оған еретін болсақ жаман оқушы болар едік. Бүгін біз мерекемізге ертегі кейіпкерін шақырдық! Ол сендердің білімдеріңді тексереді. Кейіпкеріміз келгенше маған жазды қалай өткізетіндерің жайлы айтып беріңдерші. Сендер жазғы демалыста қайда барасыңдар?
Ән: «Мен ауылға барамын»
(Қол соңып ортаға Тапқышбек келеді.)
Тәрбиеші:- Балалар, біздің қонақты таныдыңдар ма?
Балалар: - Тапқышбек
Тапқышбек: Дұрыс таптыңдар.Ал мен балалардың мектепке дайындықтарын тексеру үшін келдім. Математика ең қажетті ғылым. Ал, ол үшін цифрларды білу керек. Және олармен дос болу керек.
Жүргізуші: Балалар, дайынсыңдар ма?
Балалар: иә!
Тапқышбек: Тырнаның сабағына 5 сауысқан ұшып келді. Солардың ішінде тек үшеуі ғана сабақ қарады. Сабаққа неше сауысқан ұшып келді?
Балалар: бес
Тапқышбек: Жарайсыңдар дұрыс. Тиінге қонаққа көршісі келді. Бұтақта отырып бес- бес жаңғақтан жеді. Тиіндер неше жаңғақ жеді, қане, санап көрейік!
Балалар: тиіндер он жаңғақ жеді.
- Біздің туған еліміз қалай аталады?
- Туған жеріміздің астанасы қай қала?
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- ҚР рәміздерін білесіңдер ме?
- Туған жер туралы кім тақпақтар біледі?
Медина:
Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
Радмила:
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын!
Адема:
Қазақтың туың ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұрата аян ғаламға
Беделі биік, күшті адам!
Айым:
Ағаштары тербелген,
Үлкен қала — Астана.
Биік - биік үйлері,
Әсем біздің Астана!
Қол соғайық қанеки,
Жаса мәңгі Астана!
Ел жүрегі Астана,
Арай:
Жаңа қала, жас қала.
Зәулім, сәнді үйлері,
Үлгі болған басқаға.
Астана, Астана!
Ел тілегі — бас қала!
Астана, Астана!
Ел жүрегі — Астана
- Неше жыл мезгілі бар?
- 1 аптада неше күн бар? Атап шығыңдар.
- Осы білімнің бәрін неден үйрендіңдер? Кітап туралы тақпақ білесіңдер ме?
Айғаным:
Сауатымды ашатын
Кітап білім бұлағы.
Нұрын бізге шашатын
Ол – өмірдің шырағы.
Жансая:
Кітапта алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
Дильназ:
Талап қыл артық білуге,
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбайұлы.
Г.Дильназ:
Кітап сенің қазынаң,
Кітап сенің жан досың.
Біліміңді асырар,
Кітап сенің бақ құсың.
Арыстан:
Аралайтын ішін сен,
Тау мен
Дала,
Жазығың.
Кітап дейтін түсінсең,
Ақыл-Ойдың азығы,
Қадір-қасиет қазығы!
Диляра:
Кітап деген басыңдағы білімің,
Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.
Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,
Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.
- Ал енді сендер сауат ашу сабағынан дыбыстарды өттіңдер. Бар дыбыстарды білесіңдер ме?
Иә!
Ән: «Әліппе»
Тапқышбек: балалар сендер өте білімді екенсіңдер. Әр қашан осылай жақсы оқыңдар.
Тәрбиеші: біздің балалар біліммен қатар өнерді алып жүреді, тамашалайсыз ба?
Тапқышбек: Иә.
Би: Аружан «Мен - биші қыз»
Ән: «Қошақаным»
Би: «Теңізшілер»
Би: «Көбелек биі»
Тәрбиеші: Тапқышбек міне, біздің балалар осындай өнерлі. Қанағаттандың ба?
Тапқышбек: Әрине, өнерлерін үстем болсын. Мен сендерге манадай мақтау қағаздарын сыйлайын деп тұрмын, себебі өте өнерлі, білімді екенсіңдер.
Тәрбиеші: Сөз кезегі мектеп директоры Байбурина Әмина Нәбиқызына беріледі.
Марапаттау.
Әдемі әуенмен балалар қолдарына шарлар алып соңғы әндерінайтуға шығады.
Ән: «Мен оқушы боламын»
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі