Өлең, жыр, ақындар

Достық өлкесінің заңы

Ақтөбе қаласы, Ақтөбе орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Молдашева Алтынгул Асхатовна

 

Пәні: Әдебиеттік оқу 3 класс

Тақырыбы:  «Достық өлкесінің заңы»

Мақсаты:

1) Өлеңді өмірмен байланыстыра отырып, өлең мазмұнын меңгерту. Өлеңдегі ізгі қасиеттерді тани отырып, оларды өз бойларынан таба білуге үйрету.

2) Оқушыларды мәнерлеп оқытуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.

3) Оларды достыққа, адамгершілікке бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жұппен жұмыс, әңгіме кестесі.

Көрнекілігі: слайд М.Шахановтың суреті, суреттер, кесте, бағалау бетшесі.

Сабақтың барысы: 

I. Ұйымдастыру.
Топқа бөліну (Геометриялық фигуралар арқылы төрт топқа бөліну):

І.топ – Сұңқар
ІІ.топ – Тұлпар
ІІІ.топ – Барыс
ІV.топ - Қыран

Балалар «Дос» деген сөзді қалай түсінеміз? Әр топ өз жауаптарын айтады. Топтарға тапсырма: Достық туралы мақал-мәтелдер айтқызу
Дос болсаң берік бол,
Досыңа серік бол.

Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды

Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.

Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.

«Дос» адал және амал дос болады. Қанеки, қай топ айтады амал доспен адал дос қандай болатынын?
Адал дос: көмектесу, сыйластық, құрметтеу, кемшілігін бетіне айту, жанашыр.
Амал дос: өзінің қамын ойлау, өзгеге жақсылық ойламайды, досының жетістігін көре алмау, сатқын, арам.

II. Үй жұмысын тексеру «Сиқырлы әріптер»
Әр топ үлестірмелі қимадағы сұрақтарға жауап беріп, әріптерден сөз құрай отырып, жаңа сабақ тақырыбын шығарып алу.
1-топ ( с, ы, қ, д, т, о)
Шыңғыстың егіншілерге берген төлемі жөнінде әңгімеле. Шыңғыс сұлтанның шешіміне өз көзқарасыңды білдір. 
2-топ (өл, сі, ке, нің)
Мәтінде ұлттық әдеп туралы не айтылған. 
3-топ (ң, з, а, ы) 
Жер қорушының берген батасы.
4-топ (ш,с,т,о)
III. Жаңа сабақ.
1. Мағынаны тану. Слайдқа назар аударайық (М.Шахановтың өмірінен үзінді көрсету)
М. Шаханов туралы мәлімет беру
1942 ж 2 шілде Қазақстанның халық жазушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ақын, сазгер, қоғам қайраткері. Әкесі Досболов Шахан «Түрік халықтары арасынан анасы Ұмсын ең үздік әлем ақыны» атағының иегері. «Жалын» журналының бас редакторы «Мемлекеттік тіл қоғамдық қозғалысының төрағасы М. Шаханов шығармаларының тақырыптары: Отан, Тарих, Табиғат, Достық, Махаббат.
2. Оқулықпен жұмыс
І.топ – Сұңқар•1,2,шумағын

ІІ.топ – Тұлпар• 3,4,5, шумағын

ІІІ.топ – Барыс•  6,7 шумағын

ІV.топ - Қыран • 4-топ 8,9 шумағын
балалар  өлеңнің мазмұнын қарапайым қара сөзбен әңгімелейікші.

Сұрақтармен жұмыс
- Өлең кімнің атынан баяндалып тұр?
- Мұхтар мен досы әжесінен неге қатты қорықты?
- Әжесі неге немересін жазалаусыз қалдарды?
- Баланың орнында болсаң сен не істер едің? (Қай топ сұраққа жауап береді, сол топ жұлдызша алып отырады)

3. Дәптермен жұмыс
Балалар дәл осындай сәт сіздіңде басыңыздан өтті делік, осындай жағдайда қандай әрекет етесіз соған екі-үш сөйлем жазайық. (дәперге жазылған жауапты әр тооптан екі оқушыға оқыту. Жауабы толыққанды топқа жұлдызша беріледі)

IV. Сергіту «Бір-біріңе жақында» тренинг.
Мақсаты: Бір- бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру. Сіздер билеп жүресіздер де менің айтқанымды орындайсыздар. Мен «бір-біріңе» деп айтқан кезде, өздеріңізге жұп тауып аласыздар. Жұбыңызды тапқаннан кейін мен берген тапсырмаларды орындайсыздар. Енді бір-бірлеріңізге қол беріп, бір-біріңнің аяғына – аяғыңды, мұрынды-мұрынға, құлаққа- құлақты, бетке- бетті тигіземіз. Осыдан кейін кайтадан өздеріңе жұп тауып алып, жаңа жасаған әрекеттерді қайталаңыздар. 

VI. Топтық жұмыс. Суреттер үлестіріліп беріледі.  Берілген суреттер бойынша постер құру.

VII. Сабақты қорыту.
1. «Әңгіме кестесі» әдісі

• Шығарманың тақырыбы:
• Авторы:
• Кейіпкерлері:
• Оқиға орны:
• Болған жағдай:
• Мұхтар саған ұнады ма? Себебі?
• Шығарманың негізгі идеясы

Топтарды жұлдызшамен бағалау
2. Әр топ конфетте жазылған сөздерді жинақтап қорытынды жасау.

1-топ. «Достық» туралы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
2-топ. «Адал дос» қандай болады?
3-топ. «Амал дос» қандай болады?
4-топ. «Дос» деген Кім? Қандай болу керек?

Бағалау: Қай топтың берілген жауабына қарай алған жұлдызшаларын есептеп, қай топ жеңіске жеткенін хабарлап, бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз