Өлең, жыр, ақындар

Диалог

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Бозтал орта мектебі
Абыкеева Бекзат Конакбаевна

Сынып: 8

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диалог

Сабақтың мақсаты:

а) Диалог туралы түсінік беру және тыныс белгілерін меңгерту;

ә) Оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып, сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру, білімін дамыту, сауаттылыққа баулу, сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, талдау, шығармашылық жұмыс, қойылым қою.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар, бейнежазба.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

а)  Қызығушылықты ояту:

 Ынтымақтастық ахуал. Түстер арқылы топтарға бөлу

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

1. 258- жаттығу. Жаттығу жұмыстарын ауыстыра отырып тексереді.

Бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Артта қалып жатыр, қалып жатыр. Көшелерге, үйлерге көз тастасаң. Күтіп, сақтанып, бұғып, қымтанып алған. Ормандар, деревнялар, сиыр табындары, қой отарлары қалып бара жатты.

2. Өткен тапсырма бойынша сұрақ- жауап. Топ бойынша өздері әзірлеп келген сұрақтарға жауап береді.

Бейнежазба: екі адамның сөйлесуі арқылы жаңа сабаққа шығу

б) Ой қозғау:

- Бейнежазбадан сөйлесудің қай түрін байқадыңыздар?

- Диалог деген не,оның қандай ерекшелігі бар?

(Берген жауаптарын салыстыра отырып өздігінен оқулықтан оқып жаңа сабақпен танысады)

в) Мағынаны тану:

Диалог - сөйлеу, әңгімелесу деген сөз.

Көркем шығармаларда екі я одан да көп адамдардың бір-бірімен тікелей  сөйлескен сөздері беріледі. Екі кісінің осындай бір-бірімен тікелей сөйлескен сөзін  диалог деп атайды. Диалог көркем шығармада ғана емес,ауызекі сөйлеу тілінде де қолданылады.

Диалогте әрбір кісінің сөзі жаңа жолдан басталып,алдына сызықша қойылып жазылады.

(қосымша қандай мәлімет алды білімдерін толықтырады)

Диалогтің мәдениеті мен өзіндік талаптары:

(Интербелсенді тақтада жазылған)

 * Әңгімелесуші жұптың әрқайсысына ойын өз кезегінде жеткізу мүмкіндігі тудырылады;

 * Әңгіме түсіністік, сыйластыққа құрылып, белгілі бір мақсатқа (қажетті мәселе төңірегінде шешім қабылдау, бір нәрсенің дерегін білу, сезім, көңіл күйді білдіру,т.б) негізделеді

*  Бетпе – бет отырып, бүкпесіз ашық әңгіме жасау;

*  Өз ойының қоршаған ортаға мәні барын ескеру.Себебі диолог кейде тәрбиелік мақсаттағы арнайы тақырыпта өрбісе, кейде екі адамның сөзіне түсу  куә болған жанға тағылымдық сипаты болып жатады.

г) Білімді бекіту:  

Дәптермен жұмыс: 288–жаттығу. Ақын өлеңін оқи отырып, диалог барысында туған ой жөнінде жұптасып пікір алмаса отырып, өз тұжырымдарыңды бір диалог ретінде қағазға түсіріңдер. Төмендегі диалогті рөлге бөліп мәнерлеп оқыңдар.

- Құс аулауға шығамысың?
- Шығамын.
- Атқаныңды жығамысың?
- Жығамын.
-  Мә, мылтығым, атамысың?
- Атамын.
- Сен атып қайт,
Мен демалып жатамын.
- Құсың қайда, қарағым-ау?
- Атпадым.
- Таппадың ба, тоғайдан құс?
- Таппадым.
- Көп еді ғой көлде құс ...
- Көп екен.
- Неге атпадың?
- Түк дәлелім жоқ екен.
- Атуға сен қимадың ба?
- Қимадым
Туған жердің құстарын да сыйладым.    (Ә.Тәжібаев)

д) Шығармашылық жұмыс:

І топ «ЭКСПО- 2017» қатысты диалог құрастырады.

ІІ топ  Сурет бойынша диалог құрастырады.

ІІІ топ Мәтінмен танысып, жұптық қойылым ретінде ұсынады.

Жаңа қойылым қойдық. Жазу мен ауызша айтылу арасында қандай өзгерістер бар екен?

е) Тақтамен жұмыс:

Әр топқа 2 сөйлемнен тұратын тапсырма беріледі. Сөйлемгде қалдырылып кеткен тыныс белгісін қойып шығады. 6 оқушы тақтада орындайды. (интербелсенді тақтаға шығарып қою)

І- тап  –  Папа, мен - солдатпын Қарашы

          -    Иә, ұлым, сен - солдатсың

ІІ – тап – Папа ,сен пилотканы қайдан алдың

             - Бұны маған атаң берген

ІІІ- тап – Суреттегі соғысқа кеткен атам ба

            -  Иә, Абайжан, бұл сенің атаң

Қорытынды: «Ертегі диалог» әдісі:

Өзім бастаймын оқушылар жалғастырады. Ескерту: ертегіде міндетті түрде диалог болсын.

Рефлексия:

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйде өз қалауларың бойынша ойша диолог құрып келу.


Пікірлер (4)

Жылқайдар Жасұлан

оте жақсы жазылған

Бегимаиым

Оте жаксы жаздин

Сунгат

Мынуын жаксы екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз