Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№16 колледж директорының өндірістік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары
Момынов Абдрахман Әбдіжаппарұлы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында кәсіптік білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттігіне айрықша назар аударды. Жастардың білімін жетілдіру үшін қажетті жағдай жасау туралы «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек… Біздің басты мақсат – 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін нақты мақсаттар жүктеді.
Алдымен жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру қажеттігін басты міндет ретінде белгіледі.
Бүгінгі күні біздің, білім беру ұйымдарының алдында еңбек нарығына қажетті, бәсекеге жарамды кәсіби білікті мамандарды даярлау міндеті тұр. Осыған байланысты кәсіптік және техникалық білім беруде өндірістік тәжірибенің маңызы зор. Студенттерге арналған өндірістік практиканы ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319-ІІІ Заңына (2016.09.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Білім туралы Заң), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексіне (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК), сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Өндірістік тәжірибе колледж студенттернің орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі.
Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға, әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.
Өндірістік тәжірибе – әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және дипломдық жұмысты орындауға ақпарат жинау.
Заман талабына сай оқытудың жаңа жүйелері өндрісітік оқыту мен тәжірибеге аса көңіл бөлуді талап етеді. Атап айтқанда модульдік оқыту, дуальдық оқыту жүйелері бойынша студенттер 40 пайыз теорияда, 60 пайыз өндірісте өткізуге бағытталған.
Оқу орны, оқу жылының басында кәсіпорындармен екі жақты келісім-шартқа (келісім-шартта екі жақтың талап-міндеттері толық көрсетіліп жазылады) отырып, келісім шарт негізінде студенттер кәсіпорын басазында тәжірибеден өтеді. Кәсіптік тәжірибенің маңызы, студенттің теориялық білімін шыңдап, тәжірибе барысында бекіту болып табылады. Кәсіби тәжірибенің артықшылығы, студент кәсіпорынға барған күннен бастап өзін маман ретінде ұсынады, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады, өздігінен шешім қабылдау, әрекет ету қасиеті дамиды, болашақ кәсіптік жарамдылығын өндірісте сынайды. Тәжірибе барысында өзін жан-жақты көрсету арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады.
Кәсіптік тәжірибе барысында көзбен көріп, қолмен жасап үйренген, машықтанған студенттің болашақ мамандығының жаңа сатысына өтіп, оқу бітіріп жұмысқа орналасу кезінде мәселелер болмасы анық.
Қазіргі таңда, өндірістік зертханалардың мамандықтарға сай жабдықталуы төменгі сатыда. Тек, жұмысшы мамандарды даярлайтын оқу орындарының басым көпшілігінің өндірістік зертханалары нормативтік-актілерге сәйкес жабдықталған. Бұл жағдайдың білікті маман даярлауда жағымсыз факт екенін ескеретін болсақ, түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі де қиындайтыны сөзсіз. Осы орайдағы мәселенің шешімі-әлеуметтік серіктестер деп ойлаймын. ТжКББ мекемелері әлеуметтік серіктестердің сұранысына ие мамандықтарды даярлау керек.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі