Өлең, жыр, ақындар

Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі

Сабақ:сауат ашу№ 61

Мектеп: «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп-МДШО»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Омарова С.

Сынып:  1а

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы

Менің отбасым.М дыбысы мен әрпі

Оқу  мақсаты

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы,мәндес,көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

1.2.9 .1  Әріпті тану және ажырату,оны дыбыспен сәйкестендіру

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңында тиісті белгілерін қою

1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.

Критерий

М дыбысы мен әрпін ажыратады,әріпті дыбыспен сәйкестендіреді

Сөз,сөйлем сызбасын оқиды. Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы,мәндес,көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады

Құрамында М әрпі бар сөздерді оқиды

Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге қатыстылығын түсіндіреді.

Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады

Алдындағы білімдер

Әртүрлі мақсатта жазылған мәтіндерден негізгі ойды анықтап,өз іс-әрекетіне рефлексия жасай алады

                                                         Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған тапсырмалар

Дереккөздер

/Ресурстар/

Басы

Көңіл –күйлеріңіз қалай?

Керемет! (Қолдарын көтереді)

Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)

Ынтаңыз ше?

Ғажап! ( Қолдарын көтереді.)

Ендеше сауат ашу сабағын  бастайық!

-Өткен сабақта біз қандай әріппен таныстық?

Ол қандай дыбыс?Тақтайшаларыңа жазып көрсетіңдерші бұл әріпті.

Буындар жазу:ды  ыс  ты ры сы шы  ны  уы

Жұмбақ

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.Ол кім?(ата)

Қаблиет өзінің атасы туралы тақпақ айтады

                                     Ата

                             Айтады ертек жан атам,

                             Ақ сақалын салалап.

                             Құмарымды тарқатам,

                             Жер мен көкті аралап.

                             Ертегілер еліне,

                             Бір шегетін сапары,

                             Ардақтаймын өмірде,

                             Асқар таудай атамды.

 

Аймалайды күнім деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп.

Тәтті – ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім?(Әже)

Санжар әжесі туралы тақпақ айтады

                             Менің әжем.

                             Маған ақыл беретін,

                             Әжем менің асыл жан,

                             Сипап жақсы көретін,

                             «Құлыным» деп басымнан.

                             Жақсылыққа үйретіп,

                             Жамандықтан шектейді,

                             Ертегі айтып беретін,

                             Әжеге ешкім жетпейді.

Атаңның баласы

Кей кезде таласып,

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге?

Ол кім? (Әке)

Хамзаның әкесіне арналған өлеңін тыңдайық!

Әке

Атам айтса «Ұлым» деп,

Әжем айтар «Күнім» деп,

Екеуінен қаймығып,

Айтады әкем «Інім» деп.

Ықыласы бір менде,

Бір шытпайды қабағын.

Үйде, түзде жүргенде,

Соған ұқсап бағамын.

 

                                   Бала, бала, бала деп,

                                   Түнде шошып оянған;

                                   Түн ұйқысын төрт бөліп,

                                   Түнде бесік таянған;

                                   Аялы қолда талпынтқан;

                                   Айналасына ас қойып,

                                   Өзенді көлдей шалқытқан;

                                   Қолын қатты тигізбей,

                                   Кірлі көйлек кигізбей,

                                   Иісін жұпар аңқытқан.

                                   Қаймақты сүттей қалқытқан;

                                   Суық болса жөргегін,

                                   Қорғасындай балқытқан;

                                   Бұл кім?  (Ана)

Аналарың туралы не айтасыңдар?

Толғанайдың анаға арналған өлеңін тыңдайық!

Анамызға мың алғыс

Аялаған, баптаған,

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.

Анамызға мың алғыс!

Жұмбақта кімдер туралы айтылған? Әке,ана,ата,әже

(сөздерді орысша,ағылшынша айтады)

Отбасы туралы әңгімені бекер көтермедің,себебі

Ортақ тақырып «Менің отбасым»деп аталады

 

 

 

 

 

 

 

Магниттік тақтайша

 

 

 

http://erketai.kz/ustazdarga/ustazdar-enbegi/auydin-auleti-ertegi-misal/

 

алдын ала оқушыларға тақпақтар беріледі

 

 

флипчарт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

Қандай әріппен танысатынымызды білу үшін мына дыбысты тыңдаңдаршы

(Мысықтың даусы естіледі)Бұл не?

Қандай дыбыс шығарды?Мяу

Мысық сөзі қандай дыбыстан басталады?

Ол қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Неліктен? Мысық сөзіне дыбыстық талдау жасау

М әрпінің баспа,жазба түрімен таныстыру

М әрпі неге ұқсайды?

(Ж)Оқушыларға қарындаштың көмегімен М әрпін құрастырады.

№1 тыңдалым

Суреттегі кімдер?Мерей мен Әли.

Олар не істеп отыр?

Сергіту сәті

 Ағылшынша «My family»әнін орындайды

туыстық атауларды білдіретін сөздерді дұрыс айтады;

№2 тыңдалым

Ең үлкен ата,

Атын ата.

Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді.Үлкен сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді айт.

(Т)Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан.

Бәріне де ең жақын

Айтады, қане, кім атын?

«Сөз жинау»ойыны

Бірінші сандыққа М әрпіне басталатын,екінші сандыққы М әрпі сөздің ортасында,үшінші сандыққа М әрпіне аяқталатын сөздерді салады

Сергіту сәті

«Топ-топ-топ»әні

Дәптермен жұмыс

№2 М әрпінің жазылуы

http://boobooka.com/zvuki/zvuki-zhivotnyx/zvuki-myaukane-koshek/

флипчарт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды оқулық

1сынып

Ағылшын тілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды оқулық

«Әліппе»

М дыбысы мен әрпі

https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA

Электронды оқулық

Соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

Не жайлы айттық?Отбасындағы адамдар қалай өмір сүреді?Қандай әріппен таныстық?

«Бағдаршам»сигналдық картаның көмегімен сұрақтараға жауап алу

-М дауыссыз дыбыс(жасыл)

-М дыбысы сөздің тек басында ғана кездеседі(қызыл)Неліктен?

-М дыбысы созылмайды(жасыл)

-Әке деген сөзді ағылшынша mothe дейді(қызыл) Себебі...

-Кемпір сөзінде М дыбысы бар(жасыл)

-Мақта сөзі бір буыннан құралған(қызыл) Неліктен?(оқушылар дәлелдейді)

«Басбармақ»

 

 

 

«Бағдаршам»

сигналдық карта

       

Қосымша мәліметтер

 

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

 

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

 

Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік,АКТ-мен байланыс.Құндылықтармен байланыс(Тәрбие элементтері)

Мақтау,мадақтау

Төрт оқушыға алдын ала тапсырма беру

«Бағдаршам» сигналдық карта

Магниттік тақтайша арқылы,елестету

Оқушыларды отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Орыс ,ағылшын тілі

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландың?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз ( оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:


Пікірлер (2)

Ақерке

Өте тамаша

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер