СҚО Уәлиханов ауданы
Бидайық орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Нұрғазина Үмітжан Мұхатқызы
3- сынып
Тақырыбы: Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар
Мақсаты: Оқушыларға мақалдың мағынасын ашқыза отырып, білімді мыңды жыға алатындығын дәлелдеу барысында ойнай отырып, білімдерін шыңдау. Логикалық ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
Көрнекілігі: алфавит, жоспар, сандық, жұлдызшалар, құмсағат, конверт, мальберт, плакат, маркерлер.
Әдіс – тәсілдер: Алфавит тізбегі, Бұрыштар стратегиясы, сыни тұрғыдан ойлау
Барысы: Психологиялық дайындық
Әліпбидегі әріптер бойынша бір – біріне бір сөз айту. Мысалы,
Сен А – ақылдысың, Ә - әдемісің, Б – бақыттысың т.с.с.
Тақырыпты ашу. Ребус шешу, тақырыпты оқу.
Дәптерге бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.
Шағын пікірталас. «Бұрыштар стратегиясы».
«Білімді мыңды жығады» деген сөзді қолдайтында оң жаққа шықсын,
«Білекті бірді жығады» деген сөзді қолдайтында сол жаққа шықсын.
Әр топ өздері қолдап шыққан сөздерін, дәлелдеп айтып шығады.
Ал ендеше, білекке сенейік пе, білімге сенейік пе? (Білімге).
Олай болса, бүгінгі сабақта білмімізді ортаға салып, бірнеше кезеңдерден өтіп, «Білімді мыңды жығады» деген сөзді дәлелдейік.
Жоспармен таныстыру.
1 кезең: Білімді болсаң, байқап көр (сұрақ -жауап)
2 кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр (логикалық жауап)
3 кезең: Ойлы болсаң, озып көр (Бір сөзден, бірнеше сөз құрастыру)
4 кезең. Тіл -өнер (үш тілде жауап беру)
5 кезең: Шығармашыл болсаң, тығырықтан шығып көр
1 кезең: Білімді болсаң, байқап көр (сұрақ -жауап)
Сандықтан сұрақтар алып, жауап беру. Жұлдызшалар алу.
Сұрақтар:
1. Мемлекеттік рәміздерді ата? (Ту, елтаңба, әнұран)
2. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991ж, 16 желтоқсан)
3.Біз қай мемлекетте өмір сүреміз? ҚР қандай мемлекет? (Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел)
4.Мемлекетіміздің астанасы қай қала? (Астана)
5. Тудың авторын ата? (Ш. Ниязбеков)
6. Әнұранның әні мен сөзін жазған кімдер? (Сөзін жазғандар: Н.Ә. Назарбаев; Ж. Нәжмиденов, әнін жазған Ш.Қалдаяқов)
7. Ұлттық валютаны ата? Валютамыз қай жылы шықты? (Теңге, 1993 жылы)
8. Биылғы Жолдау қай күні жолданды, тақырыбы қалай аталады?
9. Елтаңбаның авторларын ата
10. Жолдаудың басты мақсатын ата?
11. Біздің өңірден шыққан атақты адамдарды ата?
12. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
13. Гимннің жаңа мәтіні қай жылы қабылданды? (2006 ж)
Жақсы, балалар. Енді жұлдыздарды санайық. Ең көп жұлдыз алған оқушы, менің қолымдағы конветті ашады.
2 кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр (логикалық жауап)
Әр топ қандай әріп алса, мұғалім қойған сұрақтарға сол әріптен бастап жауап беруі керек.
Бұл кезеңнен де, мүдірмей өттіңдер, үш қол шапалақ.
3 кезең: Ойлы болсаң, озып көр (Бір сөзден, бірнеше сөз құрастыру)
Берліген сөзден, бірнеше сөз жазу. 3 минут уақыт ішінде, құмсағатты қою.
1 топ: Қазақстан (қазақ, тақ,ас, ат, ақ, тас т.с.с)
2 топ: Тәуелсіздік (ел, тәуелді, із, кез, тез т.с.с)
Жақсы балалар, қай топ жылдам екенін анықтадық. Енді «Білекті бірді жығар» демекші, күш сынасып көрелік.
Сергіту сәті. Күш сынасу. Оқушылар орындарынан тұрып, өздерін еркін сезініп, өзі қалаған оқушымен күш сынаса алады.
Жарайсыңдар, балалар. Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл? Қазір тілге деген заман талабы қандай? Біз қандай тілдерді білуіміз керек? Ал сендер, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін де оқып жүрсіңдер. Ендеше, осы сабақтар бойынша білімдеріңді тексеру мақсатында, келесі кезеңнен де өтейік.
4 кезең. Тіл -өнер (үш тілде жауап беру)
Мұғалім мақалды оқиды, оқушылар жалғастырып айтады, сол сөзді үш тілде айтып беру тапсырылады.
Ақыл - ... (дос, друг, ................)
Білім нұрын шашады. (Кітап, книга, ...........)
6. Мектеп - кеме,
............. – теңіз. (Білім, знание, ..............)
7. Ер елінде ... жерінде (гүл- цветок-flower)
5 кезең: Шығармашыл болсаң, тығырықтан шығып көр
Бүгінгі сабақ не туралы? (білім)
1 топ: Білімді суретпен бейнелеу. (сурет салу)
Білімді қайдан аламыз?(кітаптан)
2 топ: Кітап туралы өлең шығару.
Білімді кім береді? (ұстаз)
3 топ: Ұстаз туралы ән айту
Білім бізге қажет пе?(қажет)
4 топ: «Білімсіз күнің жоқ» атты эссе жазу.
Әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды.
Қорытынды:
Балалар, «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» деген мақалдың мағынасын ашып, бүгін дәлелдей алдық деп ойлаймын. Сендер бүгін бар білімдеріңді ортаға салып көрсете алдыңдар. Жарайсыңдар! Менің сенімімді ақтадыңдар. Елдің ертеңі болар азаматсыңдар. Сендерге ризамын. Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет!
Үйге тапсырма:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі